Астықты қабылдау технологиясы Қабылдау технологиясы мына үрдістердің жиынтығынан құралады:
астықтың сандық және сапалық көрсеткішін оруы алдында алдын ала анықтау;
егіс даласынан комбайндермен майдаланған астықты жеткізу схемаларын бекіту;
автомобилдермен тасмалданатын астықты жеткізу үшін сағаттық және тәуліктік сызықтама кестесін жасау;
астықты дер кезінде қабылдап және өңдеу жұмыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырып жүргізу үшін технологиялық картаны құрастыру;
қабылдау лабораториясының, таразылардың, аудару қондырғыларының қабылдау мүмкіншіліктерін анықтап оған сәйкес келетін өнімділікпен технологиялық жабдықтау;
қабылдау схемасы әр партияның дақыл дәндерінің сандық және сапалық өзгешіліктеріне байланысты аралыстырмай жекелеп жүргізу үрдісін қамтамасыз етуді талап ретінде орындау;
әр түрлі мақсатта пайдаланылатын партияларды құрастырылуын міндетті және осыған байланысты жинақтау қораптарын қолдануы қажет[7].
Осы аталған технологиялық үрдістер бекітілген ұйымдастыру ережелерімен жүргізіледі. Сондықтан астық кәсіпорындарына қабылданатын әр партиядан үлгі алып, қабылдау лабораториясында стандарттық әдістемеге сәйкес үлгілерді алып тәуліктік орта үлгісін жасап, негізгі дәндердің талдау көрсеткіштерін анықтайды. Олардың қатарына біріншіден ылғалдылық, қоспа мөлшері және құрамындағы түрлері, 1 литрлік салмағы граммен (натура), бидай үшін шынылығы, сағыздығы, басқа дән, бұршақ, май дақылдары өздеріне тиісті көрсеткіштері үлкен дәлдікпен бағаланады. Астықтың өңдеудің жайғастырудың және сақтаудың талаптарын орындау үшін оның күй жағдайын және сапалығын сипаттайтын көрсеткіштердің атқаратын рөлі өте үлкен.
Бұл алға қойылған мақсаттарды орындау үшін астықтардың дақылдар түрлеріне байланысты жасалынған дайындау товарлы классификациясын дән, бұршақ және май дақылдарын өзінің технологиялық құндылығына сәйкес топтап белгілі мақсаттарға байланысты ұндық, макарондық, жармалық, крахмалдық, спирттік, майлық, сыралық партияларын құрастырады.
Астық кәсіпорындарында қабылдау кезінде қолданылатын мақсатты партияларды қалыптастыру, тамақтық бұйымдардың ассортиментін кеңейтіп , өңдеу өндірістерінің тиімді жұмыс істеуін жоғарлатады. Өңдеуге дейін, шахтылы кептіргіштерді тиімді дұрыс қолдану үшін, астық дақылдарын (күріш пен жүгері сабағынан басқасы) ылғалдылығы мен қоспасының мөлшеріне байланысты топтарға бөледі:
А)ылғалдылығы бойынша:
-құрғақ және орта құрғақты бірге;
-ылғалды (2 метрге дейінгі үйменің биіктігі);
-өте ылғал (ылғалдылық шамасы 22% дейін, жайғандағы үйме биіктігі 1,5 м дейін);
-өте ылғал (ылғалдылық шамасы 22%-тен жоғары, 6%интервалмен үйме биіктігін 1м биіктікке дейін, ал жүгері дән үшін 5%-интервалмен жайғастырады).
Б) қоспалары бойынша:
-таза және орташа таза;
-қоспалары шектеулі кондицияға дейін;
-қоспалары шектеулі қоспалардан жоғары.
Әр түрлі дақылдарға байланысты астықтың ылғалдылығы мен ластану қоспаларының интервалдық шектелу деңгейлері 1-кестеде берілген.
Технологиялық тізбекте рециркуляциялы кептіргіш қолданған кезде астық партиясын ылғалдығы мен қоспасына байланысты құрастырып топтауды қажет етпейді. Жаңа орылған астықты әр уақытта шаңнан және құрамындағы қоспаларынан тазартып тұру негізгі талап ретінде қойылады. Өте ылғал астықты кептіруге дейін желдету қондырғыларына орнатылған астық қоймаларына немесе алаңға жайғастырылуы дұрыс болып саналады[4].
Дәндік, бұршақты және майлылық дақылдардың ылғалдылығы мен ластығының арамдық және дәндік шөп қоспаларына байланысты жағдайы.
1-кесте