Реферат орындаған: АдыловаА. С тексерген: Утеева А. Б



Дата12.04.2022
өлшемі81,15 Kb.
#138998
түріРеферат
Байланысты:
Адвокаттың ораторлық өнерінің негізі, адвокаттың соттық шешендігі.
понятии о Жанровые формы и функции современной журналистики, Основы псих.консульт 2010, 2 лист когн.псих добав, Эксперим.психология 2011, Риски в комм. деятельности (А.А. Зырянова и др.), 2015, Риски в комм. деятельности (А.А. Зырянова и др.), 2015, Введение в педагог.деятельность Чугаева И.Г. (1), МАТЕМАТИКА ОГН Каз 120, Документ Microsoft Word (2), Ерекше білім беруге , TEST-STR-BANK-MEN-21-осн-222, TEST-STR-BANK-MEN-21-осн-222, TEST-STR-BANK-MEN-21-осн-222, TEST-STR-BANK-MEN-21-осн-222, Билеты CТРАТЕГ-РК-111

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қайнар академиясы


РЕФЕРАТ

Орындаған:АдыловаА.С
Тексерген: Утеева А.Б

Адвокаттардың сот өндірісіндегі шешендік өнерін жетілдіру


Еліміз егемендікке ие болып, өркениетті құқықтық мемлекет құруға шындап бет бұрған қазіргі таңда әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті жоғары деңгейде болуы шарт.
Конституция мен басқа да заңдарда өздеріне берілген қарапайым құқықтық нормаларды білмеудің салдарынан азаматтардың опық жейтіні жасырын емес. Міне осыдан келіп, адвокаттық қызметтің қажеттілігі туындайды.
Адвокаттың сот өндірісіне қатысуы – ҚР Конституциясы мен қылмыстық іс жүргізу заңдары бойынша айыпталушының қорғау құқығын жүзеге асырудың маңызды құралы екендігін біз бәріміз жақсы білеміз және білуге тиістіміз.
Қылмыстық іс жүргізу бойынша басты сот талқылауында адвокат-қорғаушының рөлі өте маңызды және мәнді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қорғаушының қызметі қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың негізгі кепілі болып табылады.
Сотта сөйлеу – қылмыстық сот өндірісіне қатысатын прокурор, қорғаушы және басқа қатысушылардың өте күрделі және жауапты сәттерінің бірі.
Шынында, ешқандай іс жүргізу әрекетіне, сот жарыссөзінде сөз сөйлеу тәрізді жан-жақты, көптеген талаптар және сондай тыңғылықты дайындықта қажет емес. Мен өз жұмысымда негізінен адвокаттардың сот өндірісіндегі шешендік өнерін, оның ішінде оның қорғау сөздерінің мазмұнын ашуға тырыстым.
Қазіргі таңда, бұл мәселелерді зерттеген мақалалар, оқу құралдары көптеп шыға бастады. Оған қуануға болады. Бірақ егер адвокат монографияда, мақала да, әдістемелік құралдар да қорғаушының сөзі өзі-өзінің кәсіби шеберлігін көтеруді күнделікті жүзеге асырмаса, бірде-бірі көмектесе алмайды.
Сондықтан, барлық заңгер-авторлар, оның ішінде мен өзім де, адвокаттарға және болашақ адвокат боламын деген үміткерлерге өздерінің кәсіби біліктілігін жұмыс тәжірибесіндегі Қазақстан Республикасы заңдарымен ғана көтеруге болмайтынын, қазіргі кездегі және кеңестік, қазіргі қазақстандық заңгер-адвокаттардың, өткен шешендік өнердің үлгілі тәжірибелерін пайдалансақ, әрі қарай қызметімізді кәсіби, жоғары дәрежеде атқаратынымызға сеніміміз зор.
Бұл мәселелер бойынша көрсетілген бекітулер, ұсыныстар және пікірлер қазір барлық елде, барлық мемлекеттің адвокаттарына тән нәрсе. Рас, теория практикамен сай келмеуі де мүмкін. Өйткені, қазір бізде заман да заң да өзгерді. 70 жыл Кеңестер Одағының қарауында болған кезде қазақтың атақты би-шешендерінің шешкен даулары, шешендік сөздері тарихтың астарында қалып қойды да, сот мәжілістеріндегі қорғау сөздері де айыптау сөздері де қатаң регламенттелген заңдарға ғана негізделіп, формальды күйде ғана өтіп отырды.
Қазір енді нарықтық экономикалық қатынасқа көшуде қазақ халқына дінімен қатар тілі де оралды. Енді процестердің көпшілігі қазақ тілінде өтіп, қылмыстық іс жүргізу заңдарының баптарында жоқ, сот мәжілісінің мәдениеті, сот этикасы деген терминдермен бірге «сотта сөйлеу өнері», «сот шешендігі» деген терминдер кірді. Бұл терминдер теория жүзінде ғалымдармен зерттеліп, қаралып жатқанымен, әлі де болса практик-заңгерлермен, сот, прокурор, адвокаттармен әлі өмір тәжірибесіне ене қоймағаны өте өкінішті. Сонда да болса, Қазақстанда алқабилер институтының енуі – бұл кемшіліктердің орнын толтырады деп ойлаймын. Өйткені, оған қатысқан прокурорлардан бұрын, адвокаттар әрбір іске өздерінің кәсіби білімдерін ғана шыңдамай, шешендік өнерлерін дамытар еді. Біз тақыр жерге гүл егейін деп жатқан жоқпыз. Өйткені, қазақ халқының сонау қалыптасқан кезінен бастап, шешендік өнері де оның қанымен сіңген қасиет екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Өткен ғасырдағы билеріміздің билік кесімдері, шешімдері, шешендік сөздері қазіргі кезде де өз маңызын, мәнін жойған жоқ. Жазба құжаттарсыз-ақ, бізге ауыздан ауызға өтіп жеткен билеріміздің аттарын ғана емес, олардың шешендік сөздерін, әрбір дау бойынша айтқан шешімдерін де біліп отырмыз.
Сондықтан, адвокаттардың сот өндірісіндегі шешендік сөздерінің құқықтық қалыптасуының негіздерін айқындау үшін Қазақстан Респуб-ликасында шешендік өнердің қалыптасу және даму тарихын мынадай кезеңдерге бөліп көрсетуге болатынын анықтадық. Ежелгі соттық шешендік өнердің қалыптасуы; Қазақстандағы ауызша соттық шешендік өнер және қазіргі кезеңдегі адвокаттардың шешендік өнері.
Сонымен қатар адвокаттың қорғау сөзінің прокурордың айыптау сөзінен өзіндік ерекшелігі бар екендігі айқындалды. Біздің ойымызша олардың ішіндегі елеулілері мыналар: Біріншіден, прокурор мен адвокаттың монологтық сөзі – сот процесінің ең қажетті бөлігі болып саналғандықтан, қылмыстық істі тергегендегі прокуратураның міндеті: фактілердің дәлдігін, қылмыстың жасалуын, объективтік негіздер бойынша сотталушының кінәлілігін дәлелдеуге келіп сайса, адвокат қызметінің негізгі желісі: қылмыстық жауаптылыққа тартылған кісіге оның азаматтық құқығын қорғау үшін заң тұрғысынан қолдау, білікті заң көмегін, ақыл-кеңес беруден тұрады. Екеуі де өздерінің көзқарастарын сот алдында ауызша сөйлеу түрінде жалпыға паш етеді. Адам тағдыры таразыға салынып жатқан сот процесінде бұл бөліктің қылмыстық істі қарап, шешім шығарардағы алатын орны аса ерекше. Екіншіден, адвокаттар қылмыстық іс жүргізуді тез меңгеріп алады. Өйткені олар «сыйақы» алу үшін жұмыс жасайды, сондықтан өздерінің қорғауындағы адамы үшін прокурормен айтысуда «жер қазғаннан» әрі қызмет атқарады, адвокат өзінің қорғауындағы адаммен ұсталған кезден бастап жіберілгендіктен, ол іс бойынша ұсақ-түйек нәрселердің бәрін біледі. Прокурор кей жағдайларда басқа процестер бойынша өзінің жұмысының көптігінен істі процесте бірақ көріп, істің өзімен сол жерде танысып жататындары бар. Ал кез келген айтысуда бәсекелесін кішкентай жерден ұстап, жеңуге болады.
Қорғаушы мен мемлекеттiк айыпталушының басты сот талқылауы кезiндегi өздерiнiң процессуалдық және азаматтық мiндеттерiн мүлтiксiз атқаруы, құқықтық сауаттылықтың озық үлгiсiн танытуы, олардың сот мәжiлiсi үстiндегi мiнезқұлықтары, талқыланып отырған iс бойынша әдiлдiк пен шындықты анықтауға бағытталған iс-әрекеттерi, тыңдау және сөйлеу мәдениетi, мәжiлiске қатынасып отырған тараптардың ынтасын ерiксiз өзiне аудару қабiлетi бiз талдап отырған мәселенiң мазмұнын толықтыратын субъективтi әрекеттер санатына жатады.
Сондықтан сот жарыссөздері күнделікті өмірімізде ашық өтіп, адвокаттар мен прокурорлардың шешендік өнерінің бағасы – соттағы жарыссөздеріне іске қатысушылармен бірге басқа да азаматтар мен заңды тұлға органдарының, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысуын қамтамасыз етсе және прокурорлар мен адвокаттардың сот жарыссөзіндегі сөйлеген тезистері бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тұрса онда олар қағаз жүзінде емес, саналық түрдегі ақылой мен шешендік өнердегі өз қабілеттіктерін жетекшілікке алар еді.
Сот академиясы тәрізді Адвокаттар Академиясында практик-адвокаттардың сот жарыссөзі бойынша болашақ адвокаттардың шешендік өнерін қалыптастыру мәселелерін күн тәртібінен түсірмеу керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет құру жолында адвокатура мен адвокаттардың құқықтық мәртебесі жоғары болмақ.
Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы деп аталатын 316-бабының 1-тармақшасына және Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 15-бабының 5-тармақшасына өзгертулер мен толықтырулар енгізген дұрыс сияқты. Өйткені, бұл баптың 1-тармақшасы мынадай мәтінде: «Сотталушының қорғаушысы ҚІЖКнің 125-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жиналған заң көмегін көрсету үшін қажет заттарды, құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді, басқа дәлелдерді зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәні және оның дәлелденгендігі жөнінде, сотталушының жауаптылығын жеңілдететін немесе оны ақтайтын мән-жайлар туралы, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін айтады» делінген. Осы бапқа қосымша 1-2 деген тармақша мына мәтінде берілсе дұрыс болар еді деген ойдамыз.

«Сотталушының қорғаушысы сот жарыссөзінде қорғау сөзін айтуға міндетті. Адвокаттың қорғау сөзі – бұл қорытынды, қорғауды аяқтау, бүкіл іс материалдары бойынша сот мәжілісінде зерттелген қорытынды. Қылмыстық іс бойынша қорғаушының сот мәжілісіне қатысуының кульминациялық сәті – қорғаушының өз қызметін жүзеге асыруындағы маңызды құрал болып табылады. Яғни, қылмыстық іс бойынша қорғау сөзі – соттың ішкі нанымын қалыптастыру үшін нақтылықпен, айқындылықпен сотқа әсер ету, бұл қорғаушыдан өзінің білімін көтеру үшін үлкен маңдай терін төгуді қажет ететін маңызды шығармашылық акт».


Дәл осындай мәтінді Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 15-бабының 5-тармақшасына да енгізу дұрыс болар еді. Өйткені, осы Заңдарда адвокаттардың қорғау сөзі туралы бірде бір бап жоқ.
Зерттеген ғалымдардың еңбектеріне көңіл бөле отырып, адвокаттардың сот өндірісіндегі шешендік өнерінің негізі – қорғау сөзіне анықтама берілді. Адвокаттың қорғау сөзі – дәлелдемелерді саралау мен бағалауға және істің барлық мән-жайларын анықтап, сотталушы тұлғасына адами және психологиялық мінездеме бере отырып, оған берілген жазаны, қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды келтіре отырып, көрсетілген дәлелдемелерге сай, қорғауындағы адамның әрекетін дәрежелеп, қорытындысында ақтауды не жеңіл жаза қолдануды сұрайтын адвокаттық істің аяқталуын сипаттайтын кульминациялық сәті болып есептеледі. Адвокаттардың қылмыстық сот жарыссөздеріне қатысу міндеттілігі және оның қорғау сөзінің сот шешендігін жетілдіру үшін маңызы бар екенін айтуға болады. Сондықтан, адвокаттардың қорғау сөзін құрастыру мен дайындау негізін және олардың шешендік өнерді қолдануы, іс жүргізу бағыттары мен рөлін айқындай отырып, адвокаттардың қорғау сөзінің мақсаты мен міндеттерін былайша сипаттауға болады:
Бірінші мақсаты – ол тыңдаушыларды нақты бір іс саласына жетелей отырып, оны осы процестің негіздерімен, сипаты мен орындалу амал-тәсіліне, мақсаты мен ниетіне терең талдау жасау және болған жағдайды, оқиғаны толық қайта қалпына келтіру.
Екінші мақсаты – қылмыстың жеке бөліктеріне тиісті баға беру және сотқа қатысушы тұлғаларға талқыланып отырған істің мазмұнын терең түсінуге және шығарылған үкімнің қаншалықты әділ шығуына көз жеткізулеріне мүмкіндік беру. Кәсіби шеберлігін шешендік өнер яғни сөйлеу өнерімен жалғастыра сабақтастыра отырып, адвокат-қорғаушы нақты бір жүйеге құрылған, мән-мазмұнға бай, сауатты сөйленген сөз ғана сот төрелігінің мейлінше әділ шығарылуына кепіл бола алатынын дәлелдейді.
Қорғау сөзі – адвокат қорғаушылар мен айыпталушының өзін-өзі қорғау үшін ең бір маңызды, кәсіби және жауапты міндеттің бірі. Сондықтан, қорғау сөзінің мақсаты мен бағыты қылмыстық іс жүргізудегі қорғаудың мақсаты мен бағытынан туындайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Соттың міндеті – әрекетке дұрыс негізді құқықтық баға беру, әрекетті дұрыс дәрежелеу, заңды тура қолдану.
Қорғаушының міндеті – бұл жерде де соттың міндетінен алысқа кетпейді. Қорғаушы өзінің міндетінен соттың заңдарды тек өз клиенті сотталушының мүддесі үшін заңдары дұрыс қолдануды сұрамайды.
Сот жарыссөзіндегі адвокаттың қорғау сөзінің рөлі мен маңызын аша келіп, қорытындысында сот жарыссөзі жарыссөз болмай, полемика формасы болмай, сот жарыссөздерінің қарама-қарсы пікірдегі көзқарас болмай бәсекелестік болмайды.
Сондықтан сот өндірісінде адвокаттың қорғау сөзінсіз болмайды. Сотта сөйленген сөздерге, оның ішіндегі қорғау сөздеріне қарап сотта объективті шындықты анықтауға және әділ сот үкімін шығаруға болады.

Сондықтан, казіргі заңнамаларымызға, практикамызға адвокаттардың сот өндірісінде шешендік өнерін қолдану, қорғау сөздерін енгізу – бүгінгі күннің еншісі. «Шындығы керек, әртүрлі себеп-салдар нәтижесінде әлемдік сахна түгіл өз ұрпақтарынан шеттетілген ата-бабаларымыздың рухани-мәдени құндылықтарын бағалап, тәжірибеде қолдану оңай емес. Шындық пен әділдікке жету әрқашан да қиынның қиыны. Солардың бастысы, әлі күнге күмәндана қарап келе жатқан қазақ халқының өткендегі билер соты болып отыр. Дегенмен, жалпы адамзаттық құндылықтардың алтын парақтарын құрайтын билердің әділ соты имандылықтың, адамгершіліктің, нысанасы болып қала береді [3, 254 б.].


Әдебиеттер
Қаржаубаев Е.Қ. Қазақстан Республикасы сот билігінің мемлекеттік билік тармақтарымен өзара қатынасын қамтамасыз ету мәселелері: заң ғыл.докторы ғылыми дәреж.алу үшін дайындалған автореферат: 23.05.2009, – Алматы,– 40 б.
Зиманов С.З. Қазақ билер соты – жалпы өркениеттік құндылық. Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық. / Бағдарлама жетекшісі: С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 10 том. 2009 жыл – 592 б.
Өсерұлы Н. Дәстүрлі билер соты – халықтық сот болған және болуға да лайықты. Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық. / Бағдарлама жетекшісі: С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 10-том. 2009 ж.– 592 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет