“Жұмабек Ташенов” университеті
“Өнер және Дизайн” кафедрасы
“Технология және Дизайн” факультеті
Реферат
Орындаған: Анарбай М.Ш
Қабылдаған: Джанпаизова В.М
2022-2023
Тақырыбы: Құрақ түрлері
Жоспар:
Құрақ туралы мәлімет
Құрақ маталары түрлері
Құрақты жасау жолдары
Қортынды
Құрақ туралы мәлімет
Құрақ – төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб жәнеде неше түрлі қазақи нақыштағы оюлардан , өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық Құрақ құрап, баласын соған ораған. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны.
Құрақ көрпе. Оны трикотаж тоқымалардың қиықтарынан да, жібек маталардың құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ болады. Трикотаж тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені жіңішкілеу, ұзындығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Бұл көрпеде құрақтар текше түрінде тігіледі. Оның ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне тұтас материалдан белдеу жүргізеді. Астары мақта матасынан тігіліп, көрпенің ортасына синтепон салынады.Құрақ көрпелердің бір шаршысын бөліп алып, оны орындыққа көрпеше етіп жабуға да болады.
Құрақ жастық. Үйдегі құрақ көрпенің үстіне құрақ жастықты қойып, қонақтар оған шынтақтап жататын болса, ол отбасын ерекше бір ұлттық сән-салтанатқа бөлеп тұрады. Құрақ жастықтарды қоңыр немесе жасыл, әйтпесе қою көк түсті материалдан жасап, бетіндегі өрнегін ақ немесе ашық сары түсті матадан орнатып, жиегіне ақ түсті әшекей жіп жүргізсе, ол тіпті көрікті болып шығады.
2.Құрақ маталары
Қамқа– алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.
Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт.
Торқа – ең қымбат жібек мата.
Батсайы – қалың жібек кездеме.
Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.
Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.
Пай – жібек мата.
Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.
Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.
Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.
Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.
Насар – жібек кездеме.
Ұштап – ақ түсті тығыз мата.
Шыт – арзанқол жұқа мата.
Сәрпөңке – астарлық жібек мата.
Бояқ – кездеменің боялған түрі.
Борлат – қызыл түсті жұқа мата.
Тібен – түрлі-түсті қалың мата.
3.Құрақты жасау жолдары
Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді. Құрақ құрау — қалдық қалдырмау.
Қортынды
Қортындыға келетін болсақ құрақ жасау өте қызық жұмыс жасау барысыда өте қызық түстермен түстерды сәйкестендіре отырып жасалады.Жоғарыда айтып кеткендей Құрақ мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб жәнеде неше түрлі қазақи нақыштағы оюлардан , өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған.
Қолданылған әдебиеттер
https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Құрақ
https://azh.kz/kz/news/view/41506
Достарыңызбен бөлісу: |