Реферат пән атауы: Психология Тақырыбы: Толерантты мінез-құлықты дамыту бойынша психологиялық ұсыныстар әзірлеу



Дата08.12.2023
өлшемі23,76 Kb.
#195896
түріРеферат
Байланысты:
13 апта (1)


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Көлік-энергетика факультеті 
СиС-11 


РЕФЕРАТ
Пән атауы: Психология  
Тақырыбы: Толерантты мінез-құлықты дамыту бойынша психологиялық ұсыныстар әзірлеу

Орындаған: Бикенова Еркежан  


Тексерген: Рыскулова Мадина 
Астана 2023
Оқушылардың бойында толерантты мінез-құлықты қалыптастыру үшін оларды толеранттылыққа тәрбиелеудің екі бағытта жүзеге асырылатындығы белгілі болды: жеке тұлғаға бағдарланған және қызметтік.

Жеке тұлғаға бағдарланған:



  • әр адамның еркіндігіне, өзін-өзі анықтауы мен жеке даралығына;

  • өзінің және өзгелердің алдындағы жеке міндеттерін мойындау және орындау;

  • өзара екіжақты қарым-қатынас барысында мотивацияға, рухани құндылықтарға, тәжірибеге, серіктестің «Мен тұжырымдамасына» сүйену;

  • жеке тәсіл.

  • Қызметтік (қызметтік):

  • саналылыққа және дербестікке сүйену;

  • вербалды әрекеттестікке емес, керісінше тәрбиеленушінің өзіндік іс-әрекетіне бағдарлану;

  • қызметті және оның компоненттерін таңдауда субъективті еркіндікті қамтамасыз ету;

  • тәрбиенің арнайы ұйымдастырылған қызметке және тәрбиеленушінің қарым-қатынасына құрылуы.

Ал толеранттылыққа тәрбиелеу мақсаты өсіп келе жатырған ұрпақты адамдармен, адамдардың түрлі топтарымен, олардың ұлтына, тіліне, діліне, діни наным-сеніміне, көзқарасына, дүниетанымына, шешім қабылдауына, мінез-құлқы мен ойлау стиліне, талаптары мен дайындығына, болашаққа деген сеніміне (немесе сенімсіздігіне), сындарлы жеткізуге өзара байланысты екі блок осы мақсаттың толыққанды жүзеге асырылып, шешімін табуға жағдай жасайды.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру үдерісінде оқушы өз жұмысының толерантты білім беру ортасында жүзеге асатын өзіндік пікірін білдіруге құқығы бар субъектісі болуы тиіс. Толерантты білім беру ортасы дегеніміз – күш көрсетпеу атмосферасын, субъектілердің толерантты өзара қарым-қатынасын жүзеге асыратын және басқару мен қарым-қатынастың демократиялық стиліне, субъектілердің бір-бірін қабылдауына негізделген күрделі және динамикалық жүйе.
Педагог толерантты мінез-құлықты қалыптастыру үдерісін қызметтік және құнды қатынастар негізінде ұйымдастырып, жұмысты әлеуметтік мотивтерді зерттеу мен сараптаудан бастап, оқушының микроортадағы тәрбиелену шартарына, осы қасиеттің қалыптасуының психологиялық негізіне, оқушылар ортасындағы толеранттылық пен интолеранттылықтың ашылуына, толеранттылық өмірлік құрылым мысалы ретінде өзіндік ұстанымына баса назар аудара отырып, әр жағдайдағы тиімді әдістер мен тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеудің формаларын сараптаудан бастау алуы тиіс.
Жоғарыда аталған мәліметтер толерантты мінез-құлықты өз бойына сіңіруге және арнайы кәсіби-педагогикалық дайындықтың ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды толықтыру қажеттігін көрсетеді. Психологиялық-педагогикалық ғылыми әдебиеттерге жүргізілген сараптама нәтижесінде аталмыш дайындықтың ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды толықтыру қажеттігін көрсетеді. Психологиялық-педагогикалық ғылыми әдебиеттерге жүргізілген сараптама нәтижесінде біз аталмыш дайындық төмендегідей мақсат-міндеттерді қамтуы тиіс деген тұжырымдама жасадық. Дайындықтың тиімділігі көптеген жағдайларда оқушы тұлғасына толерантты мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен бірге оны өз бойында құндылық ретінде және педагогикалық маңызды қасиет ретінде дамытуға дайындығының тиімділігі құрылымдар бірлігін қалыптастыруға негізделетіндігі туралы тұжырымдамалық ойларға сәйкес дайындық үдерісінде мына мақсаттарға баса назар аударылуы қажет:
Оқушы бойында толерантты мінез-құлықты қалыптастыру құрылымдарының бірлігін, ұйымдастыру әрекетінің кәсіби және тұлғалық сфераларындағы өзіндік толерантты ұстанымын, толеранттылық бейнесін және оған қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешуге қажетті толеранттылық құндылықтарын қалыптастыруға:

  • толеранттылық құндылықтар, толеранттылыққа тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттері туралы білімі мен көзқарастарын кеңейту;

  • оқушылардың толерантты мінез-құлқын қалыптастыру жөніндегі міндеттерді шешудің кәсіби және қоғамдық мотивтерін қалыптастыру, осы мәселені зерттеуге, тәжірибе барысында жинақтаған білім мен дағдысын қолдануға қызығушылығын арттыру;

  • оқушылардың толерантты мінез-құлқын қалыптастыруға дайындығы мен гуманистік бағыт-бағдарын айқындау.

Мінез-құлқын қалыптастыруға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттердің шешімі мүмкіндік беретін ұйымдастыру дағдысын, білімі мен біліктілігін қалыптастыруға:

  • білім беруді гуманизациялау шарттарындағы, оның дамуының психологиялық механизмдеріндегі, оқушылар бірлестігіндегі толеранттылық пен инт олеранттылықтың көрініс беруінде толеранттылыққа тәрбиелеу маңыздылығы туралы білімді игерту;

  • толерантты мінез-құлықты қалыптастырудың сараптамасына, жүзеге асуына, жоспарлануына, мақсаттың қойылуына толерантты білім беру ортасын құру жөнінде дағдысын қалыптастыру;

  • толеранттылыққа тәрбиелеудің технологияларын меңгеру.

Оқушы бойына толерантты мінез-құлықты дарыту үшін оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асырудың кәсіби-қызметтік және коммуникативтік қабілеттіліктер арқылы оқушының өзіндік толеранттылығын қалыптастыруға баса назар аударылуы тиіс:



  • қызметтің жартылай мәдени кеңістігі туралы, әр мәдениет өкілдерінің психологиялық ерекшеліктері туралы білімі мен көзқарастарын қалыптастыру;

  • өзі туралы, әлеумет, этнос, мәдениет өкілі ретінде пікірі мен білімін және өзін-өзі тануын жүзеге асыратын дағдысын қалыптастыру;

  • оқытушының кәсіби маңызды қасиеті ретінде толеранттылық туралы, жартылай мәдени білім беру кеңістігі жағдайында толерантты өзара қарым-қатынас құру тәсілдері туралы білімін және толерантты мінез-құлқын дарытуға өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру;

  • оқушының толеранттылығын дамыту.


Оқушылардың толерантты мінез-құлқына дайндығын ұйымдастыра отырып, мұғалімнің кәсіби дайындығының жалпы принциптерін басшылыққа алған жөн: ғылымилық пен қолжетімділік, теория мен тәжірибе байланысы, оқу мен тәрбие бірлігі, жекелеген және жас ерекшеліктерін есепке алу, тұтастық, нәтижелілік, жүйелілік және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет