Реферат пән: «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» Мамандық: В067 «Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»


ІІ БӨЛІМ 2.1. Тарау. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні туралы жалпы түсінік



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі27,57 Kb.
#91013
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
срс1.тарих.ОАБ-2.1.Кобыланова

ІІ БӨЛІМ
2.1. Тарау. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні туралы жалпы түсінік
Қазіргі кездегі Тарих, жеке тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Бүгінгі Отан тарихының қызметі мен принциптері. Қазақстанның қазіргі заман тарихын әлемдік тарихи үдерістер аясында қарастыру. Ұлттық тарихтың құндылықтары. «ҚР-да тарихи сананың қалыптасуы концепциясы». Бүгінгі Қазақстанның тарихын кезеңдерге бөлу. Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеудегі жаңа теориялық-концептуалдық ұстанымдар. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша деректер мен зерттеулер. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазақстанның бүгінгі таңдағы ұлттық тарихының өзекті мәселелері.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің басты мақсаты: бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау; студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:

  • студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;

  • проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;

  • бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саясипроблемалар туралы түсінік қалыптастыру.

Одан бөлек «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқытудың рөлі мен мәнінтөмендегідей кешенді міндеттермен байланыстыра қарастырды:

  • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімніңтеориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

  • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;

  • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;

  • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы

мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;

  • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық

және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.
Пәнді оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді:
- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті,
салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;
- әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;
- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері
мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;
- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның
тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет