Дыбыстар
І. Дауыстылары: а, р, ң, и, м, н, е, о, ұ, у, ы, и
Міні, мен баламын, ермін, тыңмын.
1. Толықтары: а, е, о, ұ, ы , буын ішінде дауыссыздың ал-
дында да, соңында да келеді.
1) Ауыз ш. р, л, у, и. «-дың», «-дан», «-мыз»
Аңғалы – а, е, ы. Орын талғамайды.
Босаңы – р, у, и. Сөз ба сында келмейді.
Қамқырын – о, ұ. Бас буыннан басқасын сүймейді.
Қысаңы – л. Сөз басында келеді.
2. Шамалары: р, ң, л, м, н, у, и буын ішінде дауыссыздың
соңында келмейді.
2) Мұрын ш. (м, н, ң) «-ның», «-нан», «-біз»
348
Босаңы – ң. Сөз басында келмейді.
Қысаңы – н. Алдындағы дыбысқа әсері бар.
Тұйығы – м. Алдындағы дыбысқа әсері жоқ.
.
ІІ. Дауыссыздары: б, п, т, ж, д, р, с, ш, ғ, к, к, г
-бын, -бен, көп: -азбын, -сізбен, атпен... (-пін, -пен)
1. Қысаңдар: и, т, с, ш, қ, к босаңға жуыспайды (босаңмен
бірге қатарынан келмейді).
1) ашықтары: с, с азбайды, айнымайды
2) тұйықтары: (п, т, қ, к) азады, айныйды.
2. Босаңдары: б, ж, д, з, ғ, и. Қысаңға жуыспайды. (Қысаңмен
бірге қатарынан келмейді).
1) ашықтары: – ж, з. Сөздің бас, аяғы демей келе береді.
2) тұйықтары: б, д. Сөздің басында ғана келеді.
3) тұйықтаулары – ғ, г. Сөздің басында да аяғында да
келмейді.
Тіл дыбысына қатысатын мүшелердің қайсысынан шыққан
дыбыс жоғарғы жіктеудің қайсысына келеді екен, онысын да
қарап өтелік.
Дыбыстың шығуына қызмет қылатын өкпе, кеңірдек,
тамақ (жұтқыншақ), мұрын, түрлі мүшелеріменен ауыз. Ауыз
мүшелерінің ішінде де көбінесе қызмет қылатын – тіл. Тілдің
қатыспайтын дыбысы жоқ. Төменде тілдің аты қатысқан ды-
быс атаулары бар жерлерді тілдің қатысатын орындары сол
жерлер екен деп ұқпасқа керек. Қай сөзде де болса дыбысқа
түр беріп, тіл дыбысы болып шығуына тіл қатыспай қалмайды.
Басқа мүшелер тілдің жұмсайтын құралы, ылаждаушы
(амалдаушы) есебіндегі нәрселер болады. Дыбыс жасауға
жем беретін – өкпеден кеңірдек арқылы келетін ауа. Сол ау-
аны бірде ананы, бірде мынаны сепке алып, керегіне қарай
олай да, былай да жіберіп сөзге керек түрдегі дыбыс қылып
шығаратын – тіл. Сондықтан да «сөз», «сөйлеу», «айту», «ха-
бар» дегеннің орнына көбінесе «тіл» аты жұмсалады. Мұны
сөз қылып отырғандағы мақсат сол – егерде дыбыс атына тіл
аты, немесе басқа мүшенің аты қатынасса, ол тіл тілден неме-
се аты қатысқан мүшеден қана шыққандықтан емес, бұлардың
басқадан көрі басымырақ қатысқанын ғана көрсетеді.
Жалпы айтқанда,қазақ ғалымдарының фонетикаға қосқан үлесі зор. Біз осындай тұлғалармен мақтанамыз. Кейін осы қазақ тілін зерттеуде келешек ұрпақтың осы заңдылықтарға өз ойларын қосып, Қазақстаннан тағы бір Ахмет Байтұрсынұлы шығарына менің сенімім мол. Бәлкім ол адамдар арамызда отыр...
Пайдаланылған дереккөздер: инетернет желілері, Ахмет Байтұрсынұлы кітабы
Достарыңызбен бөлісу: |