Реферат пәні: Әлеуметанну



бет1/2
Дата18.10.2022
өлшемі52,4 Kb.
#153555
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ

РЕФЕРАТ
Пәні: Әлеуметанну


Тақырыбы: Неке және отбасы
Орындаған:”Қобыз-баян” кафедрасының
2-ші курс студенті Амирбек А.А.
Тексерген: Жапаров Е.Ж.

Алматы 2022


Жоспар:

  1. Отбасы туралы түсінік.

  2. Неке туралы түсінік.

  3. Отбасы түрлері.

  4. Неке түрлері.

  5. Қазақстандағы отбасылық қатынастар статистикалық деректер негізінде.

Басқа әлеуметтік құрылымдарға қарағанда, отбасы – биологиялық және әлеуметтік топ. Отбасы – қаны бір болу немесе некеге тұру, бала асырап алу, болмаса некеге тектес мәндеттемелер арқылы байланысатын адамдар тобы.Бұл түсінік өте ауқымды. Ол баласымен бірге тұратын жалғызбасты ана немесе бірнеше әйелмен өмір сүретін ер адам болуы мүмкін. Қалай болғанда да, әлеуметтік қағидалар бойынша отбасы мүшелері бір-бірі үшін жауапты болуы тиіс. Отбасы - қаны бір болу немесе некеге тұру, бала асырап алу, неке тектес міндеттемелер арқылы байланысатын адамдар тобы.


Отбасы деген ол шағын мемлекет, сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасынан басталатыны рас. Отбасы деген бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерінің пайда болуы, тәрбиелі болуы осы отбасында қалыптасады деп ойлаймын. Баланың тәрбиелі, инабатты болып өсуі, болашақта қоғамда өз орнын таба білуі берекелі, ынтымағы мол отбасыға байланысты.
Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.
Отбасы дегеніміз- адамдардың туыстық қатынаста бірлесіп өмір сүретін жанұялық орта болып табылады. Сол ортада дүниеге келген балалар тәрбиесін жүзеге асырып,басқа да қоғамдық тұрғыдан мағыналы да мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік қатынаспен байланысқа түскен адамдар тобы болып есептеледі.
Отбасының негізгі және маңызды сипаты- оның атқаратын қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.Әрбір отбасының өз құндылықтары бар, сондықтан әр отбасы мықты да берік қамал болып қалыптасуы тиіс!
Отбасында әрбір мүшенің өз тұла бойындағы асыл қасиеттер мен мінез –құлық жарқырай көрініп, қалыптасады.Отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс – тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір- бірін құрметтеп,сыйлауы- барлығы үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе.
Отбасы мүшелері: әке мен шеше – жанұя мектебінің ұстаздары болып есептеледі.
Әке мен шешенің кейінгі ұрпақтарына қоятын ең бірінші талап пен тілектері- баланың «Әдепті бала» болып өсуі. Қоғамда әдеп –инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуына отбасының маңызы орасан зор.Әрбір жанұяның қос тіреуі- әке мен шеше өздерінің отбасылық міндеттері мен құқықтарын мүлтіксіз орындаса, отбасында, бүкіл қоғамда,елде бейбіт пен берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, өздерінен кейінгі қалыптасып келе жатқан ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ, мәнді де мағыналы бақытты өмір қамтамасыз етілмек!
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Отбасы бұл – әдет-ғұрыптың, жанға жағымды өнегелердің сондай-ақ қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Тәрбиенің алғашқы әліппесі де осы отбасында қалана бастайды. Жанұя – адамдық құндылықтардың, мәдениет пен адамгершіліктің қорғаушысы, ұрпақтың тарихи сабақтастығы.
Ислам хұқығындағы жанұя – парасаттылықпен даналықпен тәлім-тәрбие беретін киелі шаңырақ. Кез келген мұсылманның мақсаты – салихалы, ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өсиет сөзінде: «Әкенің балаға берер ең жақсы сыйы – тәрбие» деп тәрбиенің маңыздылығына мән берген. Отбасы – исламда баға жетпес құндылықтар ретінде қарастырылған. Қоғам отбасынан басталатындығына назар аударып, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі екендігіне маңыз берген. Егер отбасы тату болса, қоғамда да тұрақтылық орнайды. Отбасында ынтымақ болса, қоғамда да бірлік пен тыныштық салтанат құрады. Яғни отбасы мәселесі сол қоғамға айырықша әсер етеді.
Халқымызда ислам дінімен ұштасқан, тамаша қалыптасқан отбасылық тәрбиенің озық үлгісі бар. Тәрбиенің бұл үлгісі ғасырлар сынынан өткен, ұлағат пен өнеге сіңген зор тағылымдардың құндылығының жиынтығы.
«Үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме, өзіңнен жасы үлкенге сәлем бер, кішісіне қамқор бол» деген сөздер ата-ананың балаларына айта беретін ескертпелері, түсінген жан үшін бұл – тәрбиенің нағыз қайнар көзі. Онымен бірге «Әке тұрып ұлы сөйлегеннен без»«Атыңа ауыр жүк артпа, анаңа ауыр сөз айтпа», - деген нақыл сөздер отбасы құндылығын сақтауда ерекше рөл атқарады. Осындай сөздерді үлкендерден естіп, қазақы тәрбиені бойына әбден сіңіріп өскен отбасындағы ұрпақ ешқашан ардан аттап өтпесі анық.
 «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген халқымыз. Шаңырақта әрқайсының өз орнын яғни тәрбиелік жағынан дәрежесін көрсетіп нақтылап қойған.
Отбасы өмірінің мәнімен сәні болған балалар, негізінде осы дүниеде әрбір ата-ананың өмірде жиі жүздесетін сынақтарының бірі деуге болады. Өйткені, ата-ананың балаларға беретін тәрбиесі, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосады. Сондықтан, оларға берілген жақсы тәрбиелеріміз ахиретте жетістікке жетуімізге себепші болады. Құран аяттарында бұл туралы: 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет