Реферат пәНІ: географияға кіріспе тақырыбы: геоботаника орындағАН: есенгелді жандос



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі56,96 Kb.
#88558
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
гео реферат

Қазақстандағы Геоботаника
Қазақстан жерінде ботаникалық зерттеулер 18 ғасырда басталды. 1777 ж. П.С. Паллас қазіргі Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында болып, өсімдік түрлерін жинап, олардан коллекциялар жасаған. Республикада Ботаника саласындағы жүйелі зерттеулер 19 ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Қазір Ботаника мәселелерімен Алматыдағы Ботаника және фитоинтродукция институты, Ботаникалық бақтары, жоғары оқу орындарының арнаулы кафедралары, орман тәжірибе ст-лары шұғылданады. Зерттеулердің нәтижесінде флоратану, өсімдік ресурстары туралы көптеген еңбектер жарық көрді. Қазақстан және Орта Азия өсімдік жамылғысына, Тянь-Шань шыршалы ормандарына, олардың құрылымына, даму тарихына, басым түрлеріне ботаникалық сипаттама берілді (Б.А. Быков, т.б.). Қазақстанда өсетін саңырауқұлақтар зерттелді (Бердіқұл Қалымбетов, С.Р. Шварцман, С.Әбиев). Өсімдіктер интродукциясы саласындағы зерттеулер, олардың нәтижелері жүйеге келтірілді (В.Г.Рубаник, А.М. Мушегян, т.б.). Ботаникалық зерттеулер, олардың нәтижелері туралы көп томдық монографиялар, анықтамалықтар жарық көрді. Қазақстан флорасының құрамы зерттелді: мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрі бар екені, оның 13%-і эндемиктер (тек Қаратауда бұлардың 100-ден артық түрі бар) екені анықталды. Бірқатар физиол.-биохим. зерттеулер жасалды. Оңтүстік Қазақстанның өсімдік қорына (Н.В. Павлов), Балқаш маңындағы кейбір ағаш түрлерінің тұзға төзімділігіне (Е.А. Жемчужников), шөл далада өсетін құм өсімдіктеріне (Л.П. Гвоздева, Г.Мақұлбекова, С.Есенова, т.б.), Батыс және Шығыс Қазақстандағы өзен-көл аңғарларының шалғындарына (О.Демин, Б.Махмудов, т.б.), су өсімдіктеріне (К.В. Доброхотова), дәрілік, тех. өсімдіктерге, жеміс-жидектерге сипаттама берілді. Дермене (Г.Балтабаева, т.б), мия (В.П. Михайлова, Э.Кұдайбергенова, т.б.), адыраспан (Л.Сафина), қырықбуын, қылша (Г.С. Синицын, т.б.), Түркістан сабыншөбі (С. Беспаева), т.б. өсімдіктердің экологиясы мен Ботаникасы зерттелді. Каучукты өсімдіктер физиологиясы зерттеліп (Л.Г. Добрунов, т.б.), бұлар мәдени өсімдікке айналдырылды және Оңтүстік Қазақстанда өсіріле бастады. Республика аумағының өсімдіктері, олардың мәдени түрлері биохим. тұрғыдан сипатталып, зерттеулер нәтижелері қорытылды (Т. Дарханбаев). Өсімдіктерді интродукциялау (М.В. Бесчетнова, М.А. Проскуряков, т.б.), флористика және геоботаника (М. Бәйтенов, С. Арыстанғалиев, М.П. Васягина, т.б.), өсімдік ресурстары (М. Көкенов, С. Беспаев), адамның өсімдік жамылғысына тигізетін әсері (Л.Я. Курочкина, Р.Н. Писак), сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауға алу (Б.А. Винтерголлер), палеоботаника (В.С. Корнилова), генетика (Ғ. Бияшев, А. Сейсебаев), цитология (Ф. Камалетдинова), жалпы экология және өнеркәсіптік ботаника (И. Байтулин), өсімдік өсуін реттеу (І. Рахымбаев), өсімдіктер төзімділігі (Ф.Полымбетова), өсімдіктердің минералдық қорегі (Б. Сәрсенбаев), фотосинтез (В.П. Беденко) мәселелері одан әрі зерттелуде.
Қазақстанда жүйелі түрде геоботаникалық зерттеулер 1932 жылы бұрынғы КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасының ботаникалық секторы ұйымдастырылған соң, кейін 1946 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ботаникалық институты (қазіргі Ботаникалық және фитоинтродукция институты) құрылғаннан кейін кең көлемде жүргізіле бастады.

  • Қазір республикада геоботаника саласында:

    • өсімдіктер бірлестіктерінің құрылысы мен бөлінуінің заңдылығын зерттейтін — морфологиялық;

    • олардың қоршаған орта мен байланысын анықтайтын — экологиялық;

    • жер бетіндегі өсімдіктер түріне қарап, жер асты суын, топырақтың тұздылығын, жер бетіне жақын кен байлықтарын анықтайтын — көрсеткіштік (индикациялық);

    • жер бетіне таралу заңдылығын ашатын — географиялық және жалпы салалық бағыттар белгілі.

  • 1951 — 52 жылдары Каспий маңы геоботаникалық экспедициясы Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы шөл және шөлейт жерлердегі жайылым өсімдіктерін зерттеп, картаға түсірді (Б.А. Быков).

  • 1963 — 65 жылдары Павлодар облысының аумағы картаға түсірілді (С.А. Арыстанғалиев, И.О. Байтулин, Ө.Қ. Қисықов).

  • Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде өсімдік топтарының құрамы мен құрылысы, аймақтық ерекшеліктері, олардың жайылым мен шабындықтардағы маусымдық динамикасы, биол. өнімділігі, жайылым-шабындықтардағы жемшөптік, өсімдік түрлерінің антропогендік ауысулары анықталды (Н.В. Павлов,Е.А. АқелеуовБайтулин). Қазақстанда геоботаникалық зерттеулер мен Қазақстан ғылым академиясының Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институты, республикадағы жоғары оқу орындарының тиісті кафедралары шұғылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет