Реферат пәНІ: географияға кіріспе тақырыбы: геоботаника орындағАН: есенгелді жандос



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі56,96 Kb.
#88558
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
гео реферат
карта, T-jindemeni-zh-kteu-3 (3)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану-география институты
География-тарих кафедрасы 6В01516

РЕФЕРАТ


ПӘНІ:ГЕОГРАФИЯҒА КІРІСПЕ
ТАҚЫРЫБЫ:ГЕОБОТАНИКА


ОРЫНДАҒАН:ЕСЕНГЕЛДІ ЖАНДОС
ҚАБЫЛДАҒАН:НҰРЖАНАТ ШАКИРОВА
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Қазақстандағы геоботаника
2.Геоботаникалық карталар
3.Қазақстан геоботаникасын зерттеген ғалымдар
III. Қорытынды


КІРІСПЕ
Геоботаника — жердің өсімдік жамылғысы, оның құрылымы, өсімдіктер бірлестігінің таралу заңдылығын, құрылысын, дамуын, олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым; ботаниканың бір тарауы; жер бетінде өсімдіктердің және өсімдіктер кауымдастығының таралуын және таралу зандарын зерттейтін биогеографиянын бір саласы.[1]
Геоботаника пәні ХVIII-XIX ғасыр бастарында шет елдерде жеке ғылым ретінде өсімдіктер географиясы және экологиясы ретінде пайда бола бастады. А. Гумбольдт бірінші рет кейбір өсімдіктердің жер бетінде жылулық әсерінде таралуы туралы түсінік берген. Бұл ғылымда өсімдіктер географиясы деп атаған.
Геоботаника терминін 1886 жылы орыс ботанигі Ф.И.Рупрехт пен неміс ғалымы А.Гризебах ұсынған.[2]
Геоботаниканың нысанына фитоценоз бен оны түзетін өсімдік жамылғысы жатады. Жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында калыптасты. Геоботаника физикалық географиямен, гидрологияменгеоморфологияменклиматологиямен, топырақтанумен және тағы да басқалары ғылымдармен тығыз байланысты.
Геоботаниканың негізгі мақсаты : өсімдіктер қауымдастық топтарының құралуы себептері, заңдылықтары, оларды басқара білу, өнімділігін арттыру жолдарымен оңтайлы пайдалану жолдарын үйрену. Геоботаниканы фитологиядан ажыратып үйреніп болмайды. Соның үшін геоботаника жеке өсімдіктер түрлерін білуі, олардың биологиялық экологиялық ерекшеліктерін терең білуі шарт.[4]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет