Байланысты: Сыбайлас жемқорлықтың жіктелуі және механизмдері
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі.
Ол экономика мен әлеуметтік қатынастарды зақымдап қана қоймай, қоғамның құндылықтық және моральдық-адамгершілік ұстанымдарын бұрмалайды, сонымен бірге мемлекеттік аппараттың тиімді іс-қимыл жасауына әрі елде жүргізіліп отырған тұрақтылық пен қауіпсіздік саясатына кері әсерін тигізеді.Осы орайда қазіргі уақытта Қазақстанда дәйекті және тегеурінді түрде жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралардың жүзге асырылып жатқанын атап айтқан жөн. «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіріп отырған дәрежеге жеткенін көрсете отырып, мемлекет пен қоғамды осы жағымсыз құбылыспен күресуде күш-әрекеттерді біріктіруге бағыттайды. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін және елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап-ақ нысаналы түрде және кезеңімен әлемдік стандарттарға сай сыбайлас жемқорлыққа тойтарыс беретін тиімді институттар мен механизмдерді жасау бағамын ұстанып келеді. Біздің елімізде негіздерін «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары құрайтын заманауи сыбайластық жемқорлықа қарсы заңнама қолданысқа енгізілген, сонымен қатар бағдарламалық құжаттар қатары бекітіліп жүзеге асырылуда. 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бағдарламасы мен 2014-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді Жоспардың жалғасы ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы Жарлығымен 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы бекітілді. Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында іс-әрекеттерді жасауды кешенді түрде жүзеге асырып отыратын арнайы уәкілетті орган жаңадан құрылды. ҚР Президентінің 2014 жылғы 30 маусымындағы Жарлығымен 2013 жылдың 25 қазанында Минск қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина мемлекеттері қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық Кеңес құру туралы Келісім бекітілді. Жазаның бұлтартпастық принципі табысты түрде жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері жасағаны айқындалған шенеуніктер ешқандай лауазымдары мен қызметтік дәрежелеріне қарамастан заңның толықтай талаптары бойынша жауаптылыққа тартылады. Қылмыстық-құқықтық саясат сыбайлас жемқорлықтық қылмыс жасағаны үшін лауазымдық тұлғалардың қатаң жауаптылығын қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін қатал жауаптылыққа тарту қажеттілігі 2010-2020 жылдарға арналған ҚР құқықтық саясат Тұжырымдамасында қарастырылған. Мұндай принципиалдық ұстаным 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген жаңа қылмыстық кодексте де жүзеге асырылған. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларға ескіру мерзімі қолданылмайды, оларға шартты түрде соттауды қолдану және де мемлекеттік қызметте лауазымға тағайындалу құқығына ғұмыр бойы тыйым салынған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті тәркілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда басшылардың дербес жауаптылық нормаларымен толықтырылған. Онда «мүдделер қақтығысы» деп аталатын маңызды ұғым бекуін тапқан. Бұл арада, мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы күшейтілуімен қатар, олардың әлеуметтік кепілдіктері жетілдірілген. Біздің мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау аясында осындай ауқымды жұмыс жүргізіп отыруы азаматтар мен лауазымдық тұлғаларға біздің қоғамда адамдық қарым-қатынастарды қоғамға мүлдем жат теріс қылықтардан, оның ішінде пайдакүнемдіктен сауықтыруға бағытталған жаһандық қозғалыста күш-әрекеттерді шоғырландыруды жалғастыруға мүмкіндік беретініне күмән жоқ