Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
РЕФЕРАТ
Пәні: Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлықтың жіктелуі және механизмдері
Орындаған: Нұржау Дильназ
Қабылдаған: Мадалиева Ақзада
Оқу тобы: СР-21-3
Қызылорда 2022 жыл
Жоспар
Сыбайлас жемқорлық ұғымы мен жіктелуі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі.
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары мен салдары
1)Сыбайлас жемқорлық ұғымы мен жіктелуі
Күрделі, қатпары көп құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлықтың тарихы өз ғұмырының ұзақтығы жөнінен адамзат өржениетінен емес. Оның пайдаболуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттіккурылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б. 3. б.XXIV ғасырдағы мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз эрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалады. Ежелгі Латынның белгілі нақылы былай дейді: Сыбайлас жемқорлық- әлеуметтік феномен, қоғам мен қоғамдық қатынастар туындысы. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір суруі қоғамдық және шаруашылық қызметтегі басқару функциясының жекеленуі сәтінен бастап мүмкін болады. Өйткені, нақ осы жағдайда лауазымды басшыда (басқарушыда) қоғам, мемлекет мүддесі үшін емес, жеке басы үшін ресурстарды пайдалану және шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. Сонымен, сыбайлас жемқорлық өте ерте уақытта туған және қазіргі күні де бар күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде көрінеді - сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру формаларының өзгеруі барысында оның ауқымы тарылмайды. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық - басқа саяси, экономикалық, мәдени әлеуметтік институттармен өзара тығыз байланысты өлеуметтік институт, басқару жуйесі элементі. Сыбайлас жемқорлықтың институттануы мыналардан көрінеді: . сыбайлас жемқорлықтың бірқатар әлеуметтік функцияларды атқаруы: әкімшілік байланыстардың жеңілдетілуі, басқарудағы шешім қабылдаудың жеделдетілуі мен жеңілдетілуі, әлеуметтік таптар мен топтар арасындағы қатынастардың консолидациялануы және қайта құрылымдануы, бюрократтық кедергілерді азайту арқылы экономикалық дамуға көмектесу; ресурстар тапшылығы жағдайында экономиканы тиімдендіру және тіл сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының жете айқындалған субъектілерінің болуы, әлеуметтік рөлдердің бөлінуі; ойын ережелерінің, нормалардың болуы; рэміздік белгілері; -мүдделі адамдарға белгілі және орныққан қызметтер таксасы. Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың еркін жұмыс істеуін эжептэуір шектейді жөне әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін төмендетеді, ел үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы ең бір басты бөгеттердің бірі боп табылады. Таза кәне әлеуметтік бағыттағы бизнес нарықтан күшпен ығыстырылып шығарылады, ойткені, бұндай бизнесті сыбайлас жемқорлық тиімсіз кәсіпке айналдырады. Сыбайлас жемқорлықтың бейімделу қакбілеті ғаламат, үздіксіз мимикрияға түсе алады, түрін өзгертеді және кемелдену береді, әлеуметтік- құқықтық бақылау мен заңи жауапкершіліктің кемшіліктері мен ақтаңдақтарын шебер пайдаланады. Ішінара өздері де сыбайлас жемқорлықпен шырмалған құқық қорғау орындарының институтталынған сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін жеткілікті мүмкіндіктері мен тиісті тәуелсіздіктері де жоқ "Темір үшбұрыш""атанғандар жемқорланған қырық құрау бюрократия - қылмыстық бизнес ұйымдасқан қылмыс оз заңдарымен өмір сүреді. Сыбайлас жемқорлық ұлттық шекаралардың шеңберінен шығып кетеді, сондықтан онымен күрес глобальдық ауқымда жүргізуді етеді. О дан түсетін түсімдер "жуылғаннан" кейін әлемдік және ұлттық қаржы ағындарына құйылады да, мемлекеттік және халықаралық билік пен экономика институттарын бұзады. Ол заңның, демократия мен адам құқықтарының үстемдігіне қатер тондіреді, қоғамның моральдік тіректерін, билікке деген сенімді, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын қиратады, бәсекеге богет жасайды, экономикалық дамуды қиындатады. Өсіресе ең қауіптісі - мемлекеттік билік орындарындағы сыбайлас жемқорлық. Бұл жағдайда ол монополияның билікпен симбиозының, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдаудағы қауқарсыздығының және шенеуніктердің бақылауда болуы мен оларға құқықтық жауапкершілік жүктелмеуінің көрінісіне айналады. Тәжірибенің көрсетуінше, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін бұзады, мемлекеттік билік пен мемлекеттік қызметтің беделінің құлдырауына мүмкіндік жасайды. Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және әсіресе экономика саласындағы ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді Мемлекеттік машинаны ұйымдасқан қылмыстың қолдануы мемлекеттік өкілеттілікті жекеменшікке айналдыру амалы ретінде тікелей сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Геғель былай деп жазды: "Мемлекеттік биліктің жеке индивидуум иеленген үлесі - жалпыға ортақ биліктің жоғалтқаны деген соз. Ол аз десеңіз, индивидтер мен қылмыстық құрылымдар биліктің оздері иеленген бөлігіне сүпене отырып, мемлекетке, азаматтық қоғам институттарына, оның құндылықтарына шабуылға шығады. Сыбайлас жемқорлық мәселесін шепшей, мемлекеттік басқарудың міндеттерін сәтті орындау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық феноменін түсінуге қатысты сан түрлі әдістемелік ыңғай-бағыттар бар. Оны ежелден-ақ түрлі - әлеуметтік, саяси, криминологиялық, құқықтық аспектілерде қарастырған. Осылайша, Платон мен Аристотель сыбайлас жемқорлықты саяси категорияға жатқызды, Н. Макиавелли оны мемлекеттің азаматтық ізгілікті бұзатын жалпы сырқатының белгісі санады, Ш. Монтескье оны нәтижесінде жақсы саяси тәртіп немесе жүйе жарамсызға айналатын дисфункциональдық үдеріс ретінде сипаттады. Қазіргі ғылыми, оқулық және қоғамдық-көсемсөздік әдебиеттерде де сыбайлас жемқорлыққа тұрлішс анықтама беріледі. Сыбайлас жемқорлық туралы онымен күресудің әмбебап амалын анықтауға негіз болатын бірауызды ұғымды қалыптастыру - күрделі эволюциялық үдеріс. Сыбайлас жемқорлықтың интегралдық сипаты бұл күрделі құбылыстың бірізді, бір мағыналы анықтамасын жасауға бүгінгі күні мүмкіндік бермей отыр. Алайда, бәрібір сыбайлас жемқорлықтың тарихи алғашқы анықтамалары құқық саласына жатады "Коррупцияның" (сыбайлас жемқорлықтың) анықтамасына этимологиялық түрғыдан келсек, ол "corraptio" деген латын сөзінен аударғандағы "сатып алу", "пара беру" мағынасын білдіреді. Рим құқығында сонымен қатар "сындыру, бүлдіру, бұзу, зиян келтіру, фальсификациялау, сатып алу" ретінде түсінілетін және тиісінше заңға қайшы әрекеттібілдіретін "согштріге" ұғымы бар. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты парамен сатып алушылық, лауазымды басшылардың, саяси қайраткерлердің сатымпаздығы ретінде сипаттайды. ҚР "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңы сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың және оларға теңестірілгендердің мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды өз қызмет бабы және онымен байланысты мүмкіндіктер арқылы пайдапануы, өйтпесе оларды мүліктік пайда табу үшін тікелей өздері немесе делдалдар арқылы басқаша пайдалана отырып, заңмен қарастырылмаған түрде шешім қабылдауы, сонымен қатар, ол адамдарды жеке және заңды тұлғалардың оларға аталған игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы заңсыз сатып алуы ретінде сипаттайды.әцыфкепрғе
Достарыңызбен бөлісу: |