Реферат Пәні: Мәдениеттану Тақырыбы: Мәдениет және дін Орындаған: юп-19-3 тобының студенті Базарбаева Алтын



Дата03.02.2020
өлшемі50,63 Kb.
#57111
түріРеферат
Байланысты:
Алтын мад (1)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті

Базалық факультеті

Реферат

Пәні: Мәдениеттану

Тақырыбы: Мәдениет және дін

Орындаған: ЮП-19-3 тобының студенті Базарбаева Алтын

Қабылдаған : Тоқбаева Лариса Қасқырбайқызы

Ақтау, 2019 ж.

Жоспар:

І. Кіріспе:

 ІІ. Негізгі бөлім:



2.1. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы

2.2. Әлемдік діннің таралуы

2.3. Дүние жүзі халықтарының діни құрамы




ІІІ. Қорытынды:

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамғаұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулауеңбек құралдарын жасау, от жағутамақ пісірукиіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты,кейініректе білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды.  Информатика дамыды, оларды микрофонмагнитофонкомпьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. «Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – «сыйлық», «үкім», «есеп», «жаза», «мойынсұну», «бағыну», «құлшылық», «шариғат», «заң», «жол», тіпті кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды. Ал «діннің» терминологиялық мағынасын, Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Аллаһтың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері т.б. Дін бүкіл әлемнің жаратушысы тек Аллаһ Тағала тарапынан ғана жіберіледі. Дін адамға Аллаһ Тағаланың таңғажайып даналыққа құрылған жаратылысының алдындағы мақсат-міндеттерін айқындап береді. Дін адамға екі дүниенің бақытына апаратын тура жолды көрсетеді. Адамның бүтін іс әрекетін қайырымдылыққа, ізгілікке бағыттайды. Дін пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізілген Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдарынан тұратындықтан тек уахиге ғана сүйенеді. Діннің ең басты ерекшелігі осы уахи арқылы келуінде. Дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады. Бойдағы бұл сезім адамды ерте ме, кеш пе әйтеуір бір тылсым күшке сенуге жетелейді. Тарихи деректерге көз жүгіртсек дінсіз (яки, имансыз) адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж. Сонымен қатар қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.

2.1. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы

Мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни, адам мәдениетті жан. Адам – табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екеніне күмән жоқ. И.Гердердің тілімен айтқанда, адам – табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі. Ғасырлар – адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді. Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеялдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген занды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Ж.П.Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы — адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр — азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым. Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам ұғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар: Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті». Маугли — көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.

Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің арақатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның басты міндеті. Реттеу қызметі. Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек алған-ды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айла – шарғы үлгілерін көреміз. Айталық ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпарат жинаған жоқ. Солай болса да елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі. Коммуникативтік, қарым – қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым – қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы – әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте – қарым –қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар алмасуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық шеберлік тәжірибелерімен сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. «Мәдениет дегеніміз не?» – деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият»- қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні – мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б.; б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.). Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтарын, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы «ақыл-ой» мен ең жоғарғы әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін «жетілдіру», оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда «табиғи» бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды «жетілдіру» тұрғысынан адамзат баласының алдына тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рациональдылық қана емес екендігі айқындалып ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер – махаббат, үміт, сенім және т.б. жаңа сатыға көтерілді. Адам өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес. Құдайды тануда. Адамның бақыты мен бостандығы оның тәуелсіздігінде емес, оның Құдай тағаланың ықпалында болуы мен оның рухани бірлікте екендігін мойындауында. Міне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Міне осындай сипаттарға ие болған ортағасырлық мәдениеті мен тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуымен сипатталады. Көне заманнан бастап ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі мәдениеттанымдық ойдың дамуын ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, мынандай қысқаша қорытындылар жасауға болады. Еуропада кеңінен тараған мәдениет жөніндегі ұғым діни сипатта болды және ол мынандай қағидаларға келіп тірелді: мәдениетті ақыл – ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну (энциклопедистер); мәдениетті – ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант); мәдениетті-эстетикалық, көркемдік шығармашылық қызмет арқылы білу (Шеллинг); ең соңында мәдениетті-адамзаттың тегіне қатыстылығы және оның абсолюттік идея мен дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель); адамзат мәдениеті үздіксіз дамып, өркендей отырып эволюция мен прогрестің жалпы сандарына сөзсіз бағынады. Бірақ біз қарастырған кезеңде мәдениеттің материалдық негізіне мән берілмей (әңгіме Л.Г.Морган мен Тайлордан басқа Маркске дейінгі мәдениет жайындағы концепциялар туралы болып отыр), мәдениетті тек құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып, бұл ұғымға мәдениеттің – ғылым, адамгершілік, өмір, философия, құқық және т.б. сияқты салаларын ғана енгізген.

2.2.Әлемдік діндердің таралуы

Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып, билеп, зікір салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет: 1) өмір — азап; 2) азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса — азаптан құтылады; 4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аїимса — адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бір көрінісі). Аїимсаны жүзеге асыру үшін Будда Веданы жоққа шығарды. Себебі Веда уағызы бойынша құрбандық шалу дәстүрінен мал көп сойылушы еді. Веда ілімі бойынша жан иесі үш болмыстан тұрады: жан, әркімнің өзіндік қасиетін құрайтын нәзік болмыс және тән. Ал Будда осының соңғы екеуін ғана мойындап, жанды және оның мәңгілік екендігін жоққа шығарды. “Егер адам өлгеннен кейін нәзік болмысы әлемдік болмыспен араласатындай болып жетілсе, ол бұл өмірде қайта тумай, туу — өлу айналымынан (самскара) құтылады, яғни, фәни өмірдің азабынан құтылады” деді. Мұны “шуньявади” (бос кеңістік, яғни, өлгеннен кейін ештеңе жоқ) философиясы деп атайды. Будда діні өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу — өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. 5 ғ. — б.з. басы); екінші, бодхисаттва — құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол ваджраяна деп те аталды.

Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде ‘anointed’ — орыс тілі ‘помазанный’ — қазақша ‘басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу’) — Христиан дінінде Иисус Христос (Иисус помазанный) мессияға теңеліп (қара Иса), құдайға баланды. Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады: 1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн); 2) апостолдардың арнаулы хаттары; 3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар; 4) ақыр заман туралы өсиет. Христиан дінінің 3 тармағы: проваславие, католицизм, протестанттық.

Православие – құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух), Иисус Христостың құдай кей­піне өтуі, күнәсін жууы, қайта тірілуі және көкке көтеріліп кетуі болып табылады. Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Серб, Чехословак, Эллада және 4 автономдық: Крит, Синай, Фин­ляндия, Жапондық шіркеулер православиелік діндарларға қызмет етуде.

Католицизм (гректің Кatholikos – жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) – бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Католицизмді шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священник жұмыс істейді.

Протестантизм – (лат. Рrotestants – қарсы келуші, келіспейтін деген мағына) христиандықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды[4].

Исла́м (араб.: إسلام‎ [ʔɪsˈlæːm]) — монотеистік, ханиф — Ибраһим пайғамбардың діні. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһның заңдарына) «мойынсыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында ислам — толық мойынсыну, Аллаһның алдында парыздарды орындау, одан басқа Құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Құран Кәрім — классикалық араб тілінде жазылған. Исламдық көзқарас бойынша Аллаһның Діні және пайғамбарлардан жеткен Кітаптар өзгеріске түскен. Осы себепті әрдайым адамзат баласын тура жолға салу үшін Аллаһ әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим-Авраам, Мұса-Моисей, Иса-Иисуст.б. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар ол Мұхаммед (с.а.с.).

Исламдағы бөлімдер: Сунниттер яғни Аһл ас-Cунна (араб.: سنة‎ — “Сүннетті ұстанушылар”) — Сүннетке мойынсұнып, оны қолдап-қуаттаушы сунниттер тобының атауы. Сунна — шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол Мұхаммедтің (с.а.с) іс-әрекеттері мен айтқан өсиет, тұжырымдарынан тұрады. Аһл ас-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифты мойындау (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли), алты хадистер жиынтығын мойындау (Мұхаммад б. Исмайил әл-Бұхари, Муслим б. ан-Найсабури, әл-Хаким ат-Термизи, Әбу Дауд, ан-Насаи, ибн Маджи) және төрт мазһабтың (ағымның) біріне тиістілігі (мәликашылар, ханифашылар, ханбалшылар, шафийшылар). Аһл ас-Суннаға жататындар Иран мен Ирактан өзге (бұл екі елде шииттер саны басым) мұсылман елдерінің бәрінде өмір сүреді. Қазақ халқы да Суннаны мойындаушыларға, яғни аһл ас-Суннаға жатады және ханифшылар ілімін ұстанады.

Суфизм (сопылық) — исламдағы «құпия» ағым, классикалық араб-мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл жол рухты бөгде кері әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне жақсы жақтарды тарта білуді үйретеді.

Шиизм — Ұстанушылары тек қана Құранды мойындап, сүннет амалдарының көп ережелерін терістейтін, мұсылмандардың заңды басшылары имамдар деп есептеп, сүннеттік халифтерді мойындамайтын Исламдағы екі негізгі бағыттың бірі. Шииттер әлемдегі бүкіл мұсылман қауымының он пайызға жуығын құрайды. Исламның бұл бағытын Иранның түгеліне жуығы,Ирактың жартысынан көбісі, Әзірбайжан, Ливан, Йемен және Бахрейн мұсылмандарының елеулі бөлігі ұстанады. Қазақстанда шииттікті әзірбайжан ұлт өкілдерінің өте аз бөлігі ұстайды.

2.3.Дүние жүзі халықтарының діни құрамы

 Ең үлкен, бірақ басым түспейтін дін  Христиандық (жалпы халықтың33.0 %) болып табылады.

Жер халқының бесінші бөлігі Исламды (Жер халқының 19.6 %) уағыздайды.

13.4 % Индуизм.

6.4 % Кытай этникалық діні.

5.9 % Буддистер.

3.6 % Этникалық діндер.

1.7 % Жаңа азия діндері.

Бір пайыздан азды мынадай діни топтар құрайды

Сикхисттер (Sikhs) — 23 млн. адам, шамамен 0.3 %.

Иудаисттер — 14 млн. адам, шамамен 0.2 %.

Бахаисттер — 7 млн. адам, шамамен 0.1 %.

Әр діннің әрбірі орташа еуропа елінің халқына сәйкеседі немесе асады. Мысалы иудаистер орташа бір жарым есе Австрия, Греция немесе Португалия елдерінің халқынан асады. Діни өмір жиегінде квази-діндер жатыр- 80 млн., шамамен Жер халқының 1.4 %. Діннен тыс Жер халқының 12.7 % жатыр. Ешбір дінді уағыздамайтын адамдарды атеистер деп атауға болмайды. Діннен тыс адамдар дін саласынан тыс болмауы да мүмкін. Бұл топқа түрлі себептермен өздерін қандай да бір конфессия мүшелеріне жатқызбайтын және өзінің діни тағылымы мен өзінің діни қатынастарын дәл анықтай алмайтын адамдар кіреді. Осы топқа діннен тыс және тұтас дін саласынан тыс адамдар кіруі мүмкін. Олар үшін дін жоқ, себебі діншілдік жоқ. Діннен тыс халыққа дінге қарсы тек — атеизм (жер халқының 2.5 %) жатады. Барлық дінге қарсы шыға отырып олар діни сенімнің көптеген белгілеріне ие. Атеизм жоқтыққа, дін барға сенеді.

Діннен тыстар мен атеистер бірлесіп Жер халқының 15.2 % құрайды.

Діндерді құрлықтар бойынша тарату: (дін уағыздаушылар санынан %)

Христиандар:Африка — 18 %, Азия — 15.6%, Еуропа — 28 %, Латын Америкасы — 24 %, Солтүстік Америка — 13 %, Мұхит аралдары — 1.3 %

Мусульмандар: Африка — 26.7 %, Азия — 70 %, Еуропа — 2.7 %, Латын Америкасы — 0.14 %, Солтүстік Америка — 0.37 %, Мұхит аралдары — 0.03 %

Индуисттер:Африка — 0.3 %, Азия — 99 %, Еуропа — 0.2 %, Латын Америкасы — 0.1 %, Солтүстік Америка — 0.2 %, Мұхит аралдары — 0.04 %.

Діннен тыстар мен атеисттер:Африка — 0.6 %, Азия — 79.5 %, Еуропа — 14%, Латын Америкасы — 2.0 %, Солтүстік Америка — 3.3 %, Мұхит аралдары — 0.4 % [6].

2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында өткен халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 70 пайыз мұсылман, 2,8 пайыз атеист, 26 пайыз христиан тұратыны мәлім болды. Бұл туралы Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Ә.Смаилов хабарлаған. (ИА Новости-Казахстан). Негізінде дін адамзатты ізгілікке тәрбиелеп, елді ұйыту негізінде пайда болған. Ал діни ағымдар ше? Олардың мақсаты «Жеріңді жаулап, еліңді күң қылып аламын» дегеннің кері. Дүние жүзілік діндер, олардың тарихы туралы не білеміз? Қазақтың дәстүрлі діні дегенді қалай түсіну қажет? Ойымызды осы мәселелер төңірегінде өрбітсек…

Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.

Мысалы, 1969 жылы Америка Құрама Штаттары арақты харам еткен заң шығарады. Оны iшетiндердің мал-мүлiктерiн тәркiлеп, алты ай абақты жазасы белгiлендi. Әйтсе де, заңды орындауға, оны қысқа мерзiмде iске асыруға мүмкіншілік болмады. Бiрiншiден, қоғамдағы адамдарды түгелдей абақтыға жауып, дүниелерін түгелдей тәркілеу қажет еді. Ал олай жасалмаған жағдайда заңның күшін жою керек болды. Әрине заңның күші жойылды. Осындай жағдай 1400 жыл бұрын Араб түбегінде орын алған. Онда арақтан тыйылу Алланың бір-ақ сөзімен іске асты. Ол – Алланың: «Сендер тоқталасыңдар ма, жоқ па?» – деген бұйрықты сұрағы еді. Арақтан тыйылу әлеуметтік қажеттілік деп шешті де, жауап қатты: «Біз тоқталдық, ей иеміз…» – деп ыдыстағы арақтар түгелдей жерге төгілді. Сол кезде төгілген арақтан көшелер шылқып кетті. Міне, мұсылмандар арасында арақ ішу осыдан бастап тоқталды. Демек, арақты харам етіп заң шығарудан ештеңе шықпай, Алла тағаланың өзі берген тыйымды, шапағатты жол адамның жүрегімен астаса жұмыс істегенде ғана нәтижесін көрсетті. Бұл мысалдан діннің мемлекеттік саясатқа әсерін де көре аламыз. Негізінен мемлекетте қай дін «ресми» дін ретінде мойындалса, мемлекеттік саясат соның ыңғайына құрылады. Зиянды ағымдардың өз үстемдігін орнатуға барынша ұмтылу себебі сонда жатыр. Діннің құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек», – деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. 



Қорытынды

Адам баласы өмірінің ең басты мақсаты –  мәдениет ұстындарына сүйеніп, өзінің бойындағы қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелеп, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін институт болып табылады. Мәдениет туралы ХХ ғасыр гуманисі Альберт Швейцер былай деген: «Мәдениет дегеніміз адам баласының және бүкіл адамзаттың алға қарыштауының жиынтығы, ал бұл қарыштау индивидтің рухани жетілуіне ықпал тигізуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, бұл қарыштау мәдениетке апармайды»      (Швейцер А. Культура и этика. – М.: Прогресс, 1973. – 103 б.).  Яғни, бұл алға қарыштау деген адам баласының рухани жетілуінің белгісі болып табылады және солай болуы тиіс. Алға қарыштау дегеніміз тек ғылыми техникалық прогресс емес, керісінше, рухани дүниенің, қазынаның, құндылықтың, болмыстың өркендеуі болуы керек Бүгінгі заман – мәдениеттердің жаһандану кезеңі. Жаңа сапаға көшер алдындағы, яғни, өз дамуының ең биік сатысы – біртұтас адамзаттық өркениеттке құйылар алдындағы қарбалас шағы. Жаһандану – өркениеттің кезекті даму сатысы. Қазіргі әлемдік мәдениет пен өркениетте ерекше ықпал тигізіп отырған жаһандану-өмірдің барлық салаларын қамтып отырған күрделі процесс. Ол дүниежүзілік адамзат қоғамының даму заңдылықтарын айқындайтын факторлардың бірі ретінді қоғамда тіл мен дінімізге, рухани кеңістігімізге әсер етеді. Еліміздің жүріп өткен жолы, өзінің тозбас мәдениеті мен бай рухани мұрасы бар. Ол мұраға тікелей әсер еткен – ис­ламның ірі ғұламасы Әбу Ханифаның ілімі. Бұл бағыт – әр халықтың өзіне тән қайталанбас мәдениеті мен рухани құн­ды­лықтарын құрметтеуге үйрететін маз­һаб. Кешегі біз білетін Ясауи, Абай, Шә­кәрім осы жолмен жүріп, дана­лыққа жеткен.
Ал, қазіргі таңда неше түрлі ағымдар дінімізді бұра тартып үйретумен қоймай, ұлттық құндылықтарымызды да аяқасты етуде. Тіпті, кейбір «мұсылманмын» деп жүргендердің өзі ұлттық дәстүр жайлы ләм-мим демейді. Өздері қазақ бола тұра, «мұсылманмын» деп дінін айтса да, «қазақпын» деуге ауыздары бар­майды. Өз ұлтының бай тарихын, мұра­сын білмейді. Ондайлар Ұлы Дала елінің ертеңіне қалай ие болады? Сон­дықтан, дін саласында жұмыс істеп, болашақ ұрпақтың тәрбиесімен айна­лысып жүрген азаматтарымыз жас­тарымыздың көкейіне ұлтжан­ды­лықты, отансүйгіштікті құйса екен деген тілегім бар.
«Дін» деп, «саясат» деп бөлінуге дайын тұратындар – өз Отанын сүй­мей­тіндер. Мұхаммед пайғамбардың өзі: «Біріккенге береке бар, ыдырағанға азап бар» дейді. Яғни, исламның да көзде­гені – бірлік! Сол себепті, біздің діни ұстанымымыз – ел бірлігі болуы тиіс. Сонда ғана Алаш ұшпаққа шыға алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. www.muftyat.kz

  2. “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

  3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

  4. «Егемен Қазақстан» газеті, 23 мамаыр, 2012 жыл

  5. Ислам. Энциклопедиялық сөздік. М.: «Ғылым», Шығыс әдебиетінің басты редакциясы, 1991. — 315 бет. — ISBN 5-02-016941-2 — бет.68-69.

  6. www.religions-congress.org › Діндер › Дін және қоғам

  7. www.Bigox.kz қазақша рефераттар

  8. Дін және қоғам, 8-Ақпан, 2011 жыл 9.https://baribar.kz/student/6295/


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет