Реферат пәні: Саясаттану және әлеуметтану негіздері Тақырыбы: «Әлеуметтік топтар» Тексерген: Жунусов А. К


Әлеуметтік топтар бұқаралық әлеуметтік қауымдастықтардан өзгеше



бет2/4
Дата21.05.2020
өлшемі31,79 Kb.
#70196
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
20.05.2020 ЕРКЕЖАН САЯСАТТАНУ ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ

Әлеуметтік топтар бұқаралық әлеуметтік қауымдастықтардан өзгеше:

1) олардың кеңістікте және уақытта өмір сүруінің беріктігі мен тұрақтылығына жағдай туғызатын орнықты өзара іс-әрекетімен;

2) салыстырмалы түрде алғанда жоғары топтасу дәрежесімен;          

3) құрамының айқын көрініп тұрған біртектілігімен, яғни топқа кіретін барлық жеке адамдарға тән белгілердің болуымен;                      

4) құрылымдық құралым ретінде неғұрлым қалың қауымдастықтарға кіруімен сипатталады.

Бұдан шығатын қорытынды – адамдардың топқа бірігуінің кез келгені әлеуметтік топты құрай бермейді. Күнделікті өмірде біз адамдардың субъектілер арасындағы өзара байланыстар мен өзара іс-әрекеттердің тұрақсыздығы, қысқа мерзімділігі, тарлығы тән (тобыр, тыңдармандар аудиториясы, әлеуметтік топтар және т.б.) бірлестік-терімен жиі ұшырасамыз. Олар шынтуайтына келгенде әлеуметтік топтар болып санала алмайды, сондықтан да көбіне квазитоптар деп аталады.

Әлеуметтанушылар “әлеуметтік топ” ұғымын әр қалай анықтайды.

Р.Мертон әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, оның үш айырмашылық белгісін бөліп көрсетеді – өзара іс-әрекет, мүшелік және сәйкестілік. Ұқсас анықтама бере отырып, Н.Смелзер адамның мінезін көбіне оның қандай да бір топтың адамы екендігімен түсіндіретінімізді айтады. С.С. Фролов әлеуметтік топты оның әрбір мүшесінің басқаларға қатысты белгілі бір жолмен қарым-қатынаста болатын жеке адамдардың жиынтығы деп түсінеді. Бұл анықтамада жиынтықты топ деп санау үшін қажетті екі маңызды шартты көруге болады:

1) оның мүшелері арасындағы өзара іс-әрекеттің болуы;         

2) топтың әрбір мүшесінің басқа мүшелерге қатысты әрекетерінің болуы.

Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет