Реферат пәні: Саясаттану және әлеуметтану негіздері Тақырыбы: «Әлеуметтік топтар» Тексерген: Жунусов А. К



бет1/4
Дата21.05.2020
өлшемі31,79 Kb.
#70196
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
20.05.2020 ЕРКЕЖАН САЯСАТТАНУ ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ
ГРАМОТА, БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ



РЕФЕРАТ

Пәні: Саясаттану және әлеуметтану негіздері

Тақырыбы: «Әлеуметтік топтар»

Тексерген: Жунусов А.К

Орындаған: «Бастауыш білім беру»

мамандығының ІІІ курс студенті

Назарбекова Еркежан Ержанқызы

Өскемен қаласы, 2020 жыл

Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып табылады.

Әлеуметтік қауымдастық – салыстырмалы тұтастығымен ерек-шеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы. Әлеуметтік қауымдастықтарды зерделегенде бірқатар сәттерді ескерген жөн:

Біріншіден, әлеуметтік қауымдастықтар ғалымдар жіктеп бөлетін ойша құрылған абстракциялар емес. Олардың өмір сүруін эмпири-калық тіркеуге және тексеруге болады.

Екіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар – жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың немесе өзге де әлеуметтік құралымдардың жиыны емес, тұтас жүйелік сипаттамалары бар тұтастық.

Үшіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік қарым-қатынастар объектілері болып табылады. Бұл олардың өз дамуының және өзін-өзі ұсынуының көзі болып табылатынын білдіреді. Әлеуметтік қауымдастықтың қалыптасуы және қызмет атқаруы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік іс-әрекеттер мен қатынастар негізінде жүреді.

Белгілерінің күрделі жиынтығы барлық қауымдастықтарды неғұрлым кең ауқымды екі ішкі тапқа, бұқаралық және топтық қауымдастықтарға бөлуге мүмкіндік береді.

Бұқаралық қауымдастықтар мынадай белгілерімен сипатталады:



  • белгіленбеген сапалық және сандық құрамы бар неғұрлым кеңейтілген шекаралы құрылымдық бөлшектелмеген солқылдақ құралым болып табылады;

  • оларға жағдайға қарай өмір сүру тән, яғни олар қандай да бір қызметтің негізінде және шекарасында құрылып, қызмет атқарады, олардан тыс болуы мүмкін емес, сондықтан да тұрақсыз, бір жағдайдан екінші жағдайға дейін өзгеріп отыратын құралым болып шығады;

  • оларға құрамының әртектілігі, топаралық табиғат тән, яғни бұл қауымдастықтар таптық, топтық, этникалық және өзге де шекара-ларды бұзады;

  • өзінің аморфтық құралуы салдарынан олар неғұрлым қалың қауымдастықтар құрамында болуға, олардың құрылымдық бірлігі болуға қабілетсіз. Бұқаралық қауымдастықтардың типтік үлгісі қалың саяси немесе экологиялық қозғалысқа қатысушылар, эстрада жұлдыздарына бас июшілер, спорт командаларының жанкүйерлері және т.с.с.

Әлеуметтік қауымдастықтардың басқа бір маңызды түрі әлеуметтік топтар болып табылады. Әлеуметтік топ ұғымының әлеуметтануда бірнеше мәні бар. Барынша кең мағынасында ол тұтас қоғамды, тіпті барлық адамзатты қамтиды. Неғұрлым тар мағынасында бұл ұғым қоғамның ішінде белгілі бір жеке бастық, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлесіп қызмет атқаратын адамдардың азды-көпті жиынтығы болып табылатын ішкі жүйені бөлу қажет болған кезде пайдаланылады. Бұл орайда “әлеуметтік топ” ұғымына адамдардың аса көп санды бірлестігі ретіндегі әлеуметтік қауымдастық және адамдардың сан жағынан салыстырғанда шағын жиынтығы ретіндегі әлеуметтік топтың өзі де кіреді (ал әлеуметтік топтардың өздері де үлкен және кіші болуы мүмкін). Бұдан әлеуметтік топты үшінші, бұдан да тар мағынасында түсіну қажеттілігі келіп шығады, ол көбінесе солай болады да.

Бұл ретте ойда болар маңызды нәрсе, әлеуметтанушылардың бір бөлігі “әлеуметтік топ” пен “әлеуметтік қауымдастық” ұғымдарының арақатынасын анықтаған кезде біріншісін негізге алып, әлеуметтік қауымдастықты үлкен, бұқаралық әлеуметтік топ ретінде қарастырады; ал басқалары – екіншісін негізге алып, әлеуметтік топты шағын әлеуметтік қауымдастық деп есептейді. Сондықтан аталмыш ұғымдарды бөлу неғұрлым шартты түрде алынады, өйткені бұл орайда тапты да, ұлтты да, отбасын да әлеуметтік қауымдастық ретінде де, әлеуметтік топ ретінде де қарастыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет