Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері:
1) құрам санының аздығы;
2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы;
3) өмір сүру ұзақтығы;
4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы;
5) топқа кірудің еріктілігі;
6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.
Шағын топтарды қандай түрлерге және типтерге бөлуге болады? Зерттеу мақсаттарына қарай бір емес, бірнеше тұрпаттама болуы мүмкін. Егер де бізді топ мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынастарының тереңдік дәрежесі қызықтыратын болса, онда топтарды ресми және бейресми топтарға бөлеміз. Олардың алғашқысы – мынадай негізгі ерекшеліктері болатын ресми ұйым-дардың түрлері:
– ол ұтымды, яғни оның негізінде орынды, белгілі мақсатқа қарай саналы түрде қозғалу принциптері жатыр;
– ол принципті түрде тұлғасыз, яғни жасалған бағдарлама бойынша араларында жетілген қарым-қатынастар орнайтын абстрак-тілі жеке адамдарға арналып есептелген. Мұндай топты, әдетте, неғұрлым жоғары деңгейдегі әлеуметтік жүйе құрайды, оның функцияларын да, құрылымдарын да береді. Мұндай топтағы көшбасшының беделі, мәртебесі тек қана оның жеке басының қасиеттерімен емес, “жоғарыдан”, сырттан алатын лауазымымен де анықталады.
Бейресми топқа келер болсақ, ол мүшелерінің бір-біріне тұлғалық, эмоциональдық икемделу қатынасының нәтижесі ретінде құрылады; ол оны құрайтын жеке адамдардың бастамасы бойынша аяқ астынан (өздігінен) жасақталады. Шағын топтардың қызметінде ұйымдардың барлық белгілері айқын көрініс табатын болғандықтан, бейресми топтар да ресмиден тыс (ресми топтардың шеңберінде қалыптасатын) және әлеуметтік-психологиялық (кез келген жерде пайда болатын) болып бөлінуі мүмкін.
Шағын топтарды бастауыш және екінші деп бөлу тұрпаттаманың маңызды түрі болып табылады. Мұндай бөлудің салыстырмалы екендігін әуел бастан ескерте кеткен жөн. Бастауыш топ – мүшелерінің өзара байланысулары жоғары (кейде неғұрлым жоғары) жиілігімен және тығыздығымен ерекшеленетін шағын топ. Бастауыш топ көбінесе басқа шағын топтың құрамдас бөлігі болып табылады, бұл жағдайда ол алғашқы топқа қатысты алғанда екінші топ болады. Егер де біз мысал ретінде студенттік (академиялық) топты қарастырар болсақ, онда ол бірнеше топтарды біріктіретін курсқа (лекке) қатысты алғанда бастауыш топ болады.
Достарыңызбен бөлісу: |