2. «Центральная Азия в XIV-XVIII вв глазами востоковеда» еңбегі ортағасырлық Қазақстан тарихының дерегі ретінде. Қазақстандық шығыстану ғылымының корифейі В.П Юдиннің бұл еңбегі автор дүниеден өткеннен кейін арада 18жыл уақыт салып барып қана 2001 жылы жарық көрді [14, 187-188 бб] . Бұл кітаптың жарық көруде зерттеушінің аяулы жары , бүгінде Қазақстан тарих ғылымындағы белді мамандардың бірі Ю.Г Баранова мен зерттеушінің шәкірті белгілі ғалым, тарих ғылымдарынығ докторы, профессор М.Қ. Әбусейтовалардың еңбегі зор. Бұл еңбектің жарық көруі қазақстандық тарихнама ғылымының ірі жетістігі, әрі тарихи әділеттіліктің қалпына келтірілуі ретінде бағаланды [2, 18-22 бб].Себебі бұл жинаққа ғалымының кезінде әртүрлі себептермен, соның ішінде жоғарыдан ғылымға тікелей араласу нәтижесінде жарияланбай қалған біршама іргелі зерттеулері енген. олардың көпшілігі 1960-1970 жылдары жазылған еңбектер. Бұлардың көпшілігі осыдан 30 жыл бұрын жарық көрген болса, кейбіреулері жоғарыда айтып өткеніміздей алғаш жарияланып отыр. Бұл еңбектер парсы түркі жазба деректері, ру-тайпалық қүрамы, этнонимдер этимологиясы, дін және т.б. маңызды проблемаларға арналған. Жинаққа енген еңбектердің ортғасырлық қазақстан тарихының дерегі ретінде талдау жасап көрелік.
В.П Юдиннің өмірі мен шығармашылығында қазақ халқының XY-XYIII ғасырлардағы тарихының парсы және түркі деректері мақаласы айрықша орын алады. Бұл еңбектің жазылуы 1967 жылы ҚазССР ғылым академиясының Тарих, археология және этнография иниститутының XY-XYIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы бойынша материалдар (Парсы және түркі шығармаларынан үзінділер) аттты ұжымдық үлкен еңбекті аяқтауларымен байланысты болды. [2, 35-36 бб]. Қазақстандық шығыстанушылар С.К Ибрагимов, Н.Н Мингулов, К.А Пищулина, В.П Юдин жазған және олардың Санкт-Петербугтік әріптестері О.Ф Акумишкин, М.АСалахидинова белгілі бір дәрежеде қатысқан көп жылдық еңбек шығыстанушы ғалымдар тарапынан лайықты бағаға ие болды. Осы еңбектің аяқталар кезінде С.К Ибрагимовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жинаққа басшылық жасау В.П Юдинге жүктеледі. В.П Юдиннің осы жинақтағы еңбегі зерттеу жинағының ғылыми деңгейнің жоғары болуына үлкен үлес болды деп бағаланады [10, 652-б].
ҚХТМ-ға В.П Юдиннің 17 деректанулық мақаласы енді. Бірақ біз қарастырып отырған мақаласы жинаққа жалпы алғы сөз ретінде жазылған еді. Бұл мақала қазақ халқының XY-XYIII ғасырлардағы тарихы бойынша парсы және түркі жазба деректерін топтастырады.Мұнда Шайбанид, тимурид, сефевид, аштраханид Хиуа, үстем тап, олиграфиялық шығармалар тобын даралады. В.П Юдин Қазақстан тарихы бойынша деректерді анықтау мен іріктеу жұмыстарын мұқият жүргізді. Бұл мақала жалпы алғанда – қазақ халқының теорялық деректануына қосылған қомақты үлес болып табылады. Бірақ өкінішке орай, мақала ҚХТМ –ды дайындап, баспаға берер соңғы кезеңде алынып тасталды. Бұл да болса кеңестік тоталитарлық жүйенің ғылымға көпе көрнеу араласу, оны бұрмалауының салдары еді. Өкінішке орай осы мақаланың алынып тастауына байланысты ҚХТМ жинағының ғылыми құндылығы да төмендегені де рас [3, 22-б].
ҚХТМ жарық көргеннен кейін арада 30 жыл өткенде ғана бұл мақала жарық көрді. В.П Юдин XY-XYIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихының парсы және түркі деректері деген бұл мақаласында XY-XYIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихына қатысты деректердің өте аз екндігін атап өтеді [2, 6-б]. Түркі және парсы тілдерінде жазылған шығармалардың басым көпшілігінің авторы Алдыңғы, Орта және Орталық Азия ғалымдары екендігі белгілі. Сондықтан көптеген ғалымдар қазақ халқының өз өкілдері жазған тарихи шығармалардың болуы мүмкін екндігін былай қойғанда, тіпті олардың арасында сауаттылықтың болуының өзіне күмән келтірген еді. В.П Юдин қазақ билеушілерінің ордаларында жылнамашылармен ақын жыраулар ұстағанына шек келтірмейді . Ол тіпті Тәуекел ханның парсы тілінде ортаазиялық қожалар мен хандарға жазған өлеңдерінің кейбір үлгілері Бадр-ад –Дин ал-кашмирдің “Рауқат ар- риқош ва хадижат ал-ишман” (жұмақ бағы және бекзадалар тоғайы”) шығармасында сақталғанын алға тартады. Сондықтан XY-XYIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша оның өз өкілдері жазған шығарма жалғыз Қадырғали Жалайырдың “жылнамалар жинағы” ғана болуы мүмкін емес [15, 17-б]. Осы бағыттағы ойын жалғастыра отырып В.П Юдин зерттеуші А.А Семеновтың сөзін келтіреді “не мог же Шайбани хан получить такое оброзование в кочевьях своего деда Абулхаир хана или на седле своего коня в своей последующей бранной, полной тревог жизни, даже проживая за это время два-три года в Бухаре и Самарканде”... может быть ,ближайший к кочевьям узбеков Дешт и- Кипчака тимуридский город Туркестан (или другой город ) был тем рассадником просвещимя в мусмулманском духе где получало оброзования знатная узбекская молодежь [15, 18-б]. Зерттеуші А.А Семеновтың соңғы қортындысын қазақ билеушілеріне қатысты да қолдануға болады деп есептейді.
В.П Юдин XY-XYIII ғасырларда Дешті-қыпшақ даласында орын алған саяси оқиғалар, саяси билік үшін қазақ, ноғай, шайбанидтер әулеті билеушілерінің арасындағы өзара соғыстардың сол заманда өмір сүрген авторлардың шығармаларының сипатына қатты әсер еткендігін атап көрсетеді. Сондықтан ол парсы –түркі тілдеріндегі жазба деректерді жіктемелік белгілері арқылы классификациялайды .
1.Шайбанидтік деректер тобы. Оған белгісіз автордың “Тауарих-и гузийда-йй иусрат-наме” , Шадидің “Фатх-наме” , Фаззаллах бен Рузбихани Исфаханидің “Михман –наме –йи Бухара”, Бинайдің “Шайбани-наме”, Абдаллах бен Мухаммад бен Али Насраллахдің “Зубдат ал-асар”, Масуд бен Усман кухистанидің “Тарих-и , Абу-л –хайр-хани”, Хафиз Таныштың “Абдаллах-наме”(Шараф-наме-йи шахи) Мухимидің “Зафар-наме”, Бадр ад –Дин ал –кашрмидің “Зафар-нами” ,Раузат арризван хадикат ал-шлман” атты шығармалары кіреді .
2.Шағатайлық деректер тобын Мырза Мұхамад Хайдар Дулаттың “Тарих-и Рашиди” , Шах Махмуд бен Мырза Фазыл Шорастың “Тарих” және белгісіз автордың “Тарих- Кашгар”шығармалары құрады.
3.Темір әулеті шығармалары тобына Захир ад-дин Бабырдың “Бабырнамасы” жатқызылған.
4.Сефевидтік шығармалар тобына Искандер-муминдің “Тарих-и ала мара-йи Абасси” шығармасын жатқызуға болады.
5.Аштрахандық деректер тобына Махмуд бен Уалидің “ Бахр ал –асрар фи манакиб ал –ахйар”, Сухайлдің “Имам –хули-хан наме”, сондай-ақ қыпшақхан немесе Имам құлы, құсбегі Субханкули –хан Вали,Туранның “Тарих-и кипшаки” немесе “Тарих –и кипшак” және “ Тарих-и Кипшакхани деп аталатын шығармаларды топтастыруға болады [16, 39-40 бб].
В.П. Юдин осылайша ортағасырлық жазба деректерді топтастыруды біршама бір ізге түсіреді. В.П Юдин сонымен қатар ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша маңызды деректер тобын әртүрлі сипаттағы құжаттар (хан жарлықтары, грамоталар, актілер және т.б) құрайтынын атап өтеді. Бірақ бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары болашақтың ісі екенін атап өте отырып, ҚХТМ – ға осы деректер тобын құрайтын екі грамотаны енгізгенін көрсетеді [9, 23-б] . Бұл грамоталар XY-XYIII ғасырлардағы қазақ хандығы үшін Сыр бойы қалаларының саяси, әлеуметтік экономикалық өмірдегі маңызын жаңа қырынан тереңірек талдауға мүмкіндік береді.
Жазба деректерді топтастыру мәселесіне қайта орала отырып, В.П Юдин оларды материалды баяндау типіне байланысты екі топқа бөлуге болады деп есептейді.
1.Жалпы тарихи оқиғаларды баяндайтын шығармалар.
2. Жеке тарихи оқиғаларды баяндайтын шығармалар.
Бірінші топқа жататын авторлардың шығармалары көбінесе компилятивті сипатта болады . Олар жалпы тарих оқиғаларды баяндау барысында өзінен бұрынғы авторлардың шығармаларына сүйенеді, сондай-ақ ол шығармалардағы мәліметтерді ешбір сыни толғаусыз көшіріп алады. Кейде тіпті олардың авторларын да атамайды. Міне осы сипаттағы шығармалар қатарына ҚХТМ-ға кірген деректерден “Тарих-и кипчаки”, Бахр ал –асрар”, “Зубдат ал-асрарды” жатқызуға болады.
Ал екінші топты құрайтын деректердің өзін В.П. Юдин екі бөлімшеге топтастырады . Біріншіден өз шығармасын тек қана бір билеушінің өмірі мен қызметіне арнаған авторлардың еңбектері құраса, екіншісін бірінен – кейін бірі билік құрған тұтас бір әулет тарихына арналған шығармалар қурайды. Мысалы бірінші бөлімшеге жататын шығармалар қатарында “Фатх-наме”, “Михманаме –ий Бухара”, “Шайбанинамені” атауға болатын болса, “ Тарих-и Рашиди”, “Тарих-и кашгар” және Шах Махмуд бен Мырза Шорастың “Тарихы” екінші бөлімшеге жататын шығармалар тобын қурайды [10, 20-22 бб]. Дегенмен зерттеуші деректерді бұлайша топтастыру барысында көрсетілген екі топ арасында нақты шектің жоқтығын да атап өтеді. Зерттеуші нарративті деректерді топтастырудың тағы бір түрін ұсынады.
1.Зайырлы сипаттағы деректер.
2.Діни сипаттағы деректер.
Бірінші топқа жатқызылатын деректер негізінен нақты тарихи фактілерді баяндаумен ерекшеленеді . Әрине ортғасырлық билеушілер мен олардың сарайындағы жылнамашыларының бәрі де ділдәр адамдар болғаны белгілі . Дегенмен олар өмірден орын алған нақты оқиғаларды баяндайды деп атап өтеді. Бұған мысалы “Тарих-и Рашиди”, Шах Махмуд бен Мырза Фазыл Шорастың “Тарихы” және т.б шығармаларды топтастыруға долады.
Екінші топты мұсылман дінінің әулиелері мен қасиетті адамдарының өмір тарихын баяндайтын діни тракаттар құрайды . Бұл шығармаларда да нақты тарихи оқиғалар біршама аңыз-афсана негізінде, көбінесе сол қасиетті тұлғалардың ерліктері, басынан өткен ғажайып оқиғалары негізінде баяндалады. Мұндай шығармалар қатарында Мухаммад Шарифтің “Тазкира –йи Ходжа Мухаммад Шариф” еңбегін атауға болады [14, 26-б].
Бұдан әрі Юдин ортағасырлық жазба деректерді жазылу стилі (өлең түріндегі, мадақ түріндегі т.б ) жағынан талдап, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі мен деректік құндылығына баға береді. Сонымен қатар парсы және түркі тілдеріндегі шығармаларға тән сипатты ерекшеліктерін талдайды. Мәселен парсы тілінде жазылған шығармаларға араб лексикасы мен грамматикалық конструкцясының көптігі тән . Ал түркі тіліндегі шығармаларға араб, парсы тілдерінде жазылған шығармалардан алынған лексикалық элементтердің, граматикалық конструкциялар мен тутас сөйлемдерді көшіріп алушылық тән [10, 27-б]. Зерттеуші түркі, парсы тілдеріндегі қазақ халқының тарихына қатысты жазба деректердің тағы бір ерекшелігін атап өтеді. Ол бұл шығармалардың көпшілігінің көпшілігіне тән. Атап айтсақ көп авторлардың өздеріне дейінгі шығармаларды көшіріп алуы. Мұндай жағдай әрине, шығарманың деректік құндылығын төмендете түсері анық. Сондықтан зерттеуші кейбір шығармалардың компилятивті сипатын анықтап білудің бірнеше жолдарын ұсынады. Бірақ мұндай ауыр текстологиялық жұмыс кейде еш нәтиже бермеуі мүмкін екендігін де ескертеді. Мәселен шайбанилік деректер тобына жататын шығармалар пайда болу мерзімі, оқиғаларды баяндау стилі және т.б жақтарынан бір-біріне өте ұқсас. Сондықтан бұл шығармалардың қайсысы басқаларының өзегі екендігін анықтау мүлде мүмкін емес [14,28-б]. Зерттеуші шайбанидтік деректер ішінен “Тарих-и Абу-л хайр-хани”, “Бахр ал асрар” , “Михман –наме Бухара” шығармаларын біршама тәуелсіз , дербес орындалған жұмыс деп санайды . Ал “Таварих-и гузийда-ий Нусрат-наме”, Шадидің “Фатх-наме” Бинайдің “Футухат и хали” және Мухаммед Салихтың “Шайбани –наме” шығармалары компилятивті сипаттағы деректер. Осылайша автор осы шығармалар өзегін Бинаидің шығармасы құрайдыма деген мәселені біршама талдайды [14, 29-б]. Сонымен қатар белгісіз автордың шығармасы ретінде санайтын “Тауарих-и гузида-йи нусрат наменің мүмкін болуы мүмкін автор ретінде Мухаммад Шайбани ханды атайды.
Мухаммад Шайбани хан Орта Азияны жаулап алғаннан кейін оған осы аймақтағы билікті сақтап қалу мен заңдастыру үшін басқа қару қажет болды. Ол идеологиялық құран еді . Жаңа идеология Мухаммед Шайбани хан билігінің заңдық негіздерін басқаларға мойындатуға тиіс еді. Сондықтан осы міндетті жүзеге асыру үшін “Тауарих....” жазылды. В.П. Юдин шығарманың көркемдік сапасы төмендігін атап өтеді. Сондықтан болар деп топшылайды зерттеуші Мухаммед Шайбани хан өз шығармасын сол замандағы атақты бір ғалымның атынан жариялағысы келгенімен көп ұзамай бұл ойынан бас тартқан болуы керек. Сондықтан шығарма авторы белгісіз күйінде қала берген [14, 30-б].
Сол кезеңдегі тарихи оқиғаларға көз жүгіртсек Ақ Орда иеліктерін өзара бөліп алған Маңғыт руы мен Шайбанидтер күшейеді. Үздіксіз әскери қимылдар мен тұрғындардың ағылуы, халықтың көшуі, децентралистік ағымдар мен маңғыт шайбанилық сепаратизмінің (бөлінушіліктің) күшеюі, мұның алдындағы Темір мен оның ұрпақтарының соғыстары – бәрі жиналып – Ақ Орданың саяси жағдайының әлсіреуіне және Шығыс Дешті Қыпшақтағы билеуші әулеттің дағдарысына алып келеді. Осы кезден бастап, даладағы билікті өздерінің хандығын құрып, Әбілхайырды билеуші етіп жариялаған Шайбанилар тартып алады. Маңғыттар да солар жағына өтеді. Бұл оқиғалар Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өміріндегі жаңа тарихи дәуірдің басталуын, Орда Ежен ұрпақтарының Ақ Орда державасын саяси аренадан кетуімен ерекшелінеді. Бірақ 40 жылдан соң-ақ Даланың заңды билеушілері Орыс хан ұрпақтары – Жәнібек пен Керей ата-бабасының жерін өзіне қайтарады. Мемлекеттік территориясын жоғалтқан олар оңтүстікке, Сыр бойындағы қалалар аймағына ығысады. ХҮ ғасырдың екінші жартысының басында Керей мен Жәнібек Әбілхайырдың наразылығын пайдаланып, даланың жоғарғы билігін өздеріне қайтаруға сәтті әрекет жасайды. Әбілхайырдың өлімі, оның әлсіз ұлысының ыдырауы мемлекеттің төменгі территориясындағы биліктің бірте-бірте қалпына келтірілуіне жағдай жасайды. Ақ Орда қалпына келтіріліп, өз тарихын жаңа кезеңін бастады деуге болады. Бірақ Орыс хан ұрпақтарын тарихта қазақтар деп атайды. Кейіннен, олардың ұлысына бәрі – халық, территория және мемлекет көшеді. Енді бұл бұрынғы мемлекеттік дәстүрдің тікелей мұрагері болған - Қазақ хандығының тарихы болып саналады. В.П. Юдин осындай тарихи оқиғалар нәтижелерінің жазба деректерге тигізген әсерін толық ашып көрсете білген.
Зерттеуші нарративті шығармаларды бірнеше топқа жіктегенін айттық . Юдин осы топтарды құрайтын деректерді мазмұны мен деректік мәліметтерін салыстыра отырып олардың өзара байланысын кесте түрінде береді.Мәселен Шайбанилік деректер: [14, 35-б].