Реферат Пәннің атауы: Қазақстан тарихының тарихнамасы Тақырыбы: В. П юдин еңбектеріне шолу



бет1/7
Дата15.12.2022
өлшемі61,36 Kb.
#162940
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Юдин 12 -14 ғ ғ қазақстан туралы




Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті


Реферат

Пәннің атауы: Қазақстан тарихының тарихнамасы


Тақырыбы:В.П Юдин еңбектеріне шолу.

Дайындаған: Мухамбеталиев Нурсултан


Тексерген: Ахметова Улжан
ЖОСПАР


КІРІСПЕ


І. В.П ЮДИН ЕҢБЕКТЕРІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕРІ
1. В.П Юдин өмірі және еңбектеріне тарихнамалық, деректік сипаттама
2. «Центральная Азия в XIV-XVIII вв глазами востоковеда» еңбегі ортағасырлық Қазақстан тарихының дерегі ретінде.


ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі: Тарих ғылымының дамуы, оның жетістіктері мен кемшіліктері кейде осы ғылым саласындағы ғалымдар есімімен тікелей байланысты десек те болады. Мәселен орыстың ірі шығыстанушы ғалымы В.П. Бартольд, қазақ ғалымы Е.Б. Бекмаханов сияқты зерттеушілер есімімен тұтас бір тарихи кезең оқиғаларын байланыстыруға болады. Соның ішінде отандық шығыстану ғылымының көшбасшысы, белгілі зерттеуші В.П. Юдинді атауға болады. Бүгінде В.П. Юдин есімі ортағасырлық қазақстан тарихының, әсіресе XIV-XVIII ғасырлар кезеңімен тығыз байланысты. Осы кезең бойынша қандай бір болмасын тарихи мәселені қарастырғанда В.П.Юдин есімін айналып өте алмаймыз.
Қазақстан тарихының түрлі аспектілерін, оның нақты тарихи даму жолдарын жан-жақты, терең ғылыми тұрғыда зерттеу және белгілі бір тарихи кезеңде Қазақстан аймағында өткен этно-саяси процестердің сипаттамасын беру тарих ғылымы үшін өзекті проблема болып табылады. Қазақстан тарихының аз зерттелген аспектілерін қарастыру халықтың тарихи зердесін қайтадан қалпына келтіруге септігін тигізеді. Қазақстан территориясындағы ұзаққа созылған этникалық процестер ХІҮ-ХҮ ғасырларда қазақ халқының қалыптасуы аяқталып, осы этнос негізінде алғашқы ұлттық мемлекет – Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ халқының этно-саяси даму жолдарын анықтай алмай тұрып бұл процестердің күрделілігін ұғыну мүмкін емес. Осы аймақтағы тарихи процестердің кейінгі барысына негіз болған ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы кезеңін ғылыми және обьективті түрде зерттеу міндеті туады. Осы тұрғыдан алғанда Отан тарихының осындай өзекті мәселелерін зертеген ғалымдардың еңбектерін талдап, оқып-үйрену өте маңызды болып табылады.
В.П.Юдиннің ғылыми шығармашылық қызметінде 1969 жылы жарық көрген XV-XVIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы бойынша материалдар («парсы, түркі шығармаларынан үзінділер» атты жинақтың маңызы зор). Жоба жетекшісі С.К.Ибрагимовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты бұл жұмысты аяқтау В.П. Юдинге жүктелді. Жоба авторының еңбегіне лайықты бағасын бере отырып, дегенмен ҚХТМ-ғы В.П.Юдин еңбегінің маңызы зор екендігін атап өтуімізге болады.
Дегенмен бұл еңбекті жариялау барысында сол кезеңдегі ғылымға көпе-көрмеу араласу, оны бұрмалау сияқты келеңсіз фактілер де орын алмай қоймады. ҚХТМ алғы сөзі ретінде жазылған В.П.Юдиннің «XIV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша парсы, түркі деректері» атты көлемді мақаласы жинаққа енбей қалды. Себебі автор ғылымнан алыс адамның автор болуына келіспеді.міне осы кезеңнен бастап ғалым қудалана бастады.
1983 жылы В.П. Юдин қайтыс болған кезеңде КазКСР Ғылым Академиясы хабаршысының қоғамдық ғалымдар сериясының (N 4) соңында некролог жариялайды. Бұл некрологты оқысаңыз артында қаншама мол ғылыми мұра қалдырған зерттеушінің ешбір ғылыми атақ, дәреже алмай өткенін көресіз.
Бүгінгі таңда ғалымның ғылыми мұрасын бағалап, оны оқып үйрену барысында қаншама ғылыми еңбектерінің автордың көзі тірісінде жарияланбағанына қарап қынжыласыз. Зерттеуші қайтыс болған кезеңде Түрікменстан ҒА мүше-кореспонденті, Ғ.Д., профессор С.Н. Агаджанов ғалымның шәкірті, белгілі зерттеуші Ж.Ғ.Д., профессор М.Д. Әбусейітова жазған хатында былай деген екен: «Мен біз ғалымдардың шын бағасын көзі тірісінде білмейтініміз туралы ойладым. Неге шынардың биіктігін өлшеу үшін оны өлім арасымен кесу керек» [1, 13-б].
Дегенмен ғалымның өзі өлгенмен оның артында орасан зор мұрасы қалды. Сондықтан бұл мұраны оқып үйрену, оны оған тарихының ортағасырлар кезеңіндегі күрделі мәселелерін шешуде тиімді пайдалана білу керек. Міне, мұның өзі біздің бітіру жұмысымыздың өзектілігін айқындай түседі. Әрине, бітіру жұмысы бұл бағытта болашақта жүргізілуі тиіс ұлан-ғайыр жұмыстардың бастамасы ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет