Реферат Пәннің атауы: Қазақстан тарихының тарихнамасы Тақырыбы: В. П юдин еңбектеріне шолу


Бітіру жұмысының деректік негізін



бет3/7
Дата15.12.2022
өлшемі61,36 Kb.
#162940
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Юдин 12 -14 ғ ғ қазақстан туралы

Бітіру жұмысының деректік негізін В.П.Юдиннің әр жылдары жарияланған еңбектері құрайды. Солардың ішінде жоғарыда айтып өткен 1992 жылы жарық көрген Өтеміс қажының «Шыңғыс наме» еңбегін атауға болады. Осы еңбекті орыс тіліне аударып, түсініктеме жазып, факсимилін жасаған зерттеуші осы дерек көзінің мәліметтері еңгізілді. «Ақ, Көк, Боз, Алтын… Ордалар» атты мақаласын жазды [5]. Осы еңбегінде алғаш түркі-моңғол халықтары өміріндегі шингизизм идеологиясының мәні, тарихи этнонимдерінің этимологиясы туралы тың тұжырымдарын ұсынды. Сондай-ақ XIV ғасырдағы қазақ даласындағы биліктің тайпа билеріне және Тоқа-Темір ұрпақтарының белгісіз әулетіне өтер [6], «Орыс ханның қазасы көшімдегі белгісіз дерек» [7], «Дешті-Қыпшақ тарихымен байланысты XIV ғаырдағы Сырдарияда қасиетті жыр-құтын мазарының салынуы туралы» атты мақалаларын жазды. Бұл мақалалардың барлығында қазақ мемлекеттілігінің құрылуының алғышарттары, оның себептері туралы жазба деректердің мәліметтеріне сүйенген тың тұжырымдар бар.
Айта кетерлік бір жағдай В.П.Юдин ұйғыртану саласы бойынша да іргелі еңбектер жазған ғалым. Бірақ біз негізінен Юдин еңбектерінен ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерін қарастырып отырғандықтан, негізінен ортағасырлық Отан тарихы мәселелері бойынша жазған еңбектерді ғана қарастырып отырмыз. Негізінен алғанда В.Л.Юдин жарияланған еңбектерінің тізімі жарық көрген [8]. В.Л.Юдиннің еңбектеріндегі ортағасырлық Қазақста тарихы мәселелерін қарастырғанда негізгі дерек көзі ретінде қарастырған еңбектерінің келесі тобы «Центральная Азия в XIV-XVIII веках глазами востоковеда» жинағында топтастырылған. Соның ішінде кезінде ХТМ-ға арнап жазылған «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша парсы, түркі деректері» атты әйгілі мақаласы алғаш жарияланып отыр [2, 289-296 бб].
Бітіру жұмысының хронологиялық шегі XIV-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Себебі, В.Л.Юдиннің еңбектері негізінен ортағасырлық Қазақстан тарихының осы кезеңіне арналған. Зерттеуші XIV ғасырды қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының маңызды кезеңі ретінде атап көрсетсе, XV- XVІІІ ғасырлардағы парсы, түркі деректемелерін аударып, ғылыми айналымға еңгізу, олардың мәліметтеріне деректанулық талдау жасау мәселелерімен айналысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет