Реферат Пәннің атауы: Қазақстан тарихының тарихнамасы Тақырыбы: В. П юдин еңбектеріне шолу


Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері



бет4/7
Дата15.12.2022
өлшемі61,36 Kb.
#162940
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Юдин 12 -14 ғ ғ қазақстан туралы

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Бітіру жұмысын жазу барысында қазақстандық ірі шығыстанушы ғалым В.Л.Юдин еңбектеріндегі ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерінің көтерілуі мен шешілу жолдары, нәтижелерін көрсету.
Жоғарыда айқындалған мақсатымызға жету үшін алдымызға мынандай міндеттерді шешуді қойдық:
- В.Л.Юдин еңбектеріндегі ортағасырлық Қазақстан тарихының деректік негіздерін көрсету;
- В.Л.Юдиннің өмірі мен еңбектеріне тарихнамалық және деректік сипаттама беру;
- «Центральная Азия в XIV-XVIII веках глазами востоковеда» еңбегін ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелері мен деректері туралы еңбектерін талдау;
- В.Л.Юдиннің тарихи этнонимдерге көзқарасын талдау;
- В.Л.Юдин еңбектеріндегі қазақ мемлекеттілігі мәселелерін, соның ішінде Ақ Орда, Моғолстан тарихын қажетті тұжырымдары мен концепцияларын көрсету;
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдер мен қатар екі бөлімнен (әр бөлім екі баптан) және пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.
І. В.П ЮДИН ЕҢБЕКТЕРІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕРІ



  1. В.П. Юдин өмірі және еңбектеріне тарихнамалық, деректік сипаттама

В.П Юдин көрнекті қазақстандық шығыстанушы-ғалым .Ол ортағасырлық қазақстанның саяси, этнология,шарауашылық, әлеуметтік-мәдени өмірін зерттеу проблемаларын және тарихнама мен деректенау проблемаларын шешу үшін маңызды мәнге ие бағалы ғылыми зерттеулердің авторы болып табылады.
В.П Юдин бірінші ақпан күні 1928 жылы Ресей федерациясының Волгоград қаласында дүниеге келген. 1945жылы орта мекткпті бітіргеннен кейін Мәскеу шығыстану институтына оқуға түседі. В.П Юдиннің ортағасырлық шығыс деректерін меңгеріп, осы салада мықты маман болып қалыптасуына ұстаздары, белглі ғалымдар В. М Насилов, Н АБаспаков, Е.Э Бертельс және т.б күшті ықпал етті. Болашақ зерттеуші көне ұйғыр тілінің білгір мамандары В.И Новогородский , Э.Наджип , А.И Илиев, сондай-ақ синьцзян тариғы, ұйғыр халқының тарихы мен оған қатысты жазба деректері бойынша белгілі маман К.А Усмашов, профессорлар П .И Фесенко, Г.В Астоюрефтердің лекцеияларын тыңдап, семинар сабақтарында белсенді жұмыс жасаған . Әрине Мәскеу шығыстану институтының ғылыми атмосферасы, Н.И Конарад, Е. Э Бертельс, В.М Алексиев, Саичеев, Е, А Беляев, Х. К Баранов, Э. А Бергиль сияқты атақты профессор – ғалымдардан алған білімі текке кеткен жоқ.
Мәскеу шығыстану институтында ұйғыртану мамандығы бойынша маманданады . Дегенмен ұйғыр, басқа да түркі тілдерін оқып үйренумен қатар Веноминин Петрович парсы, араб тілдерін де меңерді. Замандастырының айтуынша ол ортағасырлық парсы тілінде жазылған қолжазбалар мен өлеңдерді еш қиындықсыз оқи беретін болған [9. 17-72 б]. Ал түркі тілдерін, соның ішінде шағатай және көнеұғыр тілдерін тамаша меңгерген. Ал, батыс тілдерінен неміс тілін мектеп қабырғасынан жақсы меңгерсе,ағылышын тілін институтта оқып – үйренеді. Француз,испан тілдерін өз бетінше жете меңгерген. Міне В.П Юдиннің тілдерді меңгерудегі мұндай еңбегі оның болашақта осы саладағы бірден-бір маман болып шығуында жетекші рөл атқарды.
В.П Юдин студент кезіндегі тәжірбиеден Алматы облысы ұйғыр ауданында өтеді. Осы кезеңде қазіргі ұйғыр тілін меңгеруін жетілдіре түсед. Бесінші курс студенті кезінде В.П. Юдин оқытушылық қызмет атқарып, студенттерге ұйғыр тілінен сабақ береді.
Ал нағыз ғылыми –педагогикалық қызметі 1950 жылдан, яғни Н. Нариманов атындағы Мәскеу шығыстану институтын бітірген кезінде басталады . Ұйғыртану саласы бойынша маманданған жас зерттеуші ұйғыр филолгиясы бойынша аталған институт аспирантурасына оқуға қалдырылады. Сонымен қатар ұйғыр тілі бойынша оқытушылық қызметін қатар атқарады. Аспирант В.П Юдиннің ғылыми жетекші ретінде атақты турколог, профессор Владимир Михайлович Насилов бекітіледі.
Қазіргі Абай атындағы ҚҰПУ-де ұйғыр бөлімінің ашылуына байланысты 1955 жылы жас зерттеуші Алматыға жұмысқа шақыртылады. Осы университетті 1955-1961 ж.ж аралығында студенттерге көне және классикалық ұйғыр әдебиеті, фольклоры мен тілі бойынша ұйғыр тілінде дәріс оқиды. Міне осы жылдардан бастап В.П. Юдин шығыс тіліндегі жазба деректері мәліметтері бойынша қазақзстан тарихы мәселерін зерттеу ісіне ден қойып, өмірінің соңына дейін осы бағытта тынымсыз жұмыс жүргізеді.
1960 жылы жазда ҚазССР ҒА тарих этнология институтының ежелгі және ортағасырлық қазақсан тарихы бөліміне жұмысқа ауысқан тұсынан бастап осы саланың қызықты, әрі күрделі ғылыми проблематикасына қызу араласып кетеді. 1970 жылдар 1976 жылдар аралығында қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінде ҚазақССР тарихы кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады . Кейінірек ҚазССР ҒА тіл білімі иниститутының Ұйғыртану бөліміне ауысады .
В.П Юдин еңбектерінің өзегін құрайтын қазақстан тарихының мәселелері бойынша зерттеулері қазақстан шығыстану ғылымына, соның тарих ғылымының деректану, тарихнама саласындағы ірі жетістік болып табылады. Қазақастан тарихы мен қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылық қазақстанда тұратын шығыстанушы ғалым үшін заңды құбылыс еді. Сонау 50-ші жылдары В. П Юдин В.П. Шахматов, кейін С.К. Ибрагимовпен танысады. Әсіресе С.К. Ибрагимов түркі, парсы тілдеріндегі қазақстан тарихы бойынша шығыс деректері мәліметтерін зерттеу мен аудару ісін ұйымдастыру туралы идеяны ұстады. Мұндай жауапты, әрі күрделі жұмыс В. П Юдиннің көңілінен шығады .
В. П Юдиннің ұйғыртану саласы бойынша жұмысы да жүре берді, қайта қазақ халқының тарихы зерттеу ісі мен ұйғыртану саласындағы еңбектері өзара байланыста жүреді. Мәселен ҚХТМ-ғы шығыс түркістандық, көне ұйғыр тіліндегі шығармалар, атап айтсақ «Тажира –йихазжа Мухаммад Шариф”, Шах Махмуд бен Мирза Фазил Чорастың «Тарих”, “Тарих-и кашгар, “Ислам - наме, Тарих – и амнийа еңбектерін В.П. Юдин енгізген
В.П Юдиннің ғылыми жариялымдарының саны 80-нен асады. Олар орыс, ұйғыр, қазақ тілдерінде, бірқатарлары шет елдерде ағылшын тілдерінде жарияланған .
В.П Юдин ортағасырлық қазақстан тарихы мәселелерін зерттеуде тарих және филология ғылымдарын тамаша ұштастыра білді, шығыс тілдерінің білгірі ретінде осы тілдерде жазылған деректердің мәліметтерін ортағасырлық қазақстан тарихы мәселелерін зерттеумен тығыз байланыстыра алды. В.П Юдиннің тарих, әдебиет, тіл саласынан жазылған барлық еңбектері фактілерді терең талдаумен, сондай-ақ құбылыстарды байыппен синтездеумен ерекшеленеді, бұл еңбектердің бәрінде орасан зор фактілік материалдар мен негізделген тың ғылыми тұжырымдар ерекше ойлар айтылады .
В.П Юдиннің зерттеушілік әдісіне барлық қолда бар дерек мәліметтерін қамтылу тарихи деректерде айтылатын барлық фактілерді қамту тән.
Венамин Петрович шын мәнінде Қазақстан тарихы бойынша деректік негіздерін кеңейту ісіне ат салысты. Осы бағыттағы еңбектерінің ішінде 1969 жылы шыққан «XV-XYIII ғасырлардағы қазақ хандары тарихы бойынша»- материалдар (МИКХ) (парсы және түркі тілдеріндегі шығармалардан үзінділер) атты жинақтың орны ерекше. Бұл жинақты баспаға дайындауда В.П. Юдин барлық аудармалардың мәтінін түп нұсқа мен қайта салыстыру , жалпы редакциясын бақылау жұмысын атқарады. Сондай-ақ 10 шығармадан үзіндінің аудармасын жүзеге асырып, оларға түсіндірме жазды. Сондай-ақ ҚХТМ –ға енген барлық деректер бойынша 17 деректанулық мақала авторы болып табылады [2, 13-б]. Алайда XV-XVIII ғғ қазақ халқының тарихы бойынша парсы және түркі деректері” деп аталатын көлемді мақаласы жинаққа енбей қалды [10, 6-б].
В.П. Юдиннің жинаққа енген мақалаларында қазақстандық деректану ғылымының теориясы мен тәжрибесі туралы теориялық деңгейдегі бірқатар мәселелері көтерілген. Ғалым жалпы осы еңбектерінде жалпы тарихи деректерді классификациялау мен жүйелеудің негізгі мәселелерін шешеді. Әсіресе қазақ халқының тарихы бойынша мәліметтер беретін парсы -түркі тілдеріндегі жазба деректерді классификациялау жолдары туралы ұсыныстары аса маңызды болып табылады. Мұндай классификациялау дерек авторының әлеуметтік тегін ескеру, осыған байланысты дерек мәтініндегі субьективизм деңгейі туралы және тағы басқа деректану ғылымының деректік сыннан өткізудің принціптеріне негізделген жалпы алғанда қазақ хандығының тарихы бойынша жарық көрген бұл жинақ бүгінгі таңда да XV-XVIII ғғ Қазақстан тарихы, деректану ғылымы саласындағы ірі құнды еңбек ретінде бағалы болып отыр. Жарық көргеніне 30 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан бұл еңбектің ғылыми құндылығы күннен күнге артып отыр.
В.П Юдин шығыс деректері негізінде Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеу ісін жалғастыра берді . Ол Қазақстан және Шығыс Түркістан тарихы бойынша аз зерттелген және мүлде белгісіз деректерді ғылыми айналымға қосып оларға деректанулық анализ жасаумен айналысып, іргелі еңбектер жарияалады .Солардың ішінде Өтеміс қажының “Шыңғыснаме” (XYIғ), “ Тарих-и Шайбани” (XYIIғ.басы) , Мухаммад Аваздың “Зийа ал- кулуб” (XYIIғ.басы) қол жазбалары бойынша жүргізген еңбектерінің де орны ерекше [2, 17-20 бб].
Осы аталған еңбектердің ішінде “Шыңғыснаме” еңбегі теориялық деректану саласы бойынша жемісті еңбек болып табылады. Ол “Шыңғыснаме” шығармасын негізгі дерек көзі ретінде пайдаланды [11, 155-157 бб]. Соның үшеуі – “XIVғасырдағы қазақ даласындағы биліктің тайпа билеріне және Тоқа-Темір ұрпақтарының белгісіз әулетіне көшуі, Орыс ханның қазасы жөніндегі белгісіз дерек және Дешті қыпшақ тарихымен байланысты XIV ғасырда Сырдарияда қийат жыр-қутлы мазарының салынуы – алғаш рет 2005 жылы ғана жарық көрді [12, 106-165 бб]. В.П Юдин Өтеміс қажының бұл шығармасын орыс тілінде баспаға дайындап , оны мазмұнды мәтіннамалық ескертулермен жабдықтады және түпнұсқа мәтінін транскрипциялады.
Шыңғыс – наме мәліметтері ортағасырлық Қазақстан халықтарының саяси, этносаяси, шаруашылық, әлеуметтік мәдени өмірін зерттеу проблемаларын және тарихнама мен деректану проблемаларын шешу үшін маңызды мәнге ие. Өтеміс қажының шығармасы XIII-XIY ғасырлардағы Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының билігі кезеңін қамтиды, сондай-ақ Бату ханнан бастап биліктің Тоқтамыс ханға көшкенге дейінгі Алтын орда хандары туралы мәлімет береді. Оның мәліметінің сонылығы Алтын орданы зерттеушілер үшін, оның ішінде XIY ғасырдағы қазақстанның аз зерттелген кезеңін танып білу үшін ғылыми қызығушылық тудырары даусыз.
В.П Юдиннің сіңірген еңбегі сол, ол ауызша дәстүрге, оның өзінің анықтаушысына “далалық ауызша тарихнамаға” негізделген басқа жазбаша шығармалар қатарынан осы түпнұсқа деректі бірінші болып шығарды. Ол мұның (далалық ауызша тарихнаманың )қатарына Өтеміс қажының еңбегінің (XIYғ) басқа XYI-XYII) ғасырлардың басқа да шығармалары “Тауарих-и гузиданы”, Жалайрдың “Жами ат- тауарихиныны”, Әбілғазының “Түрік шежіресін жатқызды. Бұлар жазбаша тарихнаманың материалдарын толықтырады, сондай-ақ көрші аймақтарда Хиуада, Мәуеренахрда, Қасым хандығында жазылған, неғұрлым ертеректедегі ғасырлардағы Қазақстан халықтарының шынайы өмірін, оның ішінде XIY ғасырдығы Дешті қыпшақ көшпелілерінің тұрмысын, идеологиясын, шаруашылығын, әскери ісін біздің заманымызға жеткізеді. В.П Юдин Өтеміс қажының “Шыңғыс-наме шығармасын 1967 жылдың аяғында Ташкентте Өзбекстан ғылым акедемиясы Шығыстану иниститутының шығыс қолжазбалары жинағындағы қазақ халқының тарихы бойынша мәліметтері бар дереккөздерді анықтау кезінде танысты Өтеміс қажының еңбегі В.П Юдиннің Қазақстан, Орта Азия, Шығыс түркістан тарихы бойынша парсы және түрік тілдеріндегі шығармалардың біразымен муқият жұмыс істеп, талдау жасап болған кезінде ғана барып зерттеу обьектісіне айналды. Муқят әрі жан-жақты жүргізілген зерттеушінің еңбегі нәтижесінде ғана Шыңғыс –наме шығармасы Қазақстан тарихы міселелері бойынша деректер қатарын толықтыра түсті.
“Шыңғыс-наме” В.П Юдиннің еңбегінде, деректанулық ізденісінде XIV ғасырдағы Дешті қыпшақтың саяси және әлеуметтік- экономикалық тарихын, оның көшпелі тұрғындарынығң әскери ісін, тұрмысын, мәдениетін, идеологиясын және тілін сенімді де анық көрсететін дерек ретінде ерекше орын алады. Ол XIY ғасырда қазақ және т.б түркі халықтарының мемлекеттілігінің негізгі ғасыры ретінде қарастырады. Сондықтан қазақ хандығының алғы тарихын зерттеп білу үшін XIII-XIY ғасырлардағы оқиғаларға ден қояды.
В.П. Юдин еңбектерінің келесі тобын Моғолстан мен Моғолия моғолдарының рутайпалық құрамы және олардың қазақ және басқа көрші халықтармен этникалық байланыстары туралы атты еңбегі мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Аталған еңбегінде Моғолстаннан этникалық, аумақтық, хронологиялық сипаты жағынан өзгеше Моғоля мемлекеті туралы мәселе көтерді. Сондай-ақ қазақ, ұйғыр қырғыз халықтарының қалыптасуына қатысқан Моғол этникалық компоненті туралы айтады. [3, 101-150 бб].
В.П. Юдин еңбектерінде көтерілген еңбектер шығыстану проблемаларын жаңа теориялық деңгейде қарастыруға мүмкіндік берді. Оның еңбектері негізінде ортағасырлық қазақстан тарихы мәселелерінің концепциялары айқындалды. Зерттеуші деректеану ғылымының мәселелеріне баса назар аударды. Ол шығыс деректеріне салыстырмалы –текстологиялық анализ жасап, оларды идеялық –саяси мазмұны мен текстологиялық ерекшеліктері бойынша классификациялады.
Батыс жорығынан кейін Жошы ұрпағының ұлысы өлшеусіз өсті және Бату мен Орда Ежен иеліктері арасындағы шекара батысқа қарай ығысып кеткені мәлім. Нәтижесінде Ақ және Көк Ордалардың жаңа аумақтық нұсқалары белгіленді, олардың екі түрлі географиялық бейнесі пайда болды және олардың мөлшері мен шекаралары жөнінде екі ассоциациялар жүйесі белгілене бастады, олардың біріншісі Батыс жорығына дейінгі кезеңге жатады, ал екіншісі жорықтан кейін қалыптасқан. Ақ және Көк Ордалар тек кей кездерде ғана жазбаша еңбектердің беттеріне түскені болмаса, ресми белгілеу болмағандықтан, негізінен ресми іс жүргізуде қолданылмай, далалық ауызша тарихи дәстүрде сақталған. Автордың есептеу нүктесі ретінде осы екі жүйенің қайсысын қолданғанына байланысты дереккөздерінде Ақ және Көк Ордалардың алғашқы және кейінгі бейнелерінің бір-біріне сәйкестігінің нәтижесі ретінде қайшылықтар туындады. Осы айтылғанның барлығы жазбаша деректерде «Ақ Орда» және «Көк Орда» терминдерінің көрінеу жүйесіз және тіпті кездейсоқ қолданылғандығын түсіндіреді; ал қазіргі кейбір мамандар болса қазіргі кездегідей мағына, мазмұн және нақты тарихи, аумақтық-саяси мәнді негізге алады да, олардың қызмет етулерінің мүлдем басқа көрінісін көргілері келеді. Міне осы мәселені жаңаша тұрғыдан шешудің жолын ұсынған зерттеушілердің бірі ретінде В.П. Юдинді атай аламыз.
Кейбір дерек көздері Ақ және Көк Орда туралы мәселені тіпті шиеленістіріп жіберді. Ең алдымен олардың қатарына Ақ және Көк Ордалардың орнын қателесіп ауыстырып жіберген, сондай-ақ Шығыс Дешті Қыпшақта билік құрған әулеттер туралы мәселені мүлдем шатастырған Муин ад-Дин Натанзидың «Ескендір анонимін» жатқызуға болады.
Шайбан мен оның ұрпақтарын шексіз дәріптеп жіберген Шайбан ұрпақтарының тарихнамасы да бұл ретте өз рөлін атқарды. Түрлі тарихнамалық шығыс шығармаларын ғылыми айналымға дәйексіз ендіру және солардың кейбірінің, мысалы, «Ескендір анонимінің», шығыстанудың соңғы жетістіктеріне сай қайта қаралуы тиіс. Әбілғазының «Шаджара-йи турк ва могулының» биік беделінің орынсыз сақталуы – Ақ және Көк Ордалар проблемасы жөніндегі пікірталаста және жалпы Дешті Қыпшақ тарихнамасында күні бүгінге дейін жағымсыз рөл атқарды және атқарып келеді.
Алтын Орданың Ресей мен Батыста ғылыми зерттеле басталғанынан бері Ақ және Көк Ордалардың қай жерде болғаны туралы туындаған пікірталас жалғасып келіп, Көк Орда шығыста, ал Ақ Орда батыста болған деген тұжырыммен аяқталды. Батыс жорығынан кейін Алтын Орда Ақ Ордамен теңдестіріліп кеткені анықталды. Бұл пікірді «Шыңғыс-наменің» деректері де растайды. Сондықтан де осы ортағасырлық шығарманы ғылыми айналымға енгізіп, оны ғылыми ортаға таныстырған В.П. Юдиннің еңбегі жоғары бағаланып отыр деп айта аламыз.
Зертетушінің деректанулық мәселелерге арналған еңбектерінің ішінен 70-ші жылдары ҚазҰУ-де оқыған XY-XYIIIғғ Қазақстан тарихы бойынша парсы және түркі тілдеріндегі деректері атты арнаулы курсы ерекше орын алады. 1970-1976 жж Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде жұмыс істеген кезінде қазақстан тарихы бойынша жас мамндар дайындау ісіне зор үлес қосты . Аталған арнаулы курс және т.б курстарды оқу барысында студенттердің қазақ халқының тарихын зерттеумен шығыс деректерін зерттеуге деген қызығушылықтарын айта білді. Факультетте Венамин Петрович ұйымдастырумен жұмыс жасайтын “Шығыстанушы”үйірмесі кең танымал еді. [13, 166-167 бб]. Мұнда студенттер парсы тілін оқып үйренетін В.П Юдиннің шәкірттері ,соның ішінде белгілі ғалым М.Қ Әбусейітова өз ұстаздарын ерекше құрметпен еске алады [1, 12-б].
В. П Юдиннің қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштерін қорғау қоғамындағы қызметі қазақстандағы Шығыстану, оның ішіндегі деректану ғылымының дамуына әсер етті. Ол қоғам президумының мүшесі, шығыстану секциясының төрағасы болды. В.П Юдиннің бастамасымен тұрақты археографиялық шығыстану экспедициясы құрылып, қолжазбалар қоры сақталған түрлі орталықтардың бағыттарының бағдарламасы қабылданды. Экспидиця нәтижесі ретінде Ташкент, Душанбе, Санкт-Петербуг, Омск, Оренбург, Томск және т.б қалаларда сақталған ескі қолжазбалар мен мұрағат материалдарының жинақталуын атап өтуге болады. Сондай-ақ қазақ тарихы бойынша шығыс тіліндегі қолжазбалардың басқа елдерден ісдестіріліп, елге әкелінуі ерекше маңызға ие болды. [1, 12-13 бб] Экспедиция жұмысының нәтижесінде жинақталған материалдар қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша құнды мәліметтер беретін дереккөзін құрайды. Зерттеуші ұстаз В.П Юдиннің қоғамдық қызметі де Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша шығыстық ескерткіштерді зерттеу мен ғылыми көпшілік ортаға таныстыруға бағытталды.
Белгілі зерттеуші, қазақстандық шығыстанушы ғалымның білгір маманы В.П Юдиннің ғылыми мұрасы ұшан-теңіз. Зерттеушінің бұрынғы еңбектерінің көпшілігі енді ғана жарияланып жатқаны кіріспе бөлімінде де айтып өттік. Отан тарихының ортағасырлық мәселелерінің түйінді проблемаларын көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынған ғалымның өмірі мен тарихнамалық және деректанулық сипаттағы жасаған еңбектеріне қысқаша тоқталып өттік. Келесі бөлімдерімізде зерттеушінің еңбектеріне жеке-жеке нақты талдаулар жасаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет