1 срсп. СоөЖ : ХVI ғ. б қазақ хандығы.Қасым хан. «Қасым ханның қасқа жолы» «Қазақ хандығының қайта өрлеу кезеңі»



бет1/2
Дата06.09.2023
өлшемі40,82 Kb.
#180387
  1   2
Байланысты:
1 срсп


1 срсп.
СОӨЖ :ХVI ғ.б қазақ хандығы.Қасым хан.
«Қасым ханның қасқа жолы»
«Қазақ хандығының қайта өрлеу кезеңі»
1. XVI ғасырда қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғайды. Өз кезінде «Жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі - Жәнібек ханның ұлы Қасым(1511күзі - 1523 жж.) болатын. «Тарих-и Рашиди», «Шайбани-наме», т.б. деректерге қарағанда қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына осы Қасым хан тұсында біріктірілген.
Қасым хан тұсында, оның белсенді әскери қимылдары нәтижесінде Қазақ хандығының шекарасы оңтүстік-шығыста Жетісудың басым бөлігін, Қаратал мен Аягөз өзендері бойы, солтүстік-батыста Еділ, солтүстік және солтүстік- шығыста Ұлытау мен Балқаш көлі маңынан өтіп, оңтүстігінде Сырдарияның оң жағалауына жетіп, Түркістан қалаларының егінжай аймақтарын қамтыды.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болса. кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанасы болды.
Қазақ хандығының нығаюы мен күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген кезінде Орта Азия хандықтарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен және Орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей, Жәнібек, кейін Бұрындық хандар - Ақ Орданың атақты ханы Орыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар еді. Ал Қасым хан үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533жж.) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.
1512ж. Қасым ханға Моғол ханы Сұлтан Саид Шайбанидтерге қарсы бірігуді ұсынады. Бұдан Қасым хан бас тартады. Мұны зерттеушілер бір жағынан, қазақ хандығының тәуелсіз, дербес саясатының дәлелі, екінші жағынан, осы кездегі Шайбан әулеті мемлекетінің екі майдандағы күресі барысында әлсіреуі деп түсіндіреді. Саид ханның қазақтарға бұл сапарының барысы, Қасым ханның оны қонақ қылып күтуі, қазақтардың мәрттігі мен қонақжайлылығы «Тарих-и Рашидиде» баяндалған. Соған сәйкес мына бір үзінділерді келтіре кеткіміз келеді: «Менің екі арғымағым бар, екеуі бүкіл үйірге татиды. Менде осы екі арғымақтан басқа өзіме лайық сенімді ат жоқ. Сондықтан екеуін бірдей сізге тарту ете алмаймын. Енді сіз қадірлі қонағым болғандықтан, екеуінің бірін таңдап, қабыл алыңыз». Немесе осы кездесу барысында Қасым ханның Сұлтан Саидке дала өркениетінің ерекшелігін суреттеуінің де өзіндік тәрбиесі, мәні бар: «Біз дала халқымыз, бұл жерде қымбат бұйымдар мен тағамдар жоқ. Ең қымбат байлығымыз - жылқы мен ең дәмді тағамымыз - оның еті, әрі ең сүйкімді сусынымыз - оның қымызы мен одан дайындалатын тағамдар.
Біздің өлкемізде бау-бақша мен зәулім үйлер жоқ. Серуендейтін жеріміз- малдың жайлауы, сонда барып бәріміз бірге бой жазып, сайран салып, жылқыларды қызықтаймыз».
Қасым тұсында-ақ қазақтар этнос ретінде Батыс Еуропада да белгілі болды. 1517ж. және 1526ж. Москвада болған Австрия дипломаты Сигзмунд Герберштейн жазбаларында қазақтар туралы мәліметтер кездеседі.
Сефеви әулеті мен қазақтарға қарсы екі майданда соғыс жүргізуге мүмкіндігі жоқтығына көзі жеткен Ұбайдоллах хан қазақтармен бейбіт келісімге келуге мәжбүр болады. Екі жақ бейбіт келісім-шартқа қол қойып, Қасым ханның қызы Ұбайдоллахқа тұрмысқа шығады. 
Оңтүстіктегі шекарасын қауіпсіздендірген Қасым хан батыста Ноғай Ордасына қарсы күресін бастады. 1519-1521 жж. әскеи қимылдары барысында бұған дейін Едіге ұрпақтары басып алған Сарайшық қаласын қайтарып алып, ноғай ру тайпаларын Еділдің арғы жағына қуып шығады. Бұл мемлекет шекарасын батыста Еділге дейін кеңейтті.
Қасым хан алғашқы қазақ заң ережелері - «Қасым ханның қасқа жолын» жарыққа шығарды. Заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. «Қасымханның қасқа жолы» қазақ халқының тұңғыш кодексі еді. Заңға мынадай ережелерден тұрды: 1) Мүлік заңы (жер дауы, мал мүлкі); 2) Қылмыс заңы ( ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу); 3) Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, ердің құны); 4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік); 5) Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бекеуіл, тұтқаулардың міндеті).
Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиде»: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес», - деп жазды.
Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.
Билік Әдіктің баласы (Жәнібектің ұлы) Таһирдың қолына өтті. Бұл 1523-1524жж. шамасы. Деректердің мәлімдеуінше мінезі қатыгез, қолбасшылық дарыны мен дипломатиялық өнері аз Таһир тұсында Қазақ хандығында дүрбелең басталды. 1523ж. Ноғай Ордасы мен Шайбанидтермен ұрыс сәтсіз аяқталып, оңтүстік және батыс өлкелердің кей жерлерінен айырылды. Сыр бойы қалалары шайбанидтер қолына өтті. Қасым тұсында қалыптасқан маңғыттармен бейбіт қатынас бұзылды. Таһир Моғолстанмен байланысын сақтап, Сұлтан Саидтың ұлы Абд ар-Рашидке қарындасын береді. Бірақ бұл да ұзаққа бармады. Таһир Моғол ханының боданы болып келген қырғыздардың бір бөлігін өзіне қаратып, Сұлтан Саидпен қарым-қатынасын үзді.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәлімдеуінше 1530-1531жж. Таһир қырғыздар арасында қайтыс болды.
Таһирдан кейін билік құрған Бұйдаш хан (1532-1537жж.) тұсында қазақ жерлерін қайтаруға әрекет жасалынады. Ноғайларды Жем өзенінен әрі ығыстырады, кейбір көрші ойрат тайпалары қазақтардың билігін мойындайды. Дегенмен оңтүстік- шығыстағы жағдай қауіпті болды. 1537 жылы Ұбайдоллах хан мен Моғол ханы Абд ар-Рашидтің біріккен әскері Ыстықкөл маңында Санташ деген жерде қазақ-қырғыз әскеріне соққы беріп, Бауыш хан осы шайқаста қаза болады. Мұхаммед Хайдар Дулатидың (ол кезде Кашмирде еді) қазақтар туралы «Тайпалардың бұл қауымдастығынан жер бетінде із де қалған жоқ»,- деп қателесуі осы оқиғалармен байланысты еді.
2. XVI ғ. екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580жж.) өз үлесін қосты. Хақназар хан таққа отырған соң хандық өкімет билігін нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бауыш хан тұсындағы бытыраңқылықты жойып, хандықты қайта қалпына келтірді. Хақназар хан билігі тұсын «Қазақ хандығының қайта өрлеу кезеңі» деп атайды.
Ол билік құрған кезде сыртқы саясатта ірі тарихи оқиғалар болды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай іргесін кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын қосып алды. Осыған байланысты Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай Ордасын билеген маңғыт мырзалары арасында билікке таласқан феодалдық қырқыс күшейді, бұл халық бұқарасын күйзелтті. Қазақ хандығының күшеюі Ноғай Ордасындағы қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты, кейіннен олар хандыққа келіп қосылды.
Орыс мемлекетінің Орта Азиямен сауда-экономикалық байланысының күшеюі оны қазақ хандығымен жақындасуға итермеледі. 1569-1573 жж. аралығында орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков қазақ хандығына жіберілді. Третьяк Чебуков Көшімнің жиені Мәметқұлдың қолына тұтқынға түседі.
Хақназар тұсында қазақ хандығы ноғайлар, Сібір ханы Көшім, Орта Азия хандықтары үшін үлкен қауіпке айналды. 1558-1559 жж. Орта Азияда болған ағылшын көпесі А.Дженкинсон «қазақтар күшті, әрі көп халық. Олар үш жылдай Ташкентке қысым көрсетіп, керуендердің еркін жүруіне бөгет жасады», - деп жазды.
Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Шығай (1580-1582жж.) хан болды. Бірақ оның билігі ұзаққа бармады.
Ол билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген, Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтаннан өш алумен болды. Соған қарсы жорықтың бірінде қайтыс болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет