Реферат Пәннің атауы: Қазақстан тарихының тарихнамасы Тақырыбы: В. П юдин еңбектеріне шолу



бет6/7
Дата15.12.2022
өлшемі61,36 Kb.
#162940
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Юдин 12 -14 ғ ғ қазақстан туралы

Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме



Шади «Фатх-наме»

Мухамед салих «Шайбани-наме»

Бинай «Шайбаеи-наме»

Белгісіз автор «Шайбани-наме»

Усман Кухистани «Тарих-и Абу-л-Хайр-хани»

Рузбихани «Михман-наме Бухара»

Абдаллах бен мухаммад бен Али Насрраллахи «Зубдат ал-асар»

Бинай «Футухат-и Бинай»

Махмуд бен Уали «Бахр ал-асрар»

Қыпшақхан «Тарих-и Кипчаки»


В.П Юдиннің біз талдап отырған “XY-XYIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша парсы, түркі деректері атты мақаласының екінші бөлімінде қазақтарға қатысты дерек мәліметтерін тікелей талдап топтастырады. Олар көбінесе қазақ тарихының саияси жағынан мәліметтер береді. Атап айтсақ XY-XYIII ғасырлардағы қазақ мемлекетінің қалыптасуы, қазақ хандарының соғыстары туралы мәліметтер ішкі талас-тартыстар мен өзара жауластықтар тарихы да тыс қалмаған. Сондықтан зерттеуші аталған деректердегі мәліметтерді жүйелей келе мынадай топтарға бөледі.
1.XIY-XYғғ қазақ даласында өмір сүрген Өзбекстан немесе көшпелі өзбектер мемлекеті және көшпелі өзбектер деп аталған Дешті қыпшақ тұрғындары, қазақ сөзінің саияси және этникалық мәнге ие болуы туралы хабарламалар.
2. Шайбанидтердің Дешті- қыпшақтан ығыстырылуы , қазақ хандарының Қажы Тарханға (Астрахан) жорығы, Түркістан облысы немесе Сырдың орта ағысы бойында орналасқан қалаларға иелік ету үшін шайбанидтердің қазақтарға қарсы жүргізген соғыстары туралы хабарламалар.
3. Моғалдарға қарсы бағытталған қазақ-қырғыз одағы , осы одақ негізіндегі қазақтардың үстемдігі, жас, жунгес немесе құлджа облысы мен Жетісудағы қазақ иеліктерінің кеңеюі туралы хабарламалар.
4. Қазақтардың Моғалстандағы билікті иелену үшін моғолдарға қарсы күресі, олардың жеңісі, Шығыс Түркістандағы шағатай ұрпақтары арасындағы өзара қырқыс соғыстарға қатысуы, олардың шығыстүркістандық моғалдармен одақтық қарым –қатынастары, қазақ хандары мен шағатайлық хандардың ШығысТүркістандағы билігі, сондай-ақ осы өлкедегі қазақтардың ұзақ жылдар бойы иеленген жайлымдары туралы хабарламалар.
5. Қазақтардың Хиуаның саяси өміріне араласуы туралы, хиуаның өзбектердің қазақтармен қарым-қатынастары, қазақ хандарының кейбір өкілдерінің хиуадағы хан тағына отыруы туралы хабарламалар.
1.Қазақтардың жоңғарлармен қарым-қатнастары XYIII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ билеушілерінің жоңғарияның хан тағына таласқан ішкі ісіне араласуы туралы хабарламалар, Қазақтар мен қарақалпақтардың одақтық және өзара жауластық қарым-қатнастары туралы хабарламалар [14, 36-б].
Алғашқы пункт бойынша мәліметтер “Тарих-и Абу-л Хайр –хани”, және т.б шығармаларда кездеседі.
В.П Юдин осылайша әр пунктке қатысты мәліметтер сақтаған деректер тобын, олардың ерекшеліктерін атап, талдап шығады. Әсіресе деректердің сипаты мен оның мәліметтерінің субьективтілік сипатын Шайбанидтік деректер негізінде тамаша талдап шығады.
Көріп отырғанымыздай ҚХТМ –на арнап жазылған бұл мақаласы Отан тарихының ортағасырлық кезеңінің тарихы мен оның деректік негіздері туралы бірден-бір құнды еңбек болып табылатыны даусыз. Зерттеушінің бұл ғылыми мұрасы жазылған кезеңінен 30 жыл автор қайтыс болғаннан кейін 18 жыл уақыт өткенде ғана барып жарық көрді [14, 39-б].
«XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша парсы және түркі деректері» атты бұл мақаласында зерттеуші ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша жазба деректердің келесі топтамасын (ҚХТМ) шығару туралы қорытындылата келген В.Л.Юдин былай деп жазды: «қазіргі уақытта қазақтың кейіңгі ортағасырлық тарихын зерттеу үшін әр түрлі шамада пайдалануға болатынын парсы және түркі тілдерінде тағы да бірнеше шығарма белгілі болды. Солардың арасында аты белгісіз автордың «Тарих-и-Шайбания», Өтеміс қажының «Шыңғыс намесі», Сухайла «Имамқұлы-намесі», Мукишидің «Зафар-намесі», Бадр-ад-дин Кашмиридің «Зафар-намесі», секілді және тағы басқа дүниеде тауарихтар мен поэмалар бар. Осы тізбеден көрсетілгендей, пайдаланылмай жатқан шығармар біршама көп. Олардан алынған үзінділер жинақтың екінші томын құрай алар еді. Бұл жұмыс шамасы жүзеге асырылатын болар».
В.Л.Юдиннің «Центральная Азия в XIV-XVIII веках глазами востоковеда» атты еңбектер жинағына енген қазақ халқының тарихы бойынша деректер мен олардың сипаты, мәліметтері туралы жазылған еңбектері аса маңызды болып саналады.
В.Л.Юдиннің шығармашылығында моғол тақырыбы айрықша орын алады. Жинақта Моғолстан, моғол мәселелері, моғол этносының тағдыры, оның Орталық Азияға, ру-тайпалық құрамы мен тілдік, сондай-ақ қазақ, ұйғыр, т.б. халықтардың этникалық байланыстарының тарихына, оның ықпалына арналған екі мақаласы енген «Моғолстан мен Моғолия моғолдарының ру-тайпалық құрамы және қазақ, көршілес басқа халықтармен этникалық байланысы туралы» мақаласы 1965 жылы жарияланып, мамандар тарапынан жоғары бағаланған еді. Келесі жылы Англияда ағылшын тілінде аудармасы жарық көрді. 1978 жылы жапон зерттеушісі Мано Еджи ағылжын тілінде В.Л. Юдиннің моғолдардың рулық-тайпалық құрамы жөніндегі деректерін толығымен қайта жазды [14, 70-б].
1982 жылы Т.И.Сұлтанов Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Атрих-и-Рашидидің» әдеби тарихы туралы зерттеуінде жаңа бағытты атап көрсетті. Соның көш басында В.Л.Юдин аталды [2, 373-б].
«Моғолдар» мақаласын автор 1980 жылдан бастап моғол этносын зерттеу тарихына арналған бөлігін өкінішке орай аяқтай алмаған. Жалпы алғанда біз қарастырып отырған жинаққа енген 10 еңбегінің үшінші болып табылатын бұл еңбегі де аса құнды. Зерттеуші бұл мақаласында «Соңғы 10 жылдықта Тарих-и-Рашиди» зерттеудің жаңа бағыты; алғш рет «Тарих-и-Рашидиде» Шығыс Түркістан халықтарының этногенезін зерттеу нысалына айналдыруына «моғолдар мен басқа көршілес халықтардың этникалық тарихын зерттеуде» бөліп қарастыруды ұсынды [17, 18-36 бб].
Біз бұл мақаланы келесі тарауымызда тағы да бір тереңірек талдаймыз. «Моғолдар» мақаласымен бір байланысты қайталап жариялануын автордың зерттеу әдістерінің ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді.
Жинаққа енген келесі еңбегі «Қазақ» этнонимінің этнологиясына арналан еңбегі [18, 68-70 бб]. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі В.Л.Юдин әзірлеп хабардар еткенімен, ол да жарық көрген жоқ. Бұл еңбекте «Қазақ» этнонимінің сол кезде бар 22 этнологиясының тың талданған. Автор С.Е. Мановтың еңбегіндегі [19, 137-167 бб]. Ұйық-Тұран өзендері аралығындағы көне түркі руналық ескерткішіндегі деректер негіінде жаңа ғылыми этнология ұсынады.
Этногафиялық шығармаларды В.Л.Юдин нақты тарихи шынайы ақпараттар көзі ретінде бағалаған. Накшбандия исламдық сопылық орденінің қаратаулық сектасы уағызарын XVI ғасыда қазақтар арасында таратуы жөніндегі мәліметтерге Мұхаммед Аваздың XV ғасырдағы қазақтар туралы «Зияғи Жұлуп хабаршысы» атты мақаласын арнаған. Ол 1966 жылы жарық көрген, бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған еңбек [18, 59-62 бб].
Бұл еңбекті Мұхаммед Аваз 1603-1604 жылдары жазған. Ол негізінен Накшбандий софыларының жетекшісі Ходжа Искак немесе Хазрат Шиян туралы әңгімелерден тұрады. Парсы тілінде жазылған бұл шығарма XVІ ғасырдың ІІ жартысындағы Орта Азия мен Шығыс Түркістан тарихы бойынша құнды дерек болып табылады. В.Л.Юдин шығарманы орыс тіліне аударып ондағы қазақ тарихына қатысты мәліметтерді талдайды. Зерттеуші қарастырылып отырған шығармада қазақтарға тікелей қатысты 2 мәлімет бар екендігін анықтаған.
1.Қазақ ханы тәуекелдің Қожа Искактың мүридтері болып табылатын 120-дай адамымен 1598 жылы Самарқанд түбіндегі шайқасы және Бұқара қаласы түбінде жеңіліске ұшырауы туралы мәліметтер береді.
2.«Заия Ал-Кулубтың» қазақтар туралы екінші мәліметінің нақты датасын анықтау мүмкін емес. Себебі мұнда Ходжа Искактың адамдарының қазақтар арасынан өзіне мүрид болуға үндеуге аттанған сапары баяндалған. Бұл мәлімет зерттеушінің атап көрсетуінше қазақтар арасындағы XVІ ғасырда исламның таралуы туралы құнды хабарлама болып саналады [19, 71-76 бб].
«Тарих-и-Рашидидің» авторы Мырза Мұхамед Хайдар Дулатидің тарихи көзқарасын зерттеуші еңбектерінің үлкен бөлігін құрайды. Бұл еңбегінде Мырза Мұхамед Хайдар Дулати және оның еңбегіне қысқаша сипаттама берілген. 2-ші бөлігінде «Тарих-и-Рашиди» еңбегін Моғолстан, Шығыс Түркістан және көршілес халықтардың XV ғасырдағы дерек ретінде талдаған. 3-ші бөлігінде Мырза Мұхамед Хайдар Дулатидің концепциясын талдайды. Осы бағыттағы зерттеуін жалғастыра отырып Орта Азия, Шығыс Түркістан және көптеген көрші хылықтар тарихының негізгі проблемаларын атап көрсетеді:
1.Шингизидтердің жоғарғы билік үшін құқығы;
2.Шингизидердің тайпа ақсүйектерімен қарым-қатынастары;
3.Шыңғыс ханның Моңғол импермясын ұлдары мен немерелері
арасында бөлуі «мәңгілік құқық негізі ретіне»;
4.Кейбір аймақтардағы тайпа көемдерінің жоғарғы билік үшін өз биліктерін заңдастыру ерекшеліктері. Шыңғыс ұрпақтары емес билеушілердің әулеттік билігін заңдастырудың негіздері;
5.Жайылымдардың иерархиялық құылымы мен субордиациясын Шыңғыс хан ұстанымдары негізінде қалыптасуы;
6.Бағындырылған отырықшы аудандарды басқаруды ұйымдастыру;
7.Дінге қатынас;
8.Көшпенділердің дәстүрлі құқығы және шариғат [20, 170-б].
Жалпы В.Л.Юдин Мырза Хайдардың тарихи көзқарасын талдай отырып, оның симпатиясы мен антипатиясы XV ғасырдағы Моғолстандағы оқиғаларды және оған тәуелді Шығыс Түркістандағы, атап айтқанда Қашқариядағы кезеңдерді баяндау барысында Мырза Хайдар шыққан дулаттың моғол тайпасы әмірлерінің қызметін ашып береді.
Ал, жинаққа енген келесі еңбегі: «Шынтемір батыр мен Махтун-Суле жайлы ұйғыр ертегісінің тарихи түп-тамыры» мақаласы алғаш рет «ұйғыр филологиясының мәселелері» жинағында жарияланда [20, 214-215 бб]. Бұл ұйғыр ертегісінің сюжеттерімен байланысты тарихи деректану филология зерттеуінің нәтижесі әрі моғол мәселесіне байланысты ғылыми зерттеулердің алғашқы қадамы болды. Моғолдар туралы сөз болғанда сол кездегі қабылданған терминологиядан шықпай автор «моғолстандық моңғолдар; Уайс ханның моңғолдары» деп жазғанымен олардың түлкі тілдестігін дұрыс көрсетіп отырды. 1965 жылы В.Л.Юдиннің «моғол», «моғолдар» деп жазылуы керектігін дұрыс көрсетіп берді [21, 106-122 бб]. Атап көрсететін бір жайт аталған мақалаларды қайта басуға дайындау кезінде қазіргі кезде қабылданған нормаларға сәйкес жеке сөздер мен атаулар дәлелдене түскен [18, 88-б]. Аталған мақаланы да жинаққа еңгізу барысында осыдан қырық жыл бұрын жарық көрген мақалаларды қарастыра отырып, В.Л.Юдиннің шығармашылық өсу ерекшелегіне назар аударамыз. Жаңа ғылыми тұжырымдамада негізінен өз нұсқасын ұсынады.
Осы жинаққа енген ірі шығыстанушы-ғалымдар А.М. Мугинов, Б.А. Ахмедов және С.Г.Кляшторныйдың еңбектеріне жазған пікірлерінің де шығыстану ғылымын дамытуда үлкен маңызы бар.
Мәселен, А.М. Мугиновтың «Описание уйгурских рукописей» кітабына жазған пікірінде В.Л.Юдин Отандық және шетелдік ғылымда алғаш рет уақыты мен территориясы бойынша Моғолстаннан бөлек Шығыс Түркістандық Моғолия мемлекеті туралы айтады. Оның негізін қалаушы Шағатай, Моғолстандық хан Сұлтан Сайд ханның ұрпағы болып, XVІ ғасырдың басында Моғолстанға тәуелсіз Қашқарияда дулат әмірі әбу Бәкірдің иелігін талқандады [2, 374-б].
С.Г.Кляшторныйдың «көне түркі руникалық ескерткіштер Орта Азия тарихы бойынша дерек ретінде» монографиясына В.Л. Юдин кей сәтте руникалық мәтіндердің жеке үзінділерін өз көзқарастарымен қарастыра отырып орысша аудармасының нұсқасын ұсынады.
Жалпы 2001 жылы ғана жарық көрген В.Л. Юдиннің «Центральная Азия в XIV-XVIII веках глазами востоковеда» еңбегін ортағасырлық Қазақстан тарихының дерегі ретінде қарастыра отырып мынандай қорытындылар жасаймыз.
-Жинаққа енген 10 ғылыми мақаланың көбі алғаш жарияланып отыр. Соның ішінде 1969 жылы жарық көрген ҚХТМ-на арналып дайындалған, бірақ түрлі себептермен оған енбей қалған. «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша парсы және түркі деректері» атты ғылыми мақаласын ерекше айтуға болады. Осы мақаласында жалпы XV- XVІІІ ғасырлардағы қазақ халқының тарихына қатысты нормативті деректер топтастырылып, үлкен деректенушылық талдау жасалған;
-Ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша арфографиялық деректердің де сипаты мен мазмұны нақты талданған;
-Тарихи этнонимдерді талдау нақты нарративті тарихи деректер мәліметтері негізінде қарастырылған;
-Қазақ мемлекеттеілігі туралы мәселе В.П. Юдин әңбектеріндегі ең басты проблема ретінде талданған.
XIY-XYIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша парсы және түркі деректері атты бұл мақаласында зерттеуші ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша жазба деректердің келесі топтамасын (ҚХТМ) шығару туралы қортындыға келген В.П.Юдин былай деп жазды : “қазіргі уақытта бізге қазақтың кейінгі ортағасырлық тарихын зерттеу үшін әртүрлі шамада пайдалануға болатын парсы және түркі тілдеріндегі тағыда бірнеше шығарма белгілі болды. Солардың арасында аты белгісіз автордың “Тарих-и Шайбани”,Өтемісқажының “Шыңғыснамесі”, Сухайланың “Имамқұлы –намесі” Мухимидің “Зафар-намесі” секілді және т.б дүние тауарихтар мен поэмалар бар. Осы тізбеден көрінетіндей, пайдалынылмай жатқан шығармалар біршама көп. Олардан алынған үзінділер жинақтың екінші томын құрай алар еді. Бұл жұмыс, шамалы жүзеге асырлатын болар”.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет