Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Тіл
және Әдебиет институты
Герман роман филология кафедрасы
РЕФЕРАТ
« Шетел тілдерін білу адамның кәсіби және тұлғалық өмір сүруінің
қажетті бөлігі ретінде»
Орындаған: ИЯ-22-3к тобының студенті
Макышева А.Т.
Тексерген: оқытушы Дюсембаева Ж.Е.
Петропавл, 2022
Кіріспе
Қазіргі қоғамның өзін ағылшын тілсіз елестету мүмкін емес. Елбасы атап
өткендей, алдыңғы қатарлы елдердің бірі болу үшін ағылшын тілінің мәні
зор. Ағылшын тілін дамыту үшін, елімізде барлық жағдай жасалып жатыр.
Дегенмен,
оқушылардың сабаққа, ағылшын тіліне қызығушылығын
арттыру үшін , ағылшын тілді ұлттармен ауылдық мектептерде жұмыс
жасау жағдайы болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Шет тілін
білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тілді жетік
меңгеруді, қастерлей білуді мақсат етіп қою керек. Бірақ бір тілмен ғана
шектеліп қоймай, жан-жақты болуға, тіл үйренуге талпыну керек. Бұл
жастардың болашағыңның
ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының
жарқын болуының кепілі. Ағылшын тілі – байланыс тілі. Ағылшын тілі
қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Жаһандық
экономикадағы тіл десек, кем түспес едік. Ағылшын тілі заманымызда өте
маңызды рөл алып отыр. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі,
қазіргі XXI ғасырда
тереңдетілген, маңызды рөл болып саналуда.
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар
орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен
халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға
аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:
«Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін
ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп
айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап
жоғарғы оқу орындарында
ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің
Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске
асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ,
керісінше пайдасы ұшан-теңіз.
Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге
қабілетті мемелекет құруда
жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында
шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз
мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта
алады. Сонымен қатар
шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе
жинақтауға мүмкіндігі зор.