Реферат Шілдехана дәстүрі Жетісай Шілдехана



Дата14.11.2022
өлшемі1,42 Mb.
#158134
түріРеферат
Байланысты:
шілдехана


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Түркістан облысы Жетісай ауданы №66 «Мырзашөл» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Реферат
Шілдехана дәстүрі

Жетісай
Шілдехана


Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “Сәбидің бауы берік болсын”,-деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шіллә” (“чілле”) парсы тілінен аударғанда “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан кейін 40 күнге дейінгі уақыт қауіпті кезең болып саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күн бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.
Шілдеханада орындалатын салт-дәстүрлер
Бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады.
Әйел аман-есен босанған күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады.
Шілдехана кейде үш күнге созылады.
Өнерлі жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салып, күй тартады

Бұған өнерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша көңіл көтереді.

Қыз-келіншектер мен бозбалалар айтысады.

Қыз-келіншектер мен бозбалалар айтысып жеңгендері тоғызын алады.

Әртүрлі ойындар ұйымдастырылады

Жастар түнді қуаныш қызықпен өткізеді.

Шілдеханаға тек қана жастар қатысады.

Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әртүрлі жын-шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті.

Ас беріледі.

Мал сойылып, кең дастарқан жайылады. Ет піскеннен соң, ақсақалдар еттің ең маңызды бөлігі – мойын омыртқаны нәрестенің анасына береді. Ол мойынды пышақ тигізбей, мүжіп жеуі керек. Кейін мойын әйелдерге беріліп, сүйекті еттен тазартады. Біткен соң, мойынды “Баланың мойны берік болсын” деген ниетпен биік жерге іліп қояды.

Тыштырма рәсімі жасалады


Рәсімді бесікте нәрестенің әжесі орындайды. Ол қолына толған құрт, бауырсақ, тәтті, қант, ірімшікті алып, оларды бесітің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, «Тышты ма?» деп сұрайды. Ал басқалар қолын созып, «Тышты, тышты», - деп айтып, тәтті, бауырсақ алады. Кәдені перзент сүймеген әйелдер сәбилі болсын және «Сәбидің болашағы осындай тәтті және дәулетті болсын» - деп жасалады.
Шілдеханада айтылатын бата тілектердің легі жетерлік солардың бірі:
Нәрестенің бауы берік болсын,
Ата-анасына серік болсын!
Азамат болып ер жетсін,
Ақсақал болып терлетсін,
Азамат болсын көрікті,
Ғұмыры ұзын берікті,
Қол қанаты көп болып,
Артынан ерте берсін серікті, ‘
Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты,
Өнері болсын жан-жақты,
Осы айтқанның бәрі келіп,
Алла берсін зор бақты,
Аллау әкбәр!..


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет