Реферат сөж Тақырыбы: «Мемлекеттік басқарудың заманауи әдістерін талдау»



бет1/2
Дата29.12.2021
өлшемі42,45 Kb.
#106226
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Өтеш Айдынбек саясаттану срс


Реферат



сөж

Тақырыбы: «Мемлекеттік басқарудың заманауи әдістерін талдау»

Пән: Саясаттану

Орындаған: Өтеш Айдынбек

Тексерген: оқытушы Аманкелді Дәурен.

Алматы 2021

Басқару әдісреті

Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Саясаттанушылар қазіргі мемлекеттерді басқару және әкімшілік-мемлекеттік құрылым нысандары бойынша ажыратады. Әлемнің қазіргі саяси картасына қарап, сіз көптеген мемлекеттердің атауларын көресіз, бұл үкіметтің әр түрлі формаларын көрсетеді: мысалы, Лихтенштейн Княздігі, Иран Ислам республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Оңтүстік Африка Республикасы. Алайда, тіпті мемлекеттің толық атауы бізге оның мемлекеттік билік формасын дәл анықтауға көмектеспейді.

Аристотель былай деп жазды: "мемлекеттік құрылым (polheia) – бұл жалпы мемлекеттік лауазымдарды, ең алдымен жоғарғы билікті ұйымдастыру саласындағы тәртіп: жоғарғы билік барлық жерде мемлекеттік басқару тәртібімен (politeyma) байланысты, ал соңғысы-мемлекеттік құрылым. Менің айтайын дегенім, мысалы, демократиялық мемлекеттерде жоғарғы билік халықтың қолында; олигархияларда, керісінше, аз адамдардың қолында; сондықтан біз олардағы мемлекеттік құрылымды әртүрлі деп атаймыз. Осы тұрғыдан біз қалғандарын бағалаймыз

Басқарубағыныштыларды өздеріне арналған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене процесі, ал, лидерлік болса, керісінше бір адамның басқаларға ықпалы, әсер ету процесі. Басқарушы ұйымның басшылығына алдын-ала қарстырылған ресми әрекет-өкілеттіліктерді беру арқылы келеді. Лидер болса ресми емес әрекеттердің нәтижесінде, өз еңбегімен, абыройымен келеді.

Ұйымның басшысы — лидер, сонымен бірге өз бағыныштыларын тиімді басқаратын адам. Оның мақсаты-ұйымға берілетін жұмысты, тапсырманы орындауға басқаларды бағыттау, оларға ықпал, әсер ете білу. Лидерлік (жеке қызметкерлік) — бұл ұйымның мақсатына жету жолын бағыттау арқылы жекелеген адамдар мен топтарға ықпал және әсер ету қабілеті.

Ықпал — жеке адамның келесі бір адамның мінезіне, қатынасына, сезіміне т.б. өзгеріс енгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал ету құралдары ретінде өтініш, құлаққа сыбырлау, немесе ең соңғы саты — қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана иедяларының көмегімен ықпал етеді. Басқарушы, өзінің лидерлігі мен ықпал әсерін тиімді ету үшін билікті пайдаланады және оны дамытады. Қоғамда билікке теріс сезім әрекеттері қалыптасқан. Лорд Эктон ол туралы былай деген: «Биліктің аздыру тенденциясы бар, ал шексіз билік шексіз аздырады. Көптеген адамдар билік ұғымын зорлық, күш көрсету және агрессиямен байланыстырады. Ал біздің анықтамамыз бойынша: “Билік — басқарушылардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігі” Басқарушыда билік болмаса ұйымның жұмысы алға баспайды, тәртіп нашарлайды.

Билік балансы-ұйымдағы билік тек ішінара иерархиямен анықталады. Белгілі бір жағдайдағы бір адамның билігінің мөлшері оның ресми өкілеттіктерінің деңгейімен емес оның басқа адамға тәуелділік дәрежесімен анықталады. Басқа адамның тәуелділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адамның билігі үлкен болады. Мұны мына формуламен көрсетуге болады: билік берілген А адамның Б адамға ықпалының деңгейі = Б адамның А адамға тәуелділігінің деңгей. Міне, мұны билік балансы дейді.

Бағыныштылар билігі-басшылардың өз бағыныштыларына билік жүргізетін себебі, бағыныштылар жалақы, қызметте өсу, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және тағы да басқа мәселелерге келгенде басшыға тәуелді болып қалады. Бірақ, кейбір жағдайларда бағыныштылар басшьшарға билік жүргізуі мүмкін. Мысалы, шешім қабылдауға қажетті мәліметтер мен ақпараттарды жинақтауда басшы бағыныштының көмегі мен ақылына жүгінеді. Бағыныштылардың басшыға билік жүргізуінің анық мысалы ретінде артист немесе атақты спортсменнің жақсы шарт-келісімге отыруын айтуға болады. Олардың басшылары өз жалақысынан артық жалақыны артиске бергісі келмейді, бірақ оның келісімін алу үшін, еріксіз кішіреюге мәжбүр болады. Сондықтан да тиімді басшы әрқашанда билік балансының сақталуына әсер етуі тиіс. Себебі ұйымның мақсатына жетуі бағыныштыларға тікелей байланысты.

Билік пен ықпалдылықтың формалары-басшылық жасау үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін биліктің негізі болуы керек. Белгілі бір билікке ие болу үшін сіз орындаушыға аса қажетті бір нәрсені өз қолыңызға алу арқылы өзіңізге бағынуға мәжбүр етесіз. Мұндай нәрсе бәрімізде де бар.

Ықпалдың барлық формалары басқа адамның талаптарын орындауға талпындырады. Соның салдарынан басшы және орындаушы болашақтағы ұқсас немесе ұқсас емес мәнерлерін қалыптастырады. Басшы бағыныштыларға ықпал етеді. Биліктің әртүрлі формалары болады. Олар:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет