Негізгі бөлім
Зерттеу мақсаты: Қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өсімдігі экспланттарын in vitro культурасына енгізу. Зерттеу нысаны жəне əдістері: Қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өсімдігі Ботаника жəне фитоинтродукция институтының құрамындағы Бас ботаника бағынан алынды. Қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өсімдігі экспланттарын in vitro культурасына енгізу жұмыстары қаңтар ақпан айларында жүргізілді. Зерттеу жұмысы барысында кесіп алынған біржылдық өркендер зертханалық жағдайда өсірілді. Қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өсімдігін іn vitro культурасына енгізу үшін қаңтар-ақпан айларында өлшемдері шамамен 35–40 см біржылдық өркендер кесіп алынды. Біржылдық өркендер шаң-тозаңнан арылту үшін, алдымен, сабынды сумен, кейін құрамында хлоры бар. «Белизнаның» 1:10 қатынасындағы ерітіндісімен 7 мин бойы өңделді.
«Белизнаның» 1:10 қатынасындағы ерітіндісімен өңделген өркендер құбыр суымен бірнеше рет шайылып, эксплант ретінде қолданылатын өскіндер пайда болуы үшін 3–4 апта бойы зертханалық жағдайда суда өсірілді. Біржылдық өркендердің сулары күнде жаңартылып отырды. Біржылдық өркендердің бүршіктері оянып, бүршік атып шығуы үшін бөлме температурасында суға салынды. Суға салмас бұрын біржылдық өркендердің кесілген жерлері жаңартылды, яғни кесілген жерден тағы 1–2 см кесіп алынды. Жасыл өркендерді алу үшін суға қойылған біржылдық өркендердің жағдайы бақыланып, суы күнде жаңартылып отырды. Өйткені зертханалық жағдайда біржылдық өркендерден жасыл өркендер, яғни экспланттар алу үшін суға салып немесе Мурасиге-Скуг қоректік ортасында өсіру кезінде стресс жағдайы туындайды .
Зерттеу нəтижелері жəне талқылау.
Қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) —раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық ағашты өсімдік. Биіктігі 10–15 м
Қабығы — сұрғылт түсті,жылтыр. Жапырақтары қауырсын тəрізді, кезектесіп орналасқан.
Жапырақ сағағының ұзындығы 1,4–3,3 cм, ұсақ жапырақтары əдетте 11–15-тен бірге тұрады. Пішіні жұмыртқа тəрізді, қандауыр секілді. Үшкір, жиегі өткір ара тісті, екі беті түксіз, жапырағы солғын жасыл түсті, жылтыр, күрделі шатырша гүл шоғы қысқа бұтағының басында орналасқан, гүлдері үлкен, көп, тостағанша жапырағы, ақ түсті 5, күлте жапырақшасы 5, аталығы 20–15. Жемісі кішкене шар пішіндес, түсі қызыл. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Гүлі майда, ақ, күлгін, қызыл түсті болып келеді. Моншақ тəрізді, қызыл түсті жемісі қыркүйек айында пісіп-жетіледі
Дəрілік мақсатта жаңадан үзілген жəне кепкен жемістері (fructus — Aronia melanocarpa (Michx.) Elliott) пайдаланылады. Ағаш витамин А, Е, С жəне каротин бұтағының құрамында хиперин (Hyperin), кездеседі. Жемісі ағзаға дəрумен жетіспеге жемісінің құрамында де, асқазан қышқылы азайғанда емдік қасиеті зор. Бау р, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке жəне қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады .
Шетеннің жапырағы, бүршігі, діңінің қабығы да дəрілік шикізат ретінде пайдаланылады.
Көгалдандыру саласында шетенді шөмеле тəрізді (штамб) пішінде де өсі еді. Шетен ағашынан музыкалық аспап жасауға болады. Қабығынан əртүрлі бояулар алынады. Діңінің қабығынан қызғылт- қоңыр түсті, бұтағынан қара, ал жапырағынан қоңыр бояу алынады .
Зерттеулер нəтижесінде қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өсімдігінің жасыл өркендерді залалсыздандыру үшін екі сатылы өңдеу жүргізілді. Бірінші сатыда залалсыздандырушы агент ретінде 70 % этил спирті, екінші сатыда 3 % судың асқын тотығы пайдаланылды [12–15]. Сонымен, aсептикалық таза өскіндерді алу мақсатымен қара жемісті шетенді (Aronia melanocarpa) in vitro культурасына енгізу үшін залалсыздандырудың екі сатыдан тұратын екі түрлі тəсілі қолданылды:
а) І тəсіл — 70 % этил спиртінде 35 с жəне 3 % судың асқын тотығында 9 мин бойы өңдеу;
б) ІІ тəсіл — 70 % этил спиртінде 30 с жəне 3 % судың асқын тотығында 9 мин бойы өңдеу.
Бірінші тəсіл — зертханалық жағдайда өсіп шыққан қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өскіндері (өлшемі 4–5 см) кесіп алынып, сабынды сумен жуылып, құбыр суымен 3 рет қайталап шайылды. Кейіннен қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өсімдігін 70 % этил спиртінде 35 с жəне 3 % сутектің қос тотығында 9 мин бойы залалсыздандыру жүргізілді. Залалсыздандырушы агент қалдықтарын шаю үшін 3 рет залалсыздандырылған сумен шайылды. Іn vitro культурасына қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өсімдігін енгізу мақсатымен экспланттарды 70 % этил спиртінде 35 с жəне 3 % сутектің қос тотығында 9 мин бойы залалсыздандыру жүргізілді. Залалсыздандырыл-ған экспланттар құрамында 30 г/л сахароза, 0,5 мг/л БАП, 0,01 мг/л ИМҚ, 3,6 г/л агар, 0,8 г/л джелрайт, ортаның рН мəні 5,7 деңгейінде болатын Мурасиге-Скуг қоректік ортасына отырғызылып,3–4 апта бойы бақыланды. Бақылау нəтижесінде өскіндердің көбісінің жасыл түсі сақталды.
Экспланттарға визуалды бақылау жүргізгенде инфекция жұққандары — 34 %, ал тіршілікке қабілетті экспланттар 66 % көрсетті. Некрозға ұшыраған экспланттар байқалмады
Екінші тəсіл — зертханалық жағдайда өніп шыққан қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өскіндері (өлшемі 5–6 см) кесіп алынып, сабынды сумен жуылып, құбыр суымен 3 рет шайылды.
Артынан 70 % этил спиртінде 30 с жəне 3 % сутектің қос тотығында 9 мин бойы өңделіп, залалсыздандырушы агент қалдықтарын шаю үшін дистилденген сумен 3 рет шайылды. Залалсыз- дандырылған экспланттарды құрамында 30 г/л сахароза, 0,5 мг/л БАП, 0,01 мг/л ИМҚ, 3,6 г/л агар,0,8 г/л джелрайт, ортаның рН мəні 5,7 деңгейінде болатын Мурасиге-Скуг қоректік ортасына отырғызғанда, бірнеше аптада өскіндердің көбісінің жапырақтарының түсі, қоректік ортаның түсі өзгермейтіндігі анықталды. Экспланттарға визуалды бақылау жүргізгенде, қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өсімдігінің некрозға ұшыраған экспланттары 33 % құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |