Франциядағы Халық майданы. Германияда фашизм жеңген соң француз фашистерi республикаға қарсы соққы беруiн күшейттi. Сылтауы “Стависский iсi” деп аталатын саяси-финанстық жанжал болды. Полиция тыңшысы, аферист Александр Стависский жоғарғы қызметтегiлердiң қолдауына сүйенiп, 200 млн. франктен астам жалған облигация шығарған. Ол айқындалғанда Стависскийдiң көптеген буржуазиялық депутаттармен және министрлермен байланыста екенi ашылды. Фашистер Стависский iсiн өз мүддесiне пайдалануға тырысты. Олар “µрылар жоғалсын!” деген үранмен күнi өткен Үшiншi Республика режимiн құлатуға, сатқын парламентарилер және министрлердi құртуға шақырды. 6 ақпан 1934 жылы фашистер парламенттi басып алуға әрекет жасады. Оңшылдар радикал-социалист Даладье үкiметiн демонстрацияны тоқтата алмады деп айыптады. Даладье отставкаға кеттi. Оңшыл радикал Думерг бастаған жаңа үкiметке радикалдардың да, оңшыл партиялардың лидерлерi де кiрдi.
Фашистiк бүлiктiң әрекетi бүкiл Францияны шайқалтты. Ол елде антифашистiк қозғалыс өрлеуiн туғызды, бiрiгуге ниет пайда болды. ФКП ОК мен УВКТ басшылығы еңбекшiлердi 9 ақпанға жаппай антифашистiк демонстрация өткiзуге шақырды. Социалистiк партия басшылығы коммунистер ждайындаған демонстрацияға қосылғысы келмей, 12 ақпанда 24 сағаттық жалпықарсылық ерелуiн өткiзудi көздедi. 9 ақпанда компартия мен УВКТ шақыруымен Париж көшелерiне 50 мыңдай адам шықты. Демонстрантар бiрнеше сағат бойы фашистер және полициямен Соғысты.
12 ақпанда Компартия, Соцпартия, ВКТ, УВКТ ұйымдастырған фашизмге қарсы жаппай қарсылық ереуiлi басталды. ґндiрiстiң негiзгi салаларында жұмысшылардың 80-90%-i ереуiлге шықты. 4,5 млн. адам жұмысын тоқтатты. Ереуiлдер митингiлермен, демонстрацияармен ұласып жатты. Тұңғыш рет демонстрациялар мен ереуiлдерге коммунистер, социалистер, кәсiподақ мүшелерi, партияда жоқтар бiрге қатысты. Антифашистiк демонстрацияға радикалдық партия, демократиялық ұйымдар, көптеген мәдениет өкiлдерi де қатысты. 12 ақпан 1934 жылғы жаппай ереуiл мен демонстрацияның нәтижесi Францияда таптық күш арасалмағының едәуiр өзгергенiн көрсетедi. Германияда қайғылы тәжiрибе мен фашистiк төңкерiс қаупiнен сескенген антифашистiк күштер француз халқын қолады. Фашистер армияда да, полицияда да ықпалды бола алмады.
Фашизм қаупi антифашистiк күштердi бiрiктiрдi. 27 шiлде 1934 жылы коммунистiк және социалистiк партиялар әрекет бiрлiгi туралы пактiге қол қойды. Екi партия фашистiк үйымдарға тиым салуға, демократиялық бостандықтарды қорғауға, соғыс және фашистiк террорға бiрiгiп соққы беруге, еңбекшiлердiң материалдық мүддесiн талап етуге мiндеттендi. Олар митингiлер мен демонстрацияларды бiрiгiп өткiзуге келiстi. Халықтың орта тобының көпшiлiгi радикалдардың соңынан iлестi, сондықтан Морис Торез 24 қазан 1934 жылы радикалдар съезi қарсаңында “Бостандық пен бейбiтшiлiк үшiн, нан үшiн күрестiң Халық майданы” аясында бiрiгудi үсынды.
14 шiлде 1935 жылы үлкен демонстрация ұйымдастырылды. Оған Парижде 500 мыңдай адам қатысты. Демонстранттарды Компартияның Бас хатшысы Морис Торез, Социалистер лидерi Леон Блюм және радикалдар лидерi Эдуард Даладье басқарды. Демонстрация ғаламат митингiге Үласты, қатысушылар “демократиялық бостандықты дамыту және бейбiтшiлiктi қамтамасыз ету, фашистiк ұйымдарды тарату мен қарусыздану үшiн бiртұтас болып қала беруге” салтанатты ант бердi.
14 шiлде 1935 жылғы демонстрация Халық майданының негiзiн салды. Халық майданының анты оның бағдарламасына бастау болды. Демонстрацияны дайындау Комитетi Халық майданының Ұлттық Комитетi болып құрылды. Жергiлiктi жерлерде Халық майданының Комитеттерi құрыла бастады. 1936 жылы қаңтарда барлық үйымның өкiлдерi бiрiгiп жасаған Халық майданының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаның саяси бөлiмiнде фашистiк үйымдарды тарату мен қарусыздандыру, кәсiподақ бостандығы мен баспасөз бостандығын сақтау талаптары көрсетiлдi. “Бейбiтшiлiктi қорғау” деген бөлiмiнде µлттар Лигасы аясында коллективтiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қарулануды шектеу және соғыс өнеркәсiбiн национализациялау мақсатында халықаралық ынтымақтастық орнату жоспарланды. Бағдарлама экономикалық бөлiмiнде жалақыны қысқартпай жұмыс апталығын қысқарту, жұмыссыздарға көмек көрсету үшiн ұлттық қор құру, жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру ойластырылды. Дағдарыстан зардап шеккен халықтың орта тобының ауыр халiн ескере отырып, Халық майданы бағдарламасында пенсионерлер мен шенеунiктердiң жағдайын төмендетпеу, сауда орындарына төлем ақыны азайту, мүлiктi қарызға беруге тиым салу айқындалды. Онда шаруалардың жағдайын жақсарту үшiн ауылшаруашылық өнiмдерiне тұрақты баға енгiзу мен астықты сатуда мемлекеттiң араласу бюросын құру белгiлендi. Сондай-ақ бағдарламада демократиялық салық реформасын жүргiзу, Француз банкiне мемлекеттiк бақылау қою жоспарланды.
1936 жылдың көктемiнде Францияда депутаттар палатасына сайлау өткiзiлдi. Халық майданы партиялары өз бағдарламалары негiзiнде бiрiгiп дауысқа тұстi. Сайлау нәтижесiнде Халық майданы сайлаушылардың 57% дауысын жинап, жеңiске жеттi. Бiрiншi орында 1,9 млн. дауыс жинаған және парламентте 149 орын иемденген Социалистiк партия болды. Сайлау қорытындысына сәйкес үкiметтi жасақтау социалист Леон Блюмға тапсырылды. Ол үкiмет құрамына Халық майданының үш басты партиясы енуiн үсынды: коммунистер, социалистер және радикалдар. Социалистер мен радикалдар Блюм үкiметiне кiруге келiстi, ал коммунистер бас тартты.
Халық майданының жеңiсiн еңбекшiлер қуана қарсы алды, олар сайлау алдында уәделердiң орындалуын асыға күттi. Сайлау өткен соң, көптеген кәсiпорындарда стихиялы ереуiлдер басталды. Олар жалақыны көбейтудi, төленетiн демалыс енгiзудi, жұмыс күнiн қысқартуды талап еттi. 1936 жылы маусымда 2 млн. адам ереуiлге шықты. 1936 жылдың жазында парламентте Халық майданының бағдарламасына сәйкес 100-ден аса заң қабылдады. “Боевые кресты”, “Аксьон франсээ” сияқты фашистiк үйымдарға тиым салу туралы заң қабылданды. ґз уәделерiне сәйкес үкiмет парламентте үш заң өткiздi. Оның iшiнде 40 -сағаттық жұмыс күнi, екi апталық төленетiн демалыс, коллективтiк договор туралы заңдар бар. Халық майданы үкiметi қызметкерлердiң жалақысын өсiрдi, пенсионерлердiң пенсиясын көбейттi. Жұмыссыздарға берiлетiн жәрдемақы салықтан босатылды. Жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстар үйымдастырылды.
Халықтың орта тобының жағдайы бiршама жақсарды. Үкiмет кәсiпорынның өнеркәсiп, ауыл шаруашылығында, саудадағы қарыздарын өтеуге уақыт бердi. Үкiмет құрған мемлекеттiк астық бюросы тұрақты бағамен шаруалардан бидай сатып алды. µсақ кәсiпкерлiк төлейтiн салық азайды, iрiсiнiңкi-көбейдi. Мемлекет Француз банкiн реформалап, өз бақылауына алды. Үкiмет бiрнеше соғыс заводтарын националазациялау жөнiнде жариялады. 1937 жылы барлық темiр жолдарды басқарған темiржолдардың Ұлттыққоғамы құрылды.
Халық майданы жүргiзген шаралар миллиондаған еңбекшiлер-ден қолдау тапты. Бiрақ оны буржуазия жақтырмады. Халық майданы iшiнде алауыздық туды. Халық майданы алғаш Испаниядағы оқиғаларға байланысты келiсе алмады. Испан фашистерi Испания Халық майданы үкiметiне қарсы бүлiк ұйымдастырғанда, Блюм үкiметi испан iсiне “араласпау” саясатын жүргiзетiнiн мәлiмдедi. Мұны социалистер мен радикалдар қолдады да, коммунистер келiспедi. Өйткені гитлерлiк Германия мен фашистiк Италия испан бүлiкшiлдерiне көмек көрсеттi, Францияның Англиямен бiрiгiп жүргiзген “араласпау” саясаты республикандық Испанияға қатты соққы болып тидi.
Сонан кейiн Халықтық майданның фашистiк топтардың демократиялық бостандықты пайдалануына көзқарасы келiспеушiлiк тудырды. Заңға сәйкес тек әскери фашистiк ұйымдарға ғана тиым салынды, ал қалғандары өз әрекетiн жалғастыра бердi. Мұны фашистер жақсы пайдаланды. “Боевые кресты” өзiн “Әлеуметтiк партия” деп атады, “Аксьон франсээ” әскери топтарын таратып, газетiн сақтап қалды. Жаңа әскериленбеген фашистiк үйымдар пайда болды. Комунистер фашистiк үйымның қандай болмасын барлық тұрiн таратуды талап еттi.
1936 жылы қыркүйекте коммунистердiң қарсылығына қарамас-тан, Блюм үкiметi франкты 30 пайызға девальвациялау туралы шешiм қабылдады. Оны коммунистер айыптады, социалистер мен радикалдар құптады. Блюм 1937 жылы ақпанда елдегi финанс қиыншылығына сүйенiп, Халық майданы бағдарламасын жүзеге асыруда дем, пауза жариялады. Коммунистер “дем алу”, “пауза”деген бағдарламаны орындаудан бас тарту деп, үкiметтiң бұләрекетiне қарсы шықты. 1937 жылы Блюм үкiметi отставкаға кеттi. Оны оңшыл радикал Шотан ауыстырды. Ол “паузаны” жалғастырды, салықты көбейттi, 40-сағаттық жұмыс күнiнен бас тартты, сыртқы саясатта да алдындағы әрiптесiн жалғастырды.Жаңа үкiмет фашистiк Германияның Австрияны басып алуынаа ешқандай белгi бiлдiрмедi, француз-кеңес келiсiмiнiң шарттарын орындамады. Соғыс қарсаңындағы Франция басшысы Даладье Ұлыбританияпреьер-министрi Чемберленмен бiрге, Гитлер мен Муссолини қол қойған Мюнхен қастандығына қол қойды бұлфашистердiң Чехославакияны құлдыққа салуының бастамасы едi.
Мюнхен қастандығы Халық майданының толық тарауына әкеп соқты. Коммунистiк партия оны айыптап, парламентте қарсы дауыс бердi. Алайда қалған партиялар, онң iшiнде социалистер мен радикалдар да бар, мақұлдады.Коммунистердiң Мюнхен келесiмiн жақтамағандығын сылтауратып, радикалдар басшылығы Халық майданынан шығатынын ресми жариялады. БұлХалық майданы-ның соңы едi. Халық майданы ұзақ өмiр сұрген жоқ. Бiрақ та ол фашизмге қарсы тайсалмай, табан тiресе күрестi.
Империалистiк державалардың өзара күресiнен туындаған екiншi дүниежүзiлiк соғыс екi жақтан да әдiлетсiздiк, империалистiк сипатта басталды. Француз басқарушы топтары ағылшындармен бiрге Мәскеуде Кеңес Одағымен келiссөздердi үзiп, Польша арқылы Гитлермен жаңа қастандық ұйымдастыруға кiрiстi. 1 қыркүйек 1939 жылы фашистiк Германия Польшаға айуандықпен шабуыл жасағанда, Польшаның бұрынғы жасалған гарантия негiзiнде көмек көрсетуiн өтiнгенiне қарамастан Франция мен Англия үкiметi агрессормен құпия келссөздерiн жалғастыра бердi. Империалистiк қайшылықтардың шиеленiсуi, қалың бүқараның наразылығы Англия мен Франция үкiметiн 3 қыркүйек 1939 жылы Германияға соғыс жариялауға мәжбүр еттi.