Инфекция көзімен жұқтыру жолы бола алатын әрекетке бару кезінде АИВ жұқтыру қаупінің орташа деңгейі
Жұғу жолы
|
Жұқтыру қаупі
|
Қан трансфузиясы
|
90%
|
Босану (балаға)
|
25%
|
Ортақ ине қолдану
|
0.67%
|
Қолданылған инеден жарақат алу
|
0.30%
|
Анал секс (қабылдаушы)**
|
0.04–3.0%
|
Анал секс (енгізуші)**
|
0.03%
|
Қынаптық секс (қабылдаушы)*
|
0.05–0.30%
|
Қынаптық секс (енгізуші)*
|
0.01–0.38%
|
Орал секс (қабылдаушы)*§
|
0–0.04%
|
Орал секс (енгізуші)*§
|
0–0.005%
|
* жыныстық қатынасқа мүшеқапсыз түскенде
§ Деректер қабылдаушы да енгізуші де ер
болғандағы статистиканы көрсетеді
|
Трансмиссия қаупі адамда жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен жыныс мүшесінде жара болған кезде жоғарылайды. Жыныс мүшелеріндегі жара қауіпті шамамен бес есе арттырады. Гонорея, хламидиоз, трихомониаз және бактериялық вагиноз сияқты жыныстық жолмен берілетін басқа да инфекциялар берілу қаупін аздап жоғарылатады деп есептеледі.
Жұқтырған адамның вирус титрі жыныстық жолмен қатар, анадан балаға берілу кезінде де маңызды қауіп факторы боп саналады. АИВ инфекциясының алғашқы 2,5 айында жіті АИВ салдарынан қандағы вирус титрінің жоғары болуына байланысты жұққыштығы он екі есе, ал инфекцияның соңғы сатыларында шамамен сегіз есе артады.
Коммерциялық секс-қызметкерлерінің (порнографияны қоса алғанда) АИВ жұқтыру ықтималдығы жоғары. Дөрекі жыныстық қатынас та жұқтыру қаупін жоғарлататын фактор болуы мүмкін. Сондай-ақ жыныстық зорлық-зомбылық АИВ жұқтыру қаупінің жоғарылауына алып келеді, үйткені зорлау кезінде мүшеқап сирек қолданылады, қынапты не тік ішекті жарақаттау қаупі де жоғары, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін басқа да инфекцияларды жұқтыру қаупі артады.
Есірткі қабылдауда ЖИТС жұқтыру қаупін көрсететін постер
АИВты жұқтырудың екінші бір жолы — қан және оның компоненттерін енгізу не құю. Есірткіні тамырға енгізу үшін ортақ ине қолдану, қолданылған инеден жарақаттану, қан немесе қан компоненттерін құю кезінде, не залалсыздандырылмаған құрал-жабдықпен медициналық инъекция жүргізу кезінде АИВ берілуі мүмкін. Ортақ қолданылған инеден жұғу ықтималдығы – бір қолданғанда 0.63-2.4%, ал орташа есеппен 0.8%-ды құрайды. АИВ–оң адам қолданған инеден жарақат алған кезде, АИВпен инфекциялану қаупі – шамамен 0.3% (333 жағдайда 1), ал шырышты қабық арқылы инфекцияланған қаннан жұғу қаупі – 0.09% (1000 жағдайда 1). Дегенмен, қандағы вирус титрі жоғары не жарақат терең болса, қауіп 5%-ға дейін артуы мүмкін. АҚШ-та 2009 жылдағы жаңа инфекциялану жағдайларының 12% тамырішілік есірткі егетіндер құрады, ал кей аймақтарда есірткі қабылдайтындардың 80% көбі АИВ жұқпасын жұқтырған. Инфекцияланған қанды құю кезінде жұғу қаупі – 93%. Дегенмен, дамыған мемлекеттерде қан құюдан жұқтыру қаупі өте төмен (500,000 жағдайдан біреу), себебі донорлардың барлығы АИВқа тексеріледі; мысалы, Ұлыбританияда гемотрансфузия арқылы АИВ жұқтыру қаупі – бес миллионан бір, ал 2009 жылы АҚШта бұл көрсеткіш 1.5 миллионнан бір болды. 2008 жылғы мәліметтер бойынша, табысы төмен елдерде тек донорлардың жартысы ғана АИВқа тексеріледі және бұл аймақтарда АИВ жұқтыру жағдайларының 15% қан мен қан компоненттерін құю кезінде жұқтырған. Бұл әледегі инфекцияланудың 5-10% құрайды. АИВ ағза тіндері мен мүшелер трансплантациясы кезінде де жұғуы мүмкін, дегенмен барлық донорлар АИВқа тексерілуіне байланысты, жұғу қаупі өте төмен.
Сақтанусыз медициналық инъекция жүргізу – Африкадағы АИВтың таралуында үлкен рөл атқарады. 2007 жылы осы аймақтағы барлық туындаған инфекциялардың 12-17% медициналық шприцтерді бұрыс қолдану себеп болған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше Африкадағы медициналық инъекция жасауда инфекцияның берілу қаупі – 1,2%. Бұл аймақта жүргізілетін инвазиялы процедуралар, босандыру жұмыстары және тіс емдеуде де санитария талаптары дұрыс орындалмағандықтан, вирустың таралу қаупін арттырып отыр.
Тату, пирсинг, тыртық жасаушы және жасатушы теория жүзінде АИВ жұқтыруы мүмкін, бірақ ондай жағдайлар әлі тіркелмеген. Маса не басқа жәндіктер АИВ тасымалдай алмайды.
Анадан балаға
АИВ жүктілік, босану, емізу кезінде анадан балаға жұғуы мүмкін. 2008 жылғы мәлімет бойынша тікесінен берілу (анадан балаға) балалардағы АИВ инфекциясының 90% себеп болған. Егер емдеу жүргізілмесе, босану не жүктілік кезінде вирустың берілу қаупі – 20% шамасында, ал емізу арқылы берілу қаупі – 35%. Емдеу бұл қауіпті 5%-дан төмен көрсеткішке дейін төмендетеді.
Антиретровирусты препараттарды ананың не баланың қабылдауы емізу кезіндегі берілу қаупін төмендетеді. Балаға тамақты шайнап беру кезінде тамаққа қан түсетін болса, вирус балаға жұғуы мүмкін. Әйел адам емделмесе, екі жыл емізу АИВ/ЖИТСтың нәрестеге жұғу қаупін 17%-ға жоғарлатады. Дамушы елдердің көптеген аймақтарында ана сүтін ембегендер өлімінің жоғарылауына байланысты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нәрестеге тек ана сүтін не құрамы қауіпсіз қоспалар беруді ұсынады. Сондықтан, бала сүйгісі келетін әрбір АИВ–оң әйел өмір бойы антиретровирусты препараттар қабылдауы тиіс.
Вирусология
АИВ вирионының құрылысы
Вирусқа қарсы ем
Қазіргі таңда ЖБАРТтың комбинацияланған варианты ("коктейл") қолданылады: оның құрамына кем дегенде антиретровирусты агенттің екі типіне не санатына жататын, екі не одан да көп препарат болады. Бастапқы кезеңде кері транскриптазаның нуклеозид емес ингибиторы (КТНЕИ) және кері транскриптазаның нуклеозид тәрізді ингибиторының (КТНИ) екі препараты тағайындалады. Қазақстанда қолданылатын КТНИ: абакавир (ABC), зидовудин (ZDV не AZT), ламивудин (3TC) немесе тенофовир (TDF). 2019 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ересектерге арналған бірінші қатарлы препараттар тізіміне долутегравир / ламивудин / тенофовир, ал балама ретінде тенофовир / ламивудин / эфавиренц комбинациясын қосты. Жоғарыда айтылған тәсім тиімсіз болған кезде, емге протеаза ингибиторлары (ПИ) қосылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында аурудың ағымы мен клиникалық сатысына, CD4 санына қарамастан (жүктілерге де) антиретровирусты терапия диагноз қойылған сәттен бастап жүргізіледі. Бір басталған ем үзіліссіз және ешбір "демалыссыз" жүруі ұсынылады. Көптеген адамдарға емдеу басталғаннан кейін ғана диагноз қойылады. Емнен күтілетін нәтиже – ұзақ уақыт бойы АИВ РНҚсының санын 1 мл қанда 50 көшірмеден төмен көрсеткіште ұстап тұру. Әдетте, ем тиімділігін терапия басталғаннан кейін төрт аптадан кейін аталған көрсеткішті анықтау арқылы бағалайды, егер 50 көшірме/мл деңгейіне жетсе, 3-6 ай сайын тексеріліп отырады. Бұл көрсеткіш 400 көшірме/мл болса, емнің тиімсіз екенін дәлелдейді Зерттеулерге сүйенсек, осыған дейін ем қабылдағандардың 95% аталған критерийлер орындалған.
Емдем
ДДСҰ АИВ/ЖИТС бар адамдардың тамақтануына қойылатын талаптарға қатысты ұсыныстар жариялаған. Салауатты тамақтануға басымдылық беріледі. ДДСҰ АИВ анықталған ересектерге микроэлементттердің барлығына ортақ ұсынылған тәуліктік мөлшерін тұтынуды ұсынады; A витамині, мырыш пен темір АИВ бар ересектерде жанама әсер туғызатындықтан, аталған элементтердің тапшылығы расталмаса, тұтынбаған дұрыс. Дұрыс тамақтанбайтын немесе толыққұнды диета ұстанбайтын АИВ жұқтырған адамдарға нутрициялық саплементация жүргізу иммунды жүйені нығайтуға және инфекциядан оңалуға көмектеседі; алайда жұқтырудың не өлімнің азаюына әсері анықталмаған.
АИВ бар жүктілер мен емізуші әйелдердің диетасына мультивитаминдерді қосу анаға да балаға да бірдей оң әсер көрсетеді. Бірақ тағам рационына мультивитаминдерді қосу – антиретровирусты терапия орнын баса алмайды АИВ инфекциясы бар балаларда А дәрумені бар қоспалар өлім-жітімді азайтып, өсуді жақсартады деген бірнеше дәлелдемелер бар.
Балама медицина
АҚШ-та АИВ бар адамдардың шамамен 60% ем тиімділігі дәленденбеген болса да, әртүрлі қосымша немесе балама медицина көмегіне жүгінеді . Ем ретінде шөп дәрілерді қолдануды растайтын дәлелдер жеткіліксізТәбет ашу мен саламақ қосуда медициналық каннабистің тиімділігі дәлелденбегендіктен, оны ұсыну және тұтынуды қолдау негізсіз.
Эпидемиология
АИВ жұқтырып, өмір сүріп жатқандар саны Жаңадан АИВ жұқтырғандар саны АИВ/ЖИТСтен өлгендер саны
АИВ/ЖИТС — жаһандық пандемия. 2016 жыл дерегі бойынша әлемде шамамен 36.7 миллион адам АИВке шалдыққан, сол жылы жаңадан инфекция жұқтырғандар саны – 1.8 миллионға жуық. 2001 жылы бұл көрсеткіш 3.1 миллион болған. Жұқтырғандардың жартысынан сәл көбі – әйелдер, ал 2.1 миллионы – балалар. 2016 жылы бұл сырқаттан 1 миллион адам қаза тапса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 1.9 миллион болған.
Ең көп инфекция жұқтырғандар Сахараның оңтүстігіндегі Африкада тұрады. 2010 жылы барлық АИВ жұқтырғандардың 68% (22.9 миллион) және барлық өлімнің 66% (1.2 миллион) осы аймақтан шыққан. Бұл дегеніміз аймақтағы ересектердің шамамен 5%-ы АИВ жұқтырған және бала өлімі себептерінің 10% осы ауруға тиесілі. Басқа аймақтармен салыстырғанда бұл жердегі жұқтырғандардың 60% – әйел.
Келесі ең көп жұқтырғандар тұратын аймақ – Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азияда; 2010 жылы бұл аймақта шамамен 4 миллион адам (барлық жұқтырғандардың 12%) АИВ жұқтырған, оның 250 000 қайтыс болған. Шамамен 2.4 миллоны – Үндістаннан шыққан.
Қазақстан
2019 жылғы қыркүйекте белгілі болған мәлімет бойынша Қазақстанда 24 289 (0,14%) адамның статусы оң деп анықталған (60% – ерлер), олардың 70%-ға жуығы (416 бала) ретровирустарға қарсы терапия қабылдайды. АИВ жұқтырғандардың басым бөлігі (71%) 20-39 жас аралығындағы еңбекке жарамды адамдар. Негізігі жұқтыру жолы – гетеросексуалдар арасындағы жыныстық қатынас (53,1%).
Қорытынды
Қорытындылай келе, адамның иммунтапшылық вирусы (АИВ) қоздырған инфекцияның организмге әсерінен дамитын дертті жағдайы екенін түсіндік. АИВ ның жұғу жолдарына ерекше көңіл бөлу керектігін түсіндік.Бұұл аурудан Аурудан толық айықтыратын дәрі не вакцина жоқ; десе де, антиретровирусты терапия ауру ағымын баяулатып, өмір сүрудің әдеттегі ұзақтығына әкелуі мүмкін. Ауру үдеген жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсіреп, туберкулез секілді көп кездесетін, сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда бола бермейтін оппортунис инфекциялар мен ісіктер пайда болуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
What Are HIV and AIDS? | HIV.gov (ағыл.). U.S. Department of Health and Human Services (HHS) (15 May 2017).
↑ HIV Classification: CDC and WHO Staging Systems | AIDS Education and Training Centers National Coordinating Resource Center (AETC NCRC) (ағыл.). AIDS Education and Training Center Program.
↑ Wear your red ribbon this World AIDS Day | UNAIDS. UNAIDS Secretariat.
↑ Мынаған өту:a b c d e f g h i j k l m HIV/AIDS Fact sheet N°360. World Health Organization (November 2015).
↑ Мынаған өту:a b c UNAIDS, World Health Organization 2007 AIDS epidemic update (December 2007).
↑ Мынаған өту:a b c d Global HIV & AIDS statistics — 2019 fact sheet (ағыл.). UNAIDS.
↑ "AIDS – the first 20 years". The New England Journal of Medicine 344 (23): 1764–72. June 2001. doi:10.1056/NEJM200106073442306. PMID 11396444.
↑ Modern infectious disease epidemiology concepts, methods, mathematical models, and public health — Online-Ausg.. — New York: Springer. — P. 88. — ISBN 978-0-387-93835-6.
Достарыңызбен бөлісу: |