Реферат тақырыбы : аитв-инфекция Орындаған: Жаппархан Ләззат Тобы: ПҚ 02-19 Қабылдаған: Затыбекова Мөлдір



бет1/2
Дата12.04.2022
өлшемі284,5 Kb.
#139083
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
гиг 11срс Жаппархан Ләззат


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы” АҚ АО "Южно-Казахстанская медицинская академия”

«Гигиена және эпидемиология кафедрасы»
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: АИТВ-инфекция

Орындаған:Жаппархан Ләззат


Тобы: ПҚ 02-19
Қабылдаған:Затыбекова Мөлдір

Шымкент 2022


АИТВ-инфекциясы
Жоспар:
Кіріспе

  • Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромына сипаттама

Негізгі бөлім

  • АИТС жұғу жолдары

  • Вирусқа қарсы ем

  • Жалпы емдеу

  • Эпидемиология

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

АИТВ-инфекциясы
Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (АИВ/ЖИТС) — адамның иммунтапшылық вирусы (АИВ) қоздырған инфекцияның организмге әсерінен дамитын дертті жағдай. Инфекция жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін. Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады. Ауру үдеген жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсіреп, туберкулез секілді көп кездесетін, сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда бола бермейтін оппортунис инфекциялар мен ісіктер пайда болуы мүмкін Инфекцияның аталған кеш белгілерінің жиынтығын жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) деп атайды. Әдетте, бұл саты адамның өте қатты жүдеуімен қатар жүреді.
АИВ бірінші кезекте қорғаусыз секс (анал және орал сексі кезінде де қан, былазық, шәует, қынап шырышы арқылы), жұқтырылған қан құю, теріасты инъекцияға арналған ине арқылы, сондай-ақ жүктілік, босану не емізу кезінде анадан балаға беріле алады. Вирус сілекей, тер, жас секілді дене сұйықтығы арқылы адамнан адамға берілмейді.
Алдын алу шаралары: қорғаулы секс, ине алмасу бастамасы (қолданылған инені жаңасына тегін алмастыру), жұқтырғандарды емдеу, жұқтыруға дейінгі және кейінгі профилактика және ерлерді сүндеттеу. Аурудан толық айықтыратын дәрі не вакцина жоқ; десе де, антиретровирусты терапия ауру ағымын баяулатып, өмір сүрудің әдеттегі ұзақтығына әкелуі мүмкін.
Диагноз қойылған сәттен бастап, емдеуді бастау ұсынылады. Ауру жұқтырған адам емделмесе, шамамен 11 жыл өмір сүреді. Анасына да, балаға да антиретровирусты терапия жүргізу арқылы нәрестеде аурудың дамуын алдын алуға болады.
2018 жылы әлемде шамамен 37,9 миллион адамның статусы — АИВ – оң болып, оның 770 000 қайтыс болғанЖұқтырғандардың 20,6 миллионға жуығы Африканың шығысы мен оңтүстігінде тұрады. ЖИТС анықталғаннан бастап (XX ғасырдың 80 жылдары), 2018 жылға дейін бұл аурудан 32 миллион адам көз жұмды. 2019 жылғы дерек бойынша Қазақстанда 24 мыңнан астам адам АИВ жұқтырған. АИВ/ЖИТС — пандемия, яғни өте ауқымды аймаққа белсенді түрде таралуда. АИВ алғаш рет XIX ғасыр соңында не XX ғасыр басында, Орталық-батыс Африкада пайда болған деген болжам бар. ЖИТСті алғашқы болып, 1981 жылы АҚШ Ауруды бақылау және болдырмау орталықтары (ағылш. Centers for Disease Control and Prevention, CDC) анықтаған, ал оның себебі — АИВ жұқпасы екені онжылдықтың басында мәлім болған.
АИВ/ЖИТС қоғамға дерт ретінде де, дискриминация түрі ретінде де үлкен ықпалын тигізді. Сондай-ақ аурудың экономикаға да ықпалы аз емес.АИВ/ЖИТС жайлы "ауру күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста берілуі мүмкін" деген секілді жаңсақ түсініктер де өте көп. Католик шіркеуі үрпекқапты аурудан сақтану үшін пайдалануды қолдамайтыны белгілі, сондықтан бұл ауру осы секілді көптеген дінге қатысты дау-дамайға да арқау болып отыр.1980 жылдары анықталғаннан бері АИВ/ЖИТС әлем медицинасы мен саясатының назарын өзіне аударып, үлкен қаржыландыруды талап етуде.
Белгілері мен симптомдары
АИВ инфекцияның үш негізгі сатысы бар:

  • жіті инфекция

  • жасырын саты

  • ЖИТС.

Жіті инфекция
Жіті АИВ инфекциясының негізгі симптомдары
АИВ жұқтырғаннан кейінгі алғашқы кезең — жіті АИВ, бастапқы АИВ немесе жедел ретровирустық синдром деп аталады. Көбіне жұқтырғаннан 2-4 апта өткеннен кейін адамда тұмау тәрізді не мононуклеоз тәрізді синдром дамуы мүмкін, ал кейбірінде еш симптом байқалмайды. Барлық жағдайдың тек 40–90% симптомдар көрініс беруі мүмкін. Жиі кездесетіндері: қызба, лимфа түйіндерінің ұлғайып, ауырсынуы, тамақ қабынуы, бөртпелер, бас ауырсынуы, шаршағыштық және/не ауыз бен жыныс мүшелеріндегі жаралар. Бөртпе 20–50% жағдайда кездесуі мүмкін, ол, әдетте, кеудеге дақ не көпіршікше түрінде шығады. Кей адамдарда осы сатының өзінде оппортунис инфекциялар (иммунитеті қалыпты жұмыс істейтін адамдарда ауру туғызбайтын шартты патогенді флора қоздыратын инфекциялар) дамиды. Бұдан бөлек лоқсу не диарея сынды асқазан-ішек белгілері көрініс беруі мүмкін. Жүйке жүйесі тарапынан шеткері нейропатиялар мен Гийен–Барре синдромы дамуы мүмкін. Симптомдардың ұзақтығы әр түрлі болады, бірақ, әдетте, бір не екі аптаға созылады.
Аталған симптомдар тек осы ауруға тән болмағандықтан (бейспецификалық симптомдар), көп жағдайда АИВ инфекциясының белгілері деп қарастырылмайды. Отбасы дәрігері не аурухана дәрігері аталған симптомдарды көрсе де, көбіне жиі кездесетін инфекциялық аурулардың бірін диагноз ретінде қате қойып жатады. Сондықтан инфекция жұқтыру қаупі бар адамда себебі белгісіз қызба анықталса, АИВ инфекциясын да ескерген дұрыс.
Жасырын саты
Бастапқы симптомдар көрініс бергеннен кейін жасырын саты, симптомсыз АИВ не созылмалы АИВ деп аталатын кезең басталады. Ем жүргізілмесе аталған саты АИВ инфекциясына тән ағыммен 3 жылдан20 жылға дейін созылуы мүмкін (орта есеппен, 8 жыл). Әдетте, бастапқы кезде симптомдар аз не мүлдем болмағанымен, осы сатының соңында көбі қызбаға, жүдеуге, асқазан-ішек аурулары мен бұлшықет аурысынуына шағынады. АИВ жұқтырған адамдардың 50–70% бірнеше топ лимфа түйіндерінің себебі белгісіз, ауырсынусыз ұлғаюымен сипатталатын тұрақты генерализацияланған лимфаденопатиясы дамиды. Әдетте ол үш айдан алты айға дейін созылуы мүмкін.
Вирус титрі жоғары әрі ем қабылдамайтын АИВ-1 жұқтырған адамдарда көбіне ЖИТС дамығанмен, кей бөлігінде (шамамен 5%) антиретровирусты терапия жүргізбегеннің өзінде CD4+ T жасушаларының (Т-хелперлер) қалыпты деңгейі бес жылдан да көп сақталуы мүмкін. Бұндай адамдарды "АИВ бақылаушылары" не ұзақ мерзімді нонпрогессорлар деп атайды (ағылш. Long-term nonprogressor, LTPN). Ал антиретровирусты терапия жүргізбегеннің өзінде вирус титрі төмен не мүлде анықталмайтын адамдар тобын "дегдар бақылаушылар" не "дегдар супрессорлар" деп атайды. Шамамен АИВ жұқтырған 300 адамның біреуі осы топқа жатады.
ЖИТСтің негізгі симптомдары

Капоши саркомасы
Жүре пайда болған иммунтапшылық синдромы (ЖИТС) деп бір микролитр қандағы CD4+ T жасушаларының саны 200-ден төмен болуынан немесе АИВ инфекциясына тән аурулардың дамуынан пайда болған жағдайды айтамыз. Ем жүргізілмесе, АИВ жұқтырған адамдардың жартысына жуығы он жыл ішінде ЖИТСке шалдығады. Адамда ЖИТС бар екенін айқындайтын ең жиі кездесетін жағдайлар: пневмоцист қоздырған пневмония (40%), АИВ кезіндегі жүдеу синдромы түріндегі кахексия (20%) және өңеш кандидозы. Сондай-ақ тыныс алу жолдарының инфекциясы да күдік туғызуға негіз бола алады.
Оппортунис инфекциялар — қалыпты жағдайда иммунды жүйе тарапынан бақыланатын бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар мен паразиттер қоздыратын жұқпалы аурулар тобы. Дамуы мүмкін инфекция түрі адамның қоршаған ортасында кездесетін қоздырғышқа байланысты Бұл жұқпалар кез келген мүшелер жүйесін зақымдауы мүмкін.
ЖИТСке шалдыққан адамда Капоши саркомасы, Бөркит лимфомасы, орталық жүйке жүйесінің біріншілік лимфомасы және жатыр мойны обыры секілді вирусты обыр ауруларының даму қаупі артады. Капоши саркомасы АИВ жұқтырған адамдардың 10-20%-да дамитын, ең жиі кездесетін обыр түрі. Ең жиі кездесетін екінші обыр түрі — лимфома; ЖИТСке шалдыққандардың 16% осы обырдан қайтыс болған, сондай-ақ ол 3-4% жағдайда ЖИТСтің алғашқы көрінісі болады. Аталған екі обыр да адам герпесвирусының 8-түрімен (HHV-8) бірлесе дамиды. Жатыр мойны обыры да адам папиломавирусымен бірлесе дамуына байланысты ЖИТСі бар адамдар осы дертке жиі шалдығады. Бұл адамдарда конъюнктива обыры да айтарлықтай жиі кездеседі.
Сондай-ақ ЖИТСі бар адамдарда қызба, тершеңдік (әсіресе түнде), лимфа түйіндерінің ұлғаюы, қалтырау, әлсіздік және еріксіз салмақ жоғалту секілді жүйелі симптомдар да анықталады. ЖИТСтің келесі жиі кездесетін симптомы – диарея, ол 90% жағдайда көрініс береді. Бұдан бөлек бұл адамдарда оппортунис инфекциялар мен обырға қатысы жоқ психикалық және неврологиялық белгілер де анықталуы мүмкін
АИВ берілуінің үш негізі жолы белгілі: жыныстық қатынас, дене сұйықтығы не тіндері арқылы, сондай-ақ жүктілік, босану немесе емізу кезінде анадан балаға (тікесінен берілу). Егер қан араласпаса, нәжіс, мұрын секрециясы, сілекей, қақырық, тер, көз жасы, зәр немесе құсық арқылы АИВ жұқтыру қаупі болмайды. Адам АИВтың бірнеше штаммын қатар жұқтыруы мүмкін, бұл жағдай АИВ суперинфекциясы деп аталады.
Жыныстық қатынас
АИВтың ең жиі жұғу жолы — инфекция жұқтырған адаммен жыныстық қатынасқа түсу. Алайда, ұзақ уақыт емделудің нәтижесінде вирус титрі анықталмайтын деңгейге жеткен адам АИВты жыныстық жолмен өзгеге жұқтырмайды. Әлемде АИВ таралуының ең жиі жолы — әр жынысты адамдар арасындағы жыныстық қатынас; дегенмен, негізгі берілу жолдары әр мемлекетте әр түрлі. Мысалы, Қазақстанда бірінші орынға инфекцияның гетеросексуалдар арасындағы жыныстық қатынас жолымен берілуі шығып отыр. 2017 жылы АҚШтағы АИВ жұқтыру жағдайларының көбі – ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер арасында болғаны анықталған (жаңадан АИВ жұқтырған 13 жастан асқан ер адамдардың 82% және жалпы жаңадан жұқтырғандардың 70%). АҚШ-та 13-24 жастағы гейлер мен бисексуалдар сол жас тобындағы жаңадан АИВ жұқпасын жұқтырған ер адамдардың 92%-ын, ал барлық гей мен бисексуал ерлердің 27%-ын құрайды. АҚШта гейлер мен бисексуалдардың шамамен 15%, ал трансгендер әйелдердің 28% АИВ статусы – оң.
Қорғаусыз гетеросексуал қатынасқа келер болсақ, жыныстық акт кезінде АИВтың берілу қаупі табысы төмен елдерде 4-10 есе жоғары. Аталған елдерде вирустың әйелден ер адамға берілу қаупі — әр актте 0,38%, ал ерден әйелге берілу қаупі — әр актте 0,30% құрайды; табысы жоғары елдер үшін әйелден ерге берілуі 0,04%, ал ерден әйелге берілуі 0,08% құрайды. Әсіресе, анал сексі арқылы берілу қаупі жоғары: гетеросексуал болсын, гомосексуал болсын, анал сексі кезінде әр актте берілу қаупі 1,4-1,7% құрайды. Орал секс жолымен берілу қаупі салыстырмалы түрде төмен болғанымен, жоғалып кетпейді. Ауыз арқылы жыныстық қатынасқа түсуде инфекция жұқтыру қаупі «шамамен нөл» деп бағаланады; дегенмен, осы уақытқа дейін бұл секс түрімен жұғу жайлы бірнеше жағдай хабарланған. Орал сексте қабылдаушы үшін қауіп 0–0,04% деңгейінде бағаланады. Табысы аз елдердегі жезөкшелік деңгейіне қарай вирустың әйелден ерге берілу қаупі — әр актте 2,4%, ал ерден әйелге берілу қаупі — әр актте 0,05% деп бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет