Реферат Тақырыбы : Қазақстан футболының даму тарихы


Қазақстандағы футболдың дамуына үлес қосқандар



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі18,3 Kb.
#92610
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Қазақстандағы футбол

Қазақстандағы футболдың дамуына үлес қосқандар
Әрқилы тұжырымдардың бірі бойынша, Қазақстанда футболды дамытуды ұйымдастырушылардың бірі Николай Николаевич Куприянов болған. Ол 1912 жылы Мәскеуден Семейге көпес Прокопий Плещеевке қызметке келіп, өзінің айналасына «аяқпен доп тебетін жаңа ойын» әуесқойларын жинап алып, жаңа құрылған ССК командасының бірінші жаттықтырушысы болған.
Барлық киім-кешектер мен қажетті жабдықтар Куприяновтың талабы бойынша Мәскеуден жаздырып алдырылған. Ең басты сатып алынғаны – футбол добы – шамамен 8 рубльге түскен. Бұл – сол уақыт бойынша өте қомақты сома.
Салыстырып өтер болсақ, патша әскерінің сарбазы айына 22,5 тиын алып отырған. Бұл ақшаға ол күнделікті сарбаздар шайханасынан тостағанмен қосымша тамақ іше алатын болған.
Жалпы, сол кездегі футбол жабдықтары әрдайым спорттық басылымдардың беттерінде жарнамаланып отырған. Мысалы, көпшілікке белгілі Богданов үйінде танымал «Sroom» маркасының бутсылары сатылған, ал британдық «McGregor» және «MMM» доптары ол кезде ең жақсылары болып саналған. Осындай доптардың бірін Куприяновтың өтініші бойынша Плещеевтің Семейге алдыртқаны күмәнсіз.
Алғашқы ойындар мен жаттығулар жабдықталмаған нашар алаңдарда өткізілген: базар алаңдарында, темір жол полотноларында, қаланың Знаменский алаңында.ССК футбол клубы 1913 жылы құрылған және үнемі өзара ойындар өткізіп тұратын екі ұжымнан тұрған. Куприянов қаладан кетіп қалған соң команданың қалыптасуына Алексей Огородников көп еңбек сіңірген.Дәл осы ССК командасының мына суреті 1913 жылы 8 (21) қыркүйекте жарыққа шыққан №36 «Русский спорт» журналында жарияланған. Бұл Қазақстанда ресми футбол клубы бар екендігі жайлы бірінші құжаттық дерек болып табылады.
Бұлармен қатар іс жүзінде футболдың танымалдығын арттыруға 1906 жылы озық педагог Р.Елкібаев құрған Семейдің мұғалімдер мектебіндегі оқушылар да сүбелі үлес қосқан. «Нептун» мен ССК пайда болысымен осы мектепте оқитын мұсылман жастарының өкілдері «Ярыш» футбол клубын құрып, олар да талассыз Қазақстан футболының іргесін қалаушылар қатарына қосылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет