Реферат Тақырыбы : «Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту»


Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту



бет2/4
Дата25.01.2022
өлшемі29,46 Kb.
#114255
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат дене шынықтыру
Полезные фразы и слова, 335814, interaktivnye-metody-izucheniya-imeni-prilagatelnogo-v-shkole.ru.kk
Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту.

Волейбол ойынының ережелері.

Волейбол ойыны аумағы  9∕18м алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың  үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орнатылады. Жасөспірім  ер балаларға арналған тордың биіктігі – 220 см. қыздар үшін 210 см. болады. Ойынға әрқайсысына 6 ойыншыдан болады. Ойынға диаметрі 65 – 68 см. салмағы      250 г – дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары үштен артық қол тигізуіне болмайды. Бір ойыншы допқа екі рет қол тигізуі рұқсат етілмейді. Ойын барысында доп қай алаңға түссе, сол команда осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Жасөспірімдер ойыны 3 немесе 5 кезеңнен тұрады.



Жасөспірімдер

13-14

жастағылар


үшін 

15-16

жастағылар


үшін

17-18

жастағылар


үшін

Ер балалар

Қыздар


2 м 20 см

2 м 10 см



2 м 35 см

2 м 20 см



2 м 43 см

2 м 24 см



Ережелері:

1. Доп жерге тисе;

2. Команда допқа үш реттен артық қол тигізсе;

3. Доп лақтырылса немесе қолда кідіріп (ұсталынып) қалса;

4. Доп дененің белден төмен кез – келген жеріне тисе;

5. Ойыншы допқа қатарынан екі рет қол тигізсе;

6. Ойыншы торға тиіп кетсе;

7. Қарсы жақтағы допқа ойыншының қолы тиіп кетсе;

8. Доп кезексіз ойынға қосылса;

9. Допты арнаулы орыннан ойынға қоспаса;

10. Допты ойынға қосқан кезде сол ойыншы алаңның сызығын басып тұрса немесе ішке еніп кетсе;

11. Ойынға қосылған доп бағанға, торға т.б. тиіп немесе алаңнан шығып кетсе.



Волейболда допты берудің тәсілдері

Волейбол ойынының ереже – талабы мынадай айла – тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір – біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою. Волейболдағы орын ауыстыру тәсілдерін тіркемелі адыммен, қосарланған адыммен, жүгірумен, секірумен, бағытты кенеттен өзгертумен және допты құлап бара жатып алумен орындайды.

Волейболда допты берудің екі тәсілі болады.


  1. Допты жоғарыдан беру. Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.

  2. Допты төменнен беру.

Бұл жағдайда қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды.

Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.

Дұрыс тұра білу - жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.

Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.

Допты төменнен тіке ойынға қосу

Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.

Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді.

Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет