Реферат Тақырыбы : «Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту»



бет1/4
Дата25.01.2022
өлшемі29,46 Kb.
#114255
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
реферат дене шынықтыру
Полезные фразы и слова, 335814, interaktivnye-metody-izucheniya-imeni-prilagatelnogo-v-shkole.ru.kk

№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық – педагогикалық колледжі

Реферат


Тақырыбы: «Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту »

Орындаған: Анарбаева Гүлнұр

Тексерген: Мухпул.З.М

2020 жыл


Жоспар.

  1. Волейбол ойыны туралы түсінік.

  2. Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту.

  3. Лақтыруды орындау техникасы .


Волейбол ойыны туралы түсінік.

Волейбол (ағылш. volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — спорт түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет. Егер команда өкілдерінің біреуіне доп тиіп, ол доп аутқа кететін болса, қарсылас команда ұпай еншілейді. Сондықтан қарсыласты қателестіру арқылы ұпай алуға болады. Доп белгілі бір команданың алаңында болған кезде, ол командадан тек үш ойыншы ғана допты келесі жаққа асыруға көмек ете алады, яғни, үш реттен артық допқа қол тигізуге болмайды (блок қойған жағдайда ғана төртінші рет допты алаңда ұстауға болады).

Волейболдың ережелерін бекітіп, басқа да волейболға қатысты маңызды істермен айналысатын басты кеңес - Халықаралық волейбол федерациясы, FIVB (ағыл.).

Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.

Волейбол ойнаушы адамдардың бұл ойынды ұнатуының басты себептері: салауатты өмір салтын ұнату, ережелерінің оңай болуы және волейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы.

Волейболдың бірнеше түрі бар: жағажай волейболы, мини-волейбол, пионербол, саябақтағы (парктегі) волейбол (1998 жылы Токиодағы FIVB кеңесінде бекітілген).

Тарих беттерінен

1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми туған күні 1985 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:



  • Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.

  • Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 метр).

  • Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 метр).

  • Биіктігі: 6,5 фут (198 сантиметр).

  • Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 грамм




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет