Қорытынды. ДДСҰ нақты нұсқауларына қарамай, өндіріс процесі мен өсімдік шикізатынан алынған дәрілік затты тіркеу кезінде туындаған сұрақтар әлі де шешімін тапқан жоқ. Ең алдымен, өсімдік текті дәрілік заттың тиімділігін объективті бағалау, сондай-ақ оларды ұзақ қолданудың қауіпсіздігі салдарынан. Бұл жағдай өсімдік шикізатынан алынған препараттарды клиникалық сынаудың қиындығы мен жоғары құндылығымен байланысты. Дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бағалаудың маңызды бағыты ДӨШ және одан алынатын фитопрепараттың құрамына енетін химиялық қосылыстардың биологиялық белсенді комплексін бағалау үшін биосенсорларды қолдану болып табылады. Морфологиялық құрамы бойынша бірдей дәрілік өсімдіктер өз қасиеттері бойынша ерекшеленетіні белгілі. Белгілі бір мөлшерде бұл оларды ң генетикалық аппаратының кейбір өзгерістері мен сәйкес гендердің экспрессия дәрежесімен байланысты. Өсімдік шикізатының белсенділігі мен қасиеттерін бағалау үшін молекулярлы маркерлер қолданылады, мысалы - нуклеин қышқылдары. Басқа маңызды мәселе - бұл дәрілік шикізатпен және фитопрепараттармен айналысатын дайындалған мамандардың аздығы, ғылыми базаның жоқтығы, фитохимия, өсімдік текті дәрілік заттарды стандарттайтын Институттың жоқтығы, стандартты үлгілерді табу қиындығы. Қазіргі таңда бұл сұрақтар ашық және шешілмеген күйі қалуда.
ӘДЕБИЕТТЕР
Проблемы веществ и лекарственных Руководство по работе с лекарственными растениями / К.Д. Рахимов, Ж.А. Сатыбалдиева, Г.С.Суходоева и др., Под редакцией Н.Д. Беклемишева, Алматы, РГКП «Дәрі - Дәрмек», 1999, - 232 с.
Химия и технология фитопрепаратов. - М.:ГОЭТАР- МЕД, Москва,2004,-560 с.
Георгиевский В.П., Комисаренко Н.Ф., Дмитрук СЕ./ Биологически активные вещества лекарственных растений .- 1996. -№3, с. 30-32.
Государственная фармакопея 11- изд.- М.: Медицина, Вып.1, 1987; Вып. 2, 1990
Достарыңызбен бөлісу: |