2.3 Қазақстан Ұлттыұ футбол құрама командасы
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы - Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Қазақстан құрамасы. Қазақстан Футбол Федерациясының бақылауында.
2016 жылғы 3 наурыз күні ФИФАның белгіленген рейтингі бойынша 125-ші орында. ФИФА рейтингінде тіркелген рекорды 2001 жылдыңжелтоқсаны - 98 орын.
Ең алғашқы ресми кездесуін Қазақстан құрамасы 1996 жылғы Азия Кубогының іріктеу турнирінде өткізді. 7-ші топта Сирия және Катар құрамаларымен бір топқа түсіп, алғашқы кездесуінде Катар құрамасын 1-0 есебімен жеңді. Бұл осы іріктеудегі құраманың соққан жалғыз добы болатын. Одан кейін олар қалған үш кездесудеде бірде-бір доп соға алмай, қақпасына барлығы алты доп жіберіп алып, жеңіліп қалды.
1998 жылғы ӘЧ-ның іріктеу кезеңінде Қазақстан Ирак және Пәкістан құрамаларымен 9-шы топқа түсті. Алғашқысын 2-1, 3-1 есебімен жеңсе, екіншісін 3-0, 7-0 есебімен жеңді. Екінші раундта Оңтүстік Корея, Жапония, БАӘ, Өзбекстанмен бірге В тобына түсіп соңғы орын алды. Біреуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, төртеуінде жеңіліп қалды.
2000 жылғы Азия Кубогының іріктеуінде Катар, Иордания, Палестина, Пәкістан құрамаларымен бір топқа түсіп екінші орын алды. Топ жеңімпазы Катардан 1 ұпай қалып қойды.
2002 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеуде Ирак, Непал және Макао құрамаларымен бір топқа түскен Қазақстан Ирак құрамасымен ұпайы тең түсіп, қосымша көрсеткіші бойынша қалып қойды.
2000 жылы ҚФФ Азиялық аймақтағы футболдың даму перспективасы төмен деген көзқараспен Евро аймаққа өтудің жолдарын іздеді.Қазақстанның географиясындағы Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары Еуропаға кіріп тұрғандықтан, 2002 жылы Қазақстан УЕФАға қабылданды. Сондықтан Қазақстан өту кезеңінде болғандықтан 2004 жылғы Азия Кубогы мен Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан жоқ.
2006 жылғы ӘЧ-на іріктеуде Қазақстан тұңғыш рет Евро аймақта өнер көрсетті. Украина, Түркия, Дания, Грекия, Албания және Грузия құрамаларымен бір топқа түсіп, 12 ойында 1 ғана ұпай жинап соңғы орын алды.
2008 жылғы Еуропа Чемпионатына іріктеуде Польша, Португалия, Армения, Әзірбайжан, Финляндия, Сербия және Бельгия құрамаларымен А тобына түсті. Бұл жерде Қазақстандықтар 8 құраманың ішінде 6-шы орын алды, 10 ұпай жинап, 2 ойында жеңіске жетті. Қазақстан УЕФА аймағындағы алғашқы ресми жеңісіне 2007 жылдың 24-ші наурыз күні Сербия құрамасымен болған ойында қол жеткізді (2-1).
Келесі ойыншылар құрама сапына 10 және 14 қазан өткен Нидерланд және Латвияға қарсы ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі ойындарына қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |