Қазақ инновациялық гуманитарлық заң-университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Нысанаға дейінгі қашықтықтарды анықтау әдістері.
Орындаған; Мухтаров Э.
Тобы- БӘД 327
Тексерген: Сәукенов Х
2020-2021 оқу жылы
Қарсыластың орналасу жері мен әрекетін дер кезінде анықтау мақсатында бақылау жүргізіледі. Бұдан басқа ұрыста командирдің сигналдары мен белгілерін және өзінің ату нәтижелерін бақылау қажет. Ұрыс алаңында байқалған нысаналарды дереу командирге баяндап, оның орналасқан жерін дұрыс көрсету керек. Нысана ауызша баяндалады немесе жарқырауық оқ тар арқылы көрсетіледі.
Нысананы дәл және нақты жою үшін, оған дейінгі арақашықтықты мүмкіндігінше тез анықтау керек. Әскери тәжірибеде нысанаға дейінгі арақашықтықты анықтаудың көптеген түрлері қолданылады.
а) Адамның көз мөлшері арқылы арақашықтықты анықтау қабілеті:
— есте жақсы қалған жер бедерлері арқылы;
— көріну дәрежесіне, заттың көлеміне қарай;
— қашықтықты адымдап өлшеу арқылы;
— атыс қаруының көздеу қондырғысы арқылы;
— дыбыс пен атылған жарылыс арқылы;
— қол саусақтарының көмегімен.
ә) Топографиялық карта арқылы.
б) Дальномер арқылы.
в) Әскери машинаның (автомобиль, мотоцикл және т. б. транспорт құралдары) спидометрі
арқылы.
г) Мыңдық формуласының көмегімен.
Нысанаға дейінгі арақашықтық көз мөлшерімен анықталады. Нысанаға және жергілікті заттарға дейінгі арақашықтық есте жақсы қалатын жер бөліктері, көріну дәрежесіне, нысана (заттың) көлеміне, сондай-ақ осы аталған екі тәсілді бірдей қолдану арқылы анықталады.
Жердің көріну дәрежесі мен заттың (нысананың) ауқымы сияқты көрінген өлшем бойынша арақашықтығын анықтағанда көз қапері арқылы есте жақсы қалған әйтеуір бір әдеттегі арақашықтық керек, мысалы 100, 200 немесе 300 метр. Көріну дәрежесі мен заттың көрінген көлемі бойынша арақашықтықты анықтағанда, нысананың көлемін белгілі бір қашықтықта сол нысананың есте қалған көлемімен салыстыру қажет.
Егер жергілікті заттардың көлемі белгілі болса (биіктігі, ені немесе ұзындығы), онда оған дейінгі арақашықтықты бұрыш шамасымен анықтауға болады. Бұл үшін көрінген заттың өлшемі белгілі болса, оны мыңға көбейту керек және нәтижесінде мыңмен есептелінген санға бөлу керек.
Бұл мына формуламен есептелінеді: В * 1000
Д = —————-
У
Д – анықталатын қашықтық.
В – заттың белгілі өлшемі (ұзындық, биіктік, ені)
У — өлшенген бұрыш шамасы (мыңдықпен)
1000(мыңдық) – 1 / 1000 радианға тең.
Заттың бұрыш шамасын мыңдықпен дала дүрбісі немесе басқа бақылау құралдары арқылы анықтауға болады. Дүрбінің көзге шалынатын жерінде екі өзара қиылысқан бұрыш өлшегіш шкаласы, бұрыш өлшегіш торсызығы болады. Шкаланың бір үлкен көлемінің өлшемі 10 мыңдыққа, ал кішісі 5 мыңдыққа сәйкес.
Мысалы: 50 метрге тең көршілес телеграф бағаналарының арақашықтығы дүрбінің көлденең бұрыш өлшегіш шкалаларының 4 үлкен бөлігімен жабылады( 0-40 немесе 40 мыңдық). Бағанаға дейінгі арақашықтық мына формула арқылы анықталады:
В * 1000 50 * 1000
Д = —————- = —————- = 1250 метр.
У 40
Бақылау құралдары болмаса, бұрыш көлемдерін қолда бар заттармен өлшеуге болады (сызғыш, қарындаш, шырпы қорабы, сондай-ақ қол саусақтары мен алақан арқылы). Бұл үшін мыңдықтағы оның (заттың) мәнін есте сақтау керек. Бұл заттардың бұрыш шамасы (көлемдері) көзден таса болғанда, алға созған қолмен есептегенде (50 сантиметр) мынаған тең болады:
Достарыңызбен бөлісу: |