Реферат тақырыбы : Ойлаудың философиялық түрі сын және күмәндау ретінде Орындаған: Қожахмет Әлия Тобы: тппж 19-11



бет2/6
Дата10.12.2022
өлшемі133,02 Kb.
#162190
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат та ырыбы Ойлауды философиялы т рі сын ж не к м ндау
фотодиод, 124
Сыни ойлау
Қоғам дамуының әрбір кезеңінде адамдардың ақыл ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым – қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдіруі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.
Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Дәстүрлі біліміміз оқушылардың дамуына көп мүмкіндік бермейді. Сондықтан білім беруде жаңашылдық қажет. Осы жаңашылдықты енгізу үшін мұғалім кәсіби білікті маман болу керек. Оқытудағы Кембридж тәсілінің білім беру жүйесі педагог қауымға осы оқыту бағдарламасын жан – жақты қарастыратын маңызды міндеттер мен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау үлкен мүмкіндіктер береді. Сыни ойлау жаңа идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған кезде пайда болады.
Дэвид Клустер, АҚШ профессоры, сыни ойлауды былай деп анықтайды:
- Сыни тұрғыдан ойлау бұл – өзіндік, жеке ойлау;
- Сыни тұрғыдан ойлауда ақпарат тұйықталушы емес аттандырушы пункт болып табылады;
- Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;
- Сыни тұрғыдан ойлау адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;
- Сыни тұрғыдан ойлау – әлеуметтік ойлау.
Онда маңызды сұрақ туады: осы жоғарыда көрсетілген теориялық көрсеткіштерді күнделікті өмірде қалай пайдалануға болады? Жауап жобаның философиясында жатыр деп ойлаймын. Ал мәселені шешу жолдары мен құралдары сыни тұрғыдан ойлау әдістерінде.
Қазіргі білім беру саласында болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер мұғалімдерге үлкен міндет артады. Мұғалімдерді толғандыратын негізгі мәселе: оқушыларды қалай біз өзгермелі өмірге дайындай аламыз. Ол үшін еркін, өзіндік ой-пікірі бар, сенімді, сыни пікір - көзқарастары дамыған тұлғаны қалыптастыру керекпіз. Ал оқушылар үшін басты мәселе – сыни тұрғыдан ойлауды үйрену, яғни оқушы жаңа ақпаратты қабылдап, оны саналы түрде зерттеп, сын елегінен өткізуі қажет. Оқушылар ақпаратты және идеяларды өз бетімен түсініп қабылдап қоймай, өзіне пайдалысын алу керек. Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету маңызды болғандықтан оны жүйелі түрде жаттықтырып отыру керек. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту – күрделі міндет, көбінесе дамыту мұғалімнің қойған сұрақтарына да байланысты болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. Оқушылардың жауап беретін сұрақтары бір немесе екі сөзбен шектелсе, ондай сұрақтар төмен дәрежелі сұрақтар болып табылады. Төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық», «жай», деп те атайды. Мысалы, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясында бұндай сұрақтар «жіңішке» деп беріледі. Жай сұрақтар нақты ақпараттарды қажет ететін сұрақтар болып табылады, көбінесе жаттап еске сақтауды талап етеді. Төмен дәрежелі сұрақтар ешқандай ойды топтастыра алмайды, толғаныс тудыра алмайды. Ондай сұрақтарға жауап беру үшін тақырыпты түсіну жеткілікті. Оқушылар жай сұрақтарға жауап бергенде нақты ақпараттарды қолданады, ал сол ақпараттарға қатысты негізгі идеяның, сол фактілердің шығу себептерін түсіндірмейді және түсінбеуі де мүмкін. Себебі берілген фактілерді жаттап алып-ақ, жауап бере алады. Оқушылардың ойлауын шектеп, жатқа айтуға бағытталған сұрақтар оқушылардың ойлауын дамытпайды. Сонымен қатар, жай сұрақтар оқушылардың әңгімелесуіне, яғни диалог құруына мүмкіндік бермейді, мәнерлі сөйлеуін шектейді, қысқа ғана жауап беруге баулиды, сол себептен шығармашылығы да дамымайды. Біздер, мұғалімдер, қашан да жай сұрақтарды қоюға әуесқоймыз. Ойыма менің мына оқығаным түсіп отыр. «Джон Дьюи сыныпқа –«Жерде шұңқыр қазсаңыз не табасыз?» деген сұрақ қойғанда, сыныптағы бірде-бір оқушы жауап бере алмады. Сұрақты қанша рет қойса да, бұл сұраққа жауап ала алмады. Сонда сол сыныпқа сабақ беретін мұғалім: «Сіз сұрақты дұрыс қойған жоқсыз», деп Дж. Дьюге реңіш білдірді. Сыныпқа қарап мұғалім: «Жердің кіндігі (ортаңғы нүктесі) қандай формада/ қалыпта?» деген сауал қойғанда, сынып жаппай «Біртекті құрылым (сплав)», деп жауап берді.» Көп жағдайда қазіргі таңда осындай мысалдар біздің мектептерде жиі көрініс алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет