Халықаралық жүйе Көптеген қоғамдық жүйелерде билік тігінен, яғни жоғарыдан төменге қарай (вертикаль) жүзеге асырылып, белгілі бір иерархияға бағынатын болса, халықаралық жүйе көлденеңінен таралып, құқықтық теорияда тең деп танылған әлемдегі 190 тәуелсіз мемлекетті түгел қамти-ды. Халықаралық құқық мемлекеттер арасында өмір сүреді. Ал заң адамдар үшін ардайым жоғары тұрады. Адамдарда екі таңдау ғана бар: олар заңға бағынады немесе бағынбайды. Ал халықаралық құқықта мемлекеттер құқықты шығаруға қатысып, бағыну не бағынбауын өзі шешеді. Бұл, өз алдына, халықаралық құқықтың қайнар көздері мен қабылданған құқықтық ережелердің орындалуына өз әсерін тигізеді.
Халықаралық құқық, бірінші кезекте, мемлекеттер арасында жасалған шарттар халықара-лық шарттардың арқасында қалыптасты. Бұл халықаралық шарттар міндет жүктейтін ережелерден және мемлекеттер тәжірибесінен түзіледі, сонымен қатар, халықаралық қауым-дастық таныған үлгілі және дәстүрлі ережелер жиынтығынан тұрады.
Бұл ережелер әртүрлі халықаралық қатынастардың сан алуан салаларын реттейді. Дау туындаған жағдайда шешу жолдарын қарастырады. Бір мемлекет міндетін орындауға селқос қараған жағдайда не болады?
Бұл жағдайларға халықаралық құқық көптеген әдістер мен тәсілдері бар. Олар туралы алдағы дәрістерде кеңінен талқылайтын боламыз. Дегенмен мемлекеттердің халықаралық құқықтық нормаларды бұзуының жалғыз себебі – ол мемлекеттердің өз мүддесін қорғауға талпынысы. Ал мемлекеттің басына қауіп-қатер төнген кезде, халықаралық құқық екінші орынға ысырылып қалады.
Халықаралық шарттар мүлтіксіз жұмыс істеуі үшін мемлекеттің келісімі қажет. Бұл жалпыға ортақ ереже болғанмен, қазіргі халықаралық құқықтағы келісім (консенсус) доктринасы да өзін-өзі ақтап келеді. Бұл доктрина бойынша көптеген мемлекеттер халықаралық құқық нормаларын қалыптастыруға және басқа мемлекеттердің сол нормаларды қабылдауына ықпал етеді. Мысалы, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері, халықаралық қауымдастық толыққанды мүшесі болу үшін өзі бұрын-соңды жазуға қатыспаған көптеген халықаралық шарттарды ратификациялады.