Реферат Тақырыбы:17 ғ аягы 18 ғ басында жеке халықаралық құқықтан ғалымдардың жазған еңбектері.
Жоспар 1. Халықаралық құқықтың табиғаты мен оның дамуы.
2. Халықаралық қауымдастықтағы құқық және саясат.
3. Халықаралық жүйенің қалыптасуы.
4. Халықаралық құқықтың негізгі даму тарихы.
5. Қазіргі халықаралық құқықтың негізін қалаушы ғалымдар мен тұлғалар.
Халықаралық құқықтың табиғаты және оның дамуы Құқық дегеніміз – қоғам мүшелерін өздері таныған құндылықтар және стандарттармен байланыстыратын элемент. Бір жағынан ол адамдарға құқықтары мен міндеттері аясында заңды қарым-қатынас қалыптастыруға ерік береді. Екінші жағынан, ол заңдық реттеулерді бұзғандарға ымырасыз болады.
Ал халықаралық құқыққа келетін болсақ, оның негізгі субъектілері ретінде жеке тұлға, азаматтар емес, мемлекеттер танылады. Бұл орайда, мына жайтты ескерген жөн. Малколм Шоу мемлекеттерді, жәй «States» деп қана қоймайды, «nation-states» деп атайды, яғни «ұлттық мемлекеттер» дегенді мағынаны білдіреді.
Халықаралық құқықтың өзін екіге бөліп қарастыруға болады.
Біріншісі – ол қазақстандық құқық ғылымында халықаралық жеке құқық деп аталатын заңдар қайшылығы.Ағылшын жүйесінде Заңдар қақтығысы – «Conflict of Laws» деп аталады. Бұл көбінесе, шетелдік құқықты қолдану және шетелдік соттардың рөлі мәселелерін көтереді. Мысалы, қазақстандық азамат Мәскеуде орналасқан тауар бойынша Ресейде контракт жасасып, оны елде сатқан болса, туындаған дауды қазақстандық сот Ресей құқығы бойынша қарайды.
Екіншісі – халықаралық жария құқық немесе халықаралық құқық (осы жерде халықаралық құқық деп сөйлеген кезде әрдайым халықаралық жария құқықты меңзейтінімізді көрсететін теңдікті қоюға болады). Бұл жай ғана құқықтық тәртіпке қосымша емес, ол – дербес құқықтық жүйе. Бұл кітап дәл осы құқықтық жүйе туралы болмақ. Халықаралық жария құқық мемлекеттер арасында орын алатын, соғыстан бастап ғарыш спутниктеріне дейінгі, саудадан бастап адам құқықтарына дейінгі барлық қарым-қатынастарды қамтиды және көптеген халықаралық және аймақтық институттардың жұмысын реттейді.