Реферат Тақырыбы: 17 ғ аягы 18 ғ басында жеке халықаралық құқықтан ғалымдардың жазған еңбектері


Халықаралық қауымдастықтағы құқық және саясат арақатынасы



бет2/5
Дата02.11.2022
өлшемі34,56 Kb.
#156150
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ (3) (55)

Халықаралық қауымдастықтағы құқық және саясат арақатынасы
Бір нәрсенің басын ашып алған жөн. Халықаралық құқық үйреншікті құқық моделіне сәй-кес келмейді. Егер құқық жүйесінде әрдайым атқарушы, заң шығарушы және сот билігі болатын болса, халықаралық құқықта мұндай органдарды анықтау мүмкін емес, яғни Заң шығарушы орган жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясына барлық мемлекеттерден жиналған делегаттар қатысады және оның шешімдері, кейбір ерекшеліктерді есепке алмағанда, міндетті болып саналмайды.
Халықаралық Сот Гаага қаласында орналасқаны мәлім. Бірақ ол сот дауды тек екі тарап келісім берген кезде ғана қарай алады. Бұдан бөлек, халықаралық құқықта атқарушы орган мүлдем жоқ екенін ескеруіміз керек. Иә, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі кейбір сәтті шешімдерді қабылдаған болатын. Дегенмен оны толықтай атқарушы билік деп атауға келмейді.
Халықаралық құқық қалайша «құқыққа» айналады? Бұл сұраққа жауап беру үшін жергі-лікті құқық пен халықаралық құқықты салыстыруды негізге алу керек. Бұл жөнінде алдағы дәрістерде жеке-жеке тоқталып өтеміз.
ХІХ ғасырдың ортасында ағылшын философы Джон Остин «санкция мен жазалауға арқа сүйеген сувереннің пәрмені» түсінігіне негізделген құқық теориясын ұсынған еді. Бұл кон-цепция құқықты тым қарапайым деңгейге түсіріп жіберді. Дегенмен «мәжбүрлеу» идеясы халықаралық құқыққа үңілу кезінде өте айрықша маңызға ие.
Мемлекет ішіндегі құқыққа тән санкциялардың біртұтас жүйесі халықаралық құқықта жоқ.
Бірақ күш қолдануды ақтайтын және оны заңды деп тануға мүмкіндік беретін жағдайлар ара-тұра ұшырасады. Мәселен, 1966 жылғы Родезияға қарсы экономикалық санкциялар немесе
1950 жылы Корей соғысында Қауіпсіздік кеңесі салған әскери санкциялар. Ал 1990 жылы Иракқа қарсы экономикалық та, әскери де санкциялар салынды.
Жалпы, күшпен мәжбүрлеу санкциялары сирек қолданылады. Себебі ондай әрекетті жасау үшін Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі қарсы болмауы керек (немесе келісімі қажет).
Дегенмен тарих бетінде әртүрлі оқиғалар орын алып жатады. 1946–1971 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасының орнына Қауіпсіздік кеңесінде Қытай Республикасы қатысқан болатын. Ол кезде Қытай Республикасын КСРО танымаған еді. Сол себепті КСРО Қауіпсіздік Кеңесіне қатыспай, сегіз айға бойкот жариялады. Дәл осы уақытта Кореяға қарсы күш қолдану резолюциялар қабылданды. Бұл резолюциялардың легитимділігіне қатысты көптеген пікірлер айтылған. Олар көбінесе сол территорияға қатысты белгілі бір саяси ұстанымды көрсетеді. Дегенмен сіздер білу керек бір нәрсе, ол – Қазақстанның ресми ұстанымы бойынша Тайвань (Қытай Республикасы) тәуелсіз мемлекет ретінде танылған жоқ.
Бұдан бөлек, мемлекеттердің өз-өзін қорғану үшін күш қолдана алады. Өз құқықтарын қорғау үшін күшке жүгіну процедурасы әлі жетілмеген заң жүйелеріне тән еді, бірақ қазірге жергілікті құқықтық тәртіпте мұндай процедуралар мен әдістер бекітілген биліктің қатаң құзырында.
Халықаралық құқық бойынша мемлекеттер агрессия орын алған жағдайда немесе басқа мемлекеттердің заңсыз әрекеттеріне жауап ретінде қорғану амалдарын қолдануы мүмкін.
Ондай кезде әр мемлекет қалай, қандай мөлшерде күш қолданатынын өзі шешеді және оны заңдылығына төрелік айтатын ешқандай жоғарғы орган жоқ. Бірақ халықаралық құқықта әскери жанжалдардың қатысушыларына қатысты тежеуші және гуманистік прициптерден құралған халықаралық гуманитарлық құқықтың ережелері бар.
«Күш элементтерін» барлық теориялардың алдына шығару халықаралық құқықтың құ-қықтық табиғатын анықтау аясында көптеген қиындықтарға алып келеді. Ең бастысы, мына нәрсені ұмытпау қажет, қазіргі халықаралық құқық саласындағы тренд – күш қолдануды барынша болдырмау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет