Тарихи дамуы Малколм Шоу халықаралық құқықтың тарихын бірнеше кезеңге бөліп қарастырады.
Біріншісі – Бастапқы пайда болу кезеңі. Біздің заманымызға дейінгі 2100 жыл бұрын тарихшыларға Месопотамия деген атпен белгілі жерде Лагаш және Умма қалаларының басқарушылары арасында маңызды шарт жасалған еді. Бұл шарт тасқа қашалып жазылған және екі қала арасындағы шегара орнатуды көздеген. Келесі маңызды халықаралық шарт мың жылдан кейін жасалды. Мысыр перғауыны Рамзес 2 және Хет патшасының арасында Солтүстік Дамаскіде бейбітшілік және достық қарым-қатынас орнату туралы шарт жасалды.
Сонымен қатар, оның ішінде бір-бірінің территориялық тұтастығын құрметтеу, агрессияны тоқтату және бірлесіп қорғану нормалары келтірілген.
Сол уақыттан бері көптеген Таяу Шығыстың талай бәсекелес елдері халықаралық шарт жасасты. Біреулері бір мемлекеттің екіншіге бағыныштылығын көрсетсе, екіншілері мықтырақ империяның әсеріне төтеп беру үшін саяси альянс құру мақсатында жасалған.
Мысалы, Греция қалаларының арасындағы шарттардың өзіндік ерекшеліктері болды. Халықаралық шарттар коммерция мен саяси байланыстарды дамытуға қолайлы жағдай туғызды.
Рим империясының әсері орасан зор болды. Шетелдік азаматтар арасындағы және ше-телдік азаматтар мен өз азаматтары арасындағы қатынастарды реттеу жеңілдетілді. Осы кезде jus gentium және jus civile атты ережелер қалыптасты.
Екінші кезең – Орта ғасырлар мен Ренессанс кезеңін қамтиды. Орта ғасырлардағы
халықаралық құқық ұйымдастырылған Шіркеудің билігімен сипатталады. Қасиетті Рим
Империясының басқарушылары және дінбасылардың арасында араздық жиі орын алған. Тылсым күштердің мойындауымен сипатталған канондық құқық пен Қасиетті Рим Импе-риясының билігінің маңызы зор болды. Сонымен қатар, сауданың жақсы жүруіне байланысты коммерциялық құқық дами бастады. Бүкіл Еуропа елдерінде коммерциялық дауларды шеше-тін соттар құрыла бастады. Теңіз құқығы дамып, өз дәстүрлі құқықтың сорабы қалыптасты. Оларды кейін Еуропа континентіндегі барлық елдер қабылдай бастады.
Уақыт өте келе адам мен мемлекет қарым-қатынастарын реттейтін жаңа концепция-лар қажет болды. Шіркеу билігінің әлсіреуі мен «еркін ойлаудың» таралауы, табиғи құқықтың қалыптасып, дамуына өз әсерін тигізді.