Қазіргі халықаралық құқықтық негізін қалаушылар Халықаралық құқыққа деген жаңа көзқарастардың түп негізінде Испанияның Алтын дәуіріндегі испандық философтар мен құқықтанушылардың үлесі зор. Жаңа көзқарастағы буынның басты өкілдерінің бірі, Саламанка Университетінің профессоры – Франциско Витория, (1480–1546). Оның еңбектерінде Испанияның Латын Америкадағы басқыншылық саясаты туралы баяндалады. Сол заманның озық ойларын қағазға түсірген Франциско жаулап алынған үнді халықтарын өзінің заңды жеке мүддесі бар ұлттар ретінде қарауды ұсынды.
Теология профессоры Суарез (1548–1617) «халықаралық құқықтың міндетті сипаты Табиғи құқыққа негізделген, ал табиғи құқықтың мәні бойынша келісілген шарттар орындалуы қажет» деген тұжырымға тоқтаған.
Солтүстік Италияда дүниеге келіп, кейін қудалаудан Англияға бас сауғалап, протестан-тизмды қабылдаған Альберто Джентили (1552–1608) өзінің «De Jure Belli» еңбегін 1598 жылы жариялады. Бұл туынды соғыс құқығын жан-жақты талқылаумен қатар, халықаралық шарт-тарға тұтас бір бөлімді арнаған.
1583 жылы дүниеге келген, халықаралық құқықтың атасы атанған Гуго Гроций, «табиғи құқықтың мызғымастығы сондай, оны тіпті құдай да өзгерте алмас еді» деген тұжырымды жасаған. Кейінгі кезеңдерде натурализм және позитивизм мектептері қалыптасты. Біріншілері, халықаралық құқықты толықтай табиғи құқық ретінде анықтағысы келсе, екіншілері халықаралық құқық пен табиғи құқықты екі бөлек жүйе ретінде қарастырды. Натурализмның көрнекті өкілдерінің бірі – Самуэль Пуфендорф дәстүрлі ережелердің жарамдығын мойын-дамай, заманауи халықаралық құқықтың бағытын қате түсіндіреді.
Позитивистік көзқарас Ренессанс кезеңінде қалыптасқан эмпирикалық амалдардан туын-дады. Позитивизм Вестфалия Бейбітшілігі орнағаннан кейін жаңа ұлттық мемлекет жүйесі қалыптасуымен бірге дамыды. Сол уақыттарда Бодин және Гоббс ұсынған егемендік (суверен) теориясы өз орнын ала бастады.
ХІХ ғасырдың басына дейін әртүрлі тарихи оқиғалармен байланысты тағы да көптеген еңбектер жазылған. Әрқайсысы халықаралық құқықтың дамуына өз үлесін қосты.Шын мәнінде, ХІХ ғасыр саяси және құқықтық сипаттағы айтулы оқиғаларға толы болды. Еуропа Халықаралық құқықтың орталығы болып қалыптасты. Демократия және ұлтшылдық қатар дамып, ортада араздық ошақтары пайда бола бастады. Өзін-өзі билеу құқығы көпұлтты империяларға қауіп төндірді. Индустриялды революция Еуропаны күшейтті. Соның арқасында халықаралық жеке және жария құқықтардың мықты институттары қалыптасты.
ХХ ғасырдың басында бүгінгі халықаралық құқықтың іргесі бекіді. Мысалы, Қазақстан қатысушы болған көптеген халықаралық шарттар соңғы 100 жылда қабылданған болатын. Екі дүниежүзілік соғыстың аяқталуы, Ұлттар Лигасы, кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы халықара-лық құқықтың белгілі деңгейде бүгінгі сипатын және даму бағытын айқындады. Социализм және капитализм әртүрлі құқықтық нормалардың жүйесін ұсынды. Дегенмен батыстық халықаралық құқық теориялары алдыңғы қатарға суырылып шықты. Ол туралы алдағы дәрістерде егжей-тегжейлі талқылайтын боламыз.
Әдебиеттер 1. Сарсембаев М.А., Сарсембаев К.М. Международное право. Общая и особенная части: Учебник. Алматы: Жеті Жарғы, 2009. Стр. 5-19.
2. Кулжабаева Ж.О., Международное публичное право. Общая и Особенная части. Алматы: Юридическая литература, 2006. Глава 1.
3. L.Henkin, International Law: Politics and Values, Dordrecht, 1995.
4. Nussbaum, A Concise History of the Law of Nations, revised edition, New York, 1954.