Реферат Тақырыбы: «7-9-сыныптардың геометрия курсының оқу материалдарына логикалық-дидактикалық талдаулар жасау.»



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата22.12.2021
өлшемі344,49 Kb.
#127667
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
2-топша МОА реферат
1488274886443, 2-топша МОА реферат (копия) (копия) (копия), 1 ТАҚЫРЫП.Саясаттану
 

 

 



 

Оқулық:

 Геометрия 



Сыныбы

: 8 сынып  



Авторы:

 Смирнов В. Тұяқов Е. 



Баспасы:

 «Мектеп» баспасы 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 

министрлігі ұсынған 

Геометрия  8–  сынып  оқулығы  4  тарау,  28 

параграфтан тұрады 

• Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу 

•  Тікбұрышты  үшбұрыштардың  қабырғалары 

мен бұрыштары арасындағы қатынастар 

• Аудан 


•  Жазықтықтағы  тікбұрышты  координаталар 

жүйесі 


 

Геометрия 8-сыныбына арналған оқулық Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министірлігінің  бекітуімен    «Мектеп»  баспасынан  2018  жылы 

шығарылған.    Оқулық  157  беттен  тұрады. 

Оқулықтың  мұқабасы    безендірілуінде  негізінен 

көк,  жасыл  түстер  қолданылған.  Кітап  оқушыға 

ыңғайлы  әрі  тиімді  етіп  жасалған.  Беттері  ақ  , 

оқушының  оқуына  ыңғайлы  болатын  шрифпен 

жазылған. 

Оқулықтың 

алғашқы 

мұқаба 


беттеріндегеометриялық кескіндер бейнеленген.  

 

Оқулықтың  алғашқы  бетінде  шартты 



белгілер берілген.  

Анықтамалар,қасиеттер,ережелер,жаңа  білімді 

меңгеру  барысында  шешілетін  мәселе,пысықтау 

сұрақтары,теориялық  материалды  өзінжік  оқып-

үйренуге  қажетті  тапсырмалар,теорема  немесе 

қасиеттің 

дәлелденуінің 

аяқталуы,,барлық 

оқушылар 

орындауы 

міндетті 

тапсырмалар, 

жоғарғы деңгейлі жаттығуларға шартты белгілер орнатылған. 

8  -  сынып  «Геометрия»  оқулығында  «Көпбұрыштар.  Төртбұрыштарды 

зерттеу» , 

«Тікбұрышты  үшбұрыштардың  қабырғалары  мен  бұрыштары  арасындағы 

қатынастар», «Аудан» 

«Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» 

тақырыптары  қарастырылған.  Оқулық  28  параграфтан  тұрады.  Әрбір 

параграфта  теориялық  материалды  қолдануға  және  деңгейлік  есептер 

қарастырылған.Теориялық 

материалды 

баяндау 

барысында 

өздігінен 

тұжырымдауға  әкелетін  кейбір  тапсырмалар  ,  оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс 

істеуіне мүмкіндік туғызатын өзіндік бақылау сұрақтары берілген. 



Оқулықтың  әрбір  параграфында  өткен  материалдарды  пысықтауға  арналған 

жаттығулар үш деңгейде ұсынылып отыр. Бірінші  деңгейдегі жаттығуларды (А) 

барлық  оқушылардың  орындауы  міндетті  деп  саналады.  Екінші  деңгейдегі 

жаттығуардың (В) күрделілігі орташа. Үшінші деігейдегі жаттығулар (С) жоғарғы 

деңгейдегі жаттығу болып тпбылады. 

Әр параграфтың соңында қайталауға арналған жаттығулар берілген. Мұндай 

жаттығуларды  орындау  барысында  оқушылар  келесі  параграфтың  материалын 

игеруге қажет материалды  еске түсіреді. Әр тараудың соңында тест тапсырмалары 

берілген.  .  Жаттығулардың  дұрыс  орындалғандығанын  тексеру  мақсатында 

оқулықтың соңында жауаптары берілген. 

Әр тармақтың соңында оқу материалын қайталауға  «Жаңа білімді меңгеру!» 

айдарымен тапсырмалар ұсынған. 

Оқулық  оқушылардың  өткен  жылға  білімдерін  еске  түсіру  мақсатында  7  -

сыныптағы Геометрия курсын қайталау курсынан басталған.   

Бірінші,  «Көпбұрыштар.  Төртбұрыштарды 

зерттеу» бөлімінде: 

1.Сынық сызық 

2.Көпбұрыш 

3.Дөңес 

көпбұрыштың 

бұрыштарынвң 

қосындысы 

4.Параллелограмм 

5.Параллелограмның белгілері 

6.Тіктөртбұрыш 

7.Ромб,квадрат 

8.Үшбұрыштың орта сызығы 

9.Трапеция 

10.Трапецияның орта сызығы 

11.Фалес теоремасы 

12.Үшбұрыштың тамаша нүктелері  

тақырыптары қарастырылған. 

Екінші,  «Тікбұрышты  үшбұрыштардың 

қабырғалары  мен  бұрыштары  арасындағы 

қатынастар» бөлімінде 

1.Сүйір бұрыштың Тригонометриялық функциялары 

2.Пифагор теоремасы 

3.Тригонометриялық тепе-теңдіктер 

4.Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу 

5.Тік және доғал бұрыштардың тригонметриялық функциялары 

6.Қашықтықтар мен бұрыштарды табуға арналған практикалық есептер  

Тақырыптары қарастырылған. 

Үшінші, «Аудан» бөлімінде: 

1.Аудан ұғымы. Тіктөртбұрыштың ауданы 

2.Параллелограмның ауданы 

3.Үшбұрыштың ауданы 

4.Трапецияның ауданы 



5.Көпбұрыштың ауданы 

6.Теңшамалы және теңқұрамды фигуралар  

Тақырыптары қарастырылған. 

 

Төртінші, «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» бөлімінде: 



1.Жазықтықтағы нүктенің координатлары 

2.Екі нүктенің арақашықтығы 

3.Түзудің теңдеуі 

4.Жазықтықтағы фигуралардың аналтикалық берілуі 

Тақырыптары қарастырылған.  

Бұл бірінші бөлімде оқушы: 

 

Сынық  сызықтың  анықтамасымен,  оның  белгіленуі,  буындары, 



төбелері,ұзындығы сынды сипаттарымен; 

 



Көпбұрыш,  оның  қабырғалары,төбелері,ішкі  нүктелері,диагоналі, 

сондай ақ дұрыс және жөңе көпбұрыш түрімен; 

 

Параллелограмм,оның  биіктігі,қабырғалары,қарама-қарсы  бұрыштары 



және диагоналімен; 

 



Тіктөртбұрыш және оның белгілерімен

 



Ромб және квадрат қасиеттерімен; 

 



Үшбұрыш және оның орта сызығы; 

 



Трапеция және оның орта сызығы, биіктігі,диагоналі, түрлерімен; 

 



Фалес теоремасы және пропорционал кесінділермен;  

 



Үшбұрыштың тамаша нүктелерімен 

Танысып, білімдерін толықтыра алады. 

Ал,екінші бөлімде: 

Сүйір  бұрыштың  тригонометриялық  функцияларымен,  тікбұрышты 

үшбұрыштың 

сүйір 


бұрышының 

қасиеттерімен, 

пифагор 

теоремасы,тригонометриялық  функциялардың  мәндері,тригонометриялық  тепе-

теңдіктер,сондай ақ тікбұрышты үшбұрыштың барлық қасиеттерін меңгеріп,доғал 

бұрыштармен таныса алады. 

         Ал, үшінші бөлімде: 

Аудан  ұғымымен  толық  танысып,  барлық  фигуралардың  аудандарын  қалай 

табу керектігін, атап айтқанда, төртбұрыш,үшбұрыш, трапеция, параллелограмм, 

дөңес төртбұрыш секілді фигуралардың аудандаырн табудың формулаларын толық 

меңгеріп,  білімдерін  толықтыра  алады.Сонымен  қатар,  теңқұрамды,  теңшамалы 

фигуралармен танысады. 

       Төртінші бөлімде

Коорлинаталық 

түзу,ондағы 

нүктеніңкоординатасы,тікбұрышты 

коордиеаталар  жүйесі,  координаталық  жазықтық,екі  нүктенің  арақашықтығы, 

түзудің теңдеуі,координаталар әдісі,жартыжазықтық,дөңес көпбұрыш деген негізгі 

ұғымдармен таныса отырып, геометрия жайлы кең мағлұмат ала алады. 

   Оқулықтың  бастапқы  бетінен  бастап,  математиканы  оқыту  барысында  

басшылыққа 

алынатын 

дидактикалық 

қағидаларды 

қамтитынын 

көре 


аламыз.Тапсырма  ішінде  қойылған  көрнекілік  суреттер,  фигуралар,  барлығы 


оқушыға түсінікті түрде бейнеленген. Әр параграфта тақырыпқа сай анықтамалар 

толық  беріліп,  талқылауға  сұрақтар  берілген.  Әр  тарау  аяқталған  сайын  өзіндік 

жұмыстар  беріліп  отырған.Барлығы  оқушының  сабақты  дұрыс  меңгеруіне 

көмектеседі. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет