Сабақтың тақырыбы: Қылмыс, оның белгілерімен түрлері Сабақтың мақсаты



Дата18.02.2017
өлшемі94,89 Kb.
#10303
түріСабақ


Кошакова Мавлуда Юльчиевна

Сайрам ауданы, Т.Рустемов атындағы г/м адам, қоғам, құқық пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қылмыс, оның белгілерімен түрлері



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға құқық бұзушылықты түсіндіре отырып, қылмыс, оның белгілері мен түрлерін таныстыру.

Дамытушылық: Заңдық жауапкершілікті игерте отырып оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының Конституциясының – 20 жылдығымен құттықтау, оқушыларға құқықтық тәрбие беру.



Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, кеспе сұрақтары, тірек-схемалар, қосымша деректер.

Сабақтың барысы:

Өткен сабақты сұрау.

Жаңа сабақ.

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.



Өткен сабақты сұрау

Оқушыларға тесттік жұмыс таратылып, үй тапсырмасы қорытындыланады.



Жаңа сабақ жоспары:

  • Қылмыс, оның белгілерімен, түрлерімен таныстыру;

  • Жастар арасындағы қылмыстың себебі мен сипаттарын ашу;

  • Қылмыс, оның белгілерімен, түрлерімен таныстыру;

  • Жастар арасындағы қылмыстың себебі мен сипаттарын ашу.

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, биылғы жыл мерекелер жылы. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам–талқысынан  өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi - өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. 2015 жылы - Қазақстан Республикасының Конституциясының – 20 жылдығы атап өтілуде. Барлықтарыңызды Еліміздің Ата Заңының 20 жылдығымен құттықтаймыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құқық бұзушылық жəне заңдық жауапкершілік. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес құқық бұзушылық жəне заңдық жауапкершілікпен танысамыз.







Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі:

Қылмыстық жауапкершілік 14жасқа толған азаматтарға артылады.Азамат 14жастан бастап қылмыстың:

-кісі өлтіру;

-денсаулығына зиян келтіру;

-әйел зорлау;

-тонау; ұрлау;

-бұзақылықтың ауыр түрін жасау;

-мемлекеттік немесе жекеменшік мүлікті жою;

-қаруды,әскери жабдықтарды ұстау;

-адам ұрлау;

-қорқыту;

-терроризм;

-аманаттыққа тұтқындау;

-вандализм;

-уландырғыш заттарды ұрлау,т.б. түрлері үшін жауапқа тартылады.

Қылмыс үшін жазалау:

Қылмыскер өзінің жасаған қылмысы үшін белгілі бір жаза тартады. Жазалар әртүрлі болады: кылмыскер бас еркінен айырылады, азап шегеді.Мұндай жазалар қолданылмаса, қылмыскердің жаза тартуының мәні болмас еді.



Жазаның түрлері:

  • айып салу (айыптың - мөлшерін сот белгілейді)

  • құқықтан айыру (істеп жүрген қызметі құқығынан, лауазымды орнынан алу)

  • қоғамдық жұмысқа тарту (сотталған адамды өзінің негізгі жұмысынан тыс қоғамдық пайдалы еңбекке тарту)

  • еңбекпен түзету жұмысы (сотталған адам сотта белгіленген мерзімде өзіннің жұмыс орнында еңбек етіп өтейді)

  • бас бостандығын шектеу (сотталушыны арнайы орында,қоғамнан оңашаламай ұстау)

  • тұтқындау (сотталушыны қоғамнан қатаң түрде оңашалау)

  • әскери тәртіп бөлімінде ұстау (әскери қылмыс жасағаны үшін қолданылады)

  • бас бостандығынан айыру (сотталушыны қоғамнан оңашалау,түзету колониясына,абақтыға орналастыру)

  • соттаалушының мүлкін тәркілеу (сотталушының мүлкін түкелдей немесе оның белгілі бір бөлігін толемсіз,мәжбірлеу жолымен мемлекет меншігіне алу).

Заң бұдан басқа да жаза түрлерін белгілейді.
Қылмыстың тұрпаттары:

-адамның жеке басына қарсы қылмыс;

-адамның және азаматтың конститутциялық құқығы мен бостандығына қарсы қылмыс;

-конституциялық құрылыстың негізі мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыс;

-экономикалық қызмет саласындағы қылмыс;

-меншікке қарсы қылмыс;

-халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс;

-әскери қылмыстар;



-қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар:

  • істеген қылмысын өзі мойындап келсе;

  • отбасы жағдайына байланысты қажеттіліктен болса;

  • жасаған қылмысын өзі жойса;

  • қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен қорқытуынан материалдық жағынан тәуелді етуінен жасалса;

  • қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді ұстау, бұйрықты орындау кезінде жасалса.

Қорытындылауға арналған тапсырмалар:

1-тапсырма:


Абдулла сабақтан қайтып келе жатқанда көшеден алтын сақина тауып алады. Ол алтын жүзікті ешкімге көрсетпей үйіне әкеліп қояды. Қылмыс объектісі бар ма?


2-тапсырма: Суретпен жұмыс: суретке қарап, сұрақтар қою.



Үйге тапсырма: Оқу. Жастар арасындағы қылмыстың алдын-алу үшін жасалынатын жұмыс барысы туралы материал жинақтап, танысу.
Каталог: materialy
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым Сабақтың мақсаты
materialy -> Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі
materialy -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
materialy -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық
materialy -> Сабақтың тақырыбы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
materialy -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
materialy -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет