Егеменді Қазақстан. 1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1-шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.
Бұл заңның қабылдануы жай нәрсе емес, мұның үлкен мәні бар. Себебі, Алматы – Іле Алатауының бөктерінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан еліміздің ең ірі қаласы, тұрғындарының саны – 2 млн, ол жоғарыда атап өткендей тарихи-мәдени мұраларға өте бай және олардың өз кезеңіне байланысты тарихи орны бар, еліміздегі ең әдемі сәулетті қала.
Алматы қаласының сәулетіндегі ұлттық ерекшеліктер нысандары, тарихи орындары және оның маңының тамаша табиғаты, ғылым мен техниканың жетістіктері бір-бірімен үндесіп тұр. Қала кейпі сол қалпында сақталып, қазіргі таңда онан әрі көркейе түскен. Алматыдағы әрбір ғимараттары, үй-жайлары өзіндік ерекшеліктерімен қала тұрғындарының және туристердің де көзін тартады. Қала орталығындағы Республика алаңының кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Спрот сарайы, Оқушылар сарайы, Ұлттық кітапхана, ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғимараттары, «Қазақстан», «Отырар», егемендік алғаннан кейін бой көтерген «Анкара», «Рахат-Палас» қонақ үйлері, «Медеу» спорт кешені, Көктөбе телемұнарасы мен қанат жолдары, Мемлекеттік орталық музей, Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі, т.б. сыңды көркем экскурсия орындары, қала тұрғындары мен қонақтарына арнап салынған көптеген мәдени, ғылыми ғимараттар бой көтеріп тұр.
90-жылдардағы тоқырау кезінде көптеген мекемелер жабылуға жақын болды, осындай жағдайға қарамастан кейінірек Алматы қаласында мәдени орындар ашыла бастады. Еліміздің астанасы кейін ірі қаласы болған Алматы мегаполисінде қазір 179 тарихи-мәдени ескерткіштер – оның 99-ы сәулет, 52-і монументелдық өнер туындылары, 18 теарт, 45 музей және сурет галереясы, көп ұлтты қаржы институттары, еншілес компаниялар, Қазақстандағы ірі банктердің бөлімшелер, шетелдік банк бөлімшелері, қаржы орталықтары, т.т. бар. Қалада музыканың түрлі салалары: джаз, рок, ретро бойынша көптеген фестивальдер, Халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық ойындар мен жарыстар өтіп тұрады.
1993 жылдан бастап Қазақстан Дүниежүзілік Туристік Ұйымның толық мүшесі болып табылады. Осы орайда тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев Астана және Алматы қалаларына көптеген үлесін қосып,туризм саласын дамытуға,қаланы көркейтуге зор атсалысты.Көптеген мемлекеттердің үкіметтері Қазақстанды бай туристік әлеуетке ие перспективалы әріптес деп санайды және туризм саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты және көпжақты келісімдердің саны жылдан жылға артып келеді.
Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.
Қорытындылай келе, Алматы қаласы мәдениеті, тарихы мол экономикалық және саяси қала болып табылатынын айта аламын. өзінің ыңғайлы географиялық орналасуының арқасында Алматыда сауда қарқынды дамып жатты.
Археологтар қазіргі Алматы мен оған іргелес аудандардың аумағынан тапқан ежелгі ескерткіштер, сондай-ақ тарихи құжаттар бұл аймақтың қолайлы табиғи-климаттық жағдайлары бар көшпелі және жартылай отырықшы тайпалармен бұрыннан қоныстанғанын көрсетеді.