Реферат тақырыбы: «Анализатор және сезім мүшелері»



бет4/6
Дата06.02.2022
өлшемі34,94 Kb.
#67845
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ФИЗ ДАМУ ДАНИЯР 1

II-тарау.Иіс сезу мүшесі.
Иіс сезу мүшелері – адамның және жануарлардың иіс қабылдайтын органы. Иіс сезу мүшелері иіс сезу шұңқыршасын жауып жатқан иіс сезу клеткаларынан тұрады. Омыртқасыз жануарларда иіс сезу мүшелері эктодермадан дамиды және олардың әр жерінде жеке не топтанған клетка түрінде болады. Кейбір буынаяқтыларда шоғырланған ұзын не қысқа талшықтары бар көп клеткалы өсінді түрінде болады. Мысалы, иіс сезімі жақсы дамыған бал арасының әрбір мұртша буынында 15 мыңдай сезім түйіні болса, иіс сезімінен гөрі көзі жақсы дамыған инелікте ол 10 – 12 ғана болады. Омыртқалы жануарлар мен адамдарда мұрын қуысының (иіс сезу шұңқыршасының) кеңейіп, тереңдеуіне байланысты Иіс сезу мүшелері одан әрі жетіле түседі. Бұлайша күрделену – иіс сезуі өте күшті дамыған жануарларда (макросоматиктерде) – жыртқыштарда, кемірушілерде, тұяқтыларда ең жоғары дәрежеге жетеді. Керісінше иіс сезуі нашар дамыған (микросоматик) жануарларда, мысалы, ескекаяқтылар, тіссіз киттер, т.б. иіс сезу мүшелері біршама жетілмеген (редукцияланған). Кейбір жануарлардың иіс сезу мүшелері болмайды (аносоматиктер). Оларға дельфиндер жатады. Адамдарда Иіс сезу мүшелері мұрын қуысының жоғарғы бөлімінде, яғни жоғарғы мұрын қалқаны мен мұрын қалқасының жоғасыр бөлігінде орналасқан. Заттардың иісі ауамен бірге мұрын қуысына еніп, иіс сезу мүшелерінің иіс сезетін, жүйке клеткаларынан түзілген рецепторларда қабылданады. Бұл клеткалардың орт. өсінділері бассүйектің тор сүйегі арқылы миға өтетін 15 – 20 иіс сезу жүйкелерін құрайды. Мидың ілгек деп аталатын бөлігінде иіс сезу мүшелерінің (анализаторының) орталығы орналасқан. Осы орталықта әр түрлі иістер саналы түрде қабылданады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет