« Оқушылардың физологиялық дамуы» РЕФЕРАТ Тақырыбы: «Анализатор және сезім мүшелері» Орындаған: 101 топ студенті Есенғазы Д.Б. Тексерген: Мәден С.С
Атырау 2018
Жоспар
Кіріспе.................................................................................................................
Негізгі бөлім І-тарау.Анализаторлар туралы түсінік..............................................................
1.1.Көру жүйесі.....................................................................................................
1.2.Есту тепе-теңдік мүшесі.................................................................................
ІІ-тарау.Иіс сезу мүшесі......................................................................................
2.1.Дәм сезу мүшесі..............................................................................................
2.1.Тері қабаттары мен құрылысы. .....................................................................
ІV ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................
Кіріспе Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: νάλυσις - жіктелу, талдау) шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.