Реферат Тақырыбы: Антик өнері. Орындаған: Берген Ділназ Мазмұны



бет3/4
Дата21.12.2021
өлшемі28,77 Kb.
#104458
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Антик өнері.

1.2. «Эгей» өркениеті.

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. III—II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениетіжатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ІІ-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аральшда жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болъптгымыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осын-дай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-түра кездесіп қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет