Реферат Тақырыбы: Антик өнері. Орындаған: Берген Ділназ Мазмұны


Критте патша өкіметінің ерекше түрі



бет4/4
Дата21.12.2021
өлшемі28,77 Kb.
#104458
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Антик өнері.

1.3. Критте патша өкіметінің ерекше түрі.

Бүл мәдениеттің ашылуы — археологияның ең ғажайып жетістіктерінің бірі бодды. Криттегі археологиялық қазбажүмыс-тары Оксфорд музейінің сақтаушысы Артур Джон Эванстың басшылығымен 1900 жылы басталды. Осы жүмысқа бүкіл өмірін арнаған атақты ғалым кейіннен Крит өркениетін ашудағы орасан зор ғылыми еңбегі үшін «Қүрметті сэр» атағын алды. Ең бастысы — Эванс өзінід «Минос» мәдениеті (Минос патшаның қүрметіне солай атаған) деп аталатын төрт томдық еңбегін жа-рыққа шығарды. Ол «Минос» мәдениетін үш кезеңге бөлді:

• І-ші кезең — ерте Минос кезеңі б.з.д. III мыңжылдық;

• ІІ-ші кезең — орта Минос кезеңі б.з.д. II мыңжылдықтың бірінші жартысы;

• ІІІ-ші кезең — кейінгі Минос кезеңі б.з.д. ІІ-мыңжылдықтың екінші жартысы. Археологиялық жазба жүмыстары барысында ғалым Кностан (аралдың орталық бөлігі) ең алғашқы Крит сарайларьшың бірін тауып, оны аты аңызға айналған Крит патшасы Миностың қүрметіне Минос сарайы деп атаған. Крит мәдениетінің мазмұны мен стиліне тоқталмас бүрын, бұл мәдениеттің өзіне тән ерекшеліктерін қысқаша атап өтелік. Көне замандағы басқа да мемлекеттердегі сияқты Критте де қүрылыс өнері кең етек алған. Бірақ, бүл жердегі өнердің негізінен сарайлық сипатта болғандығы аңғарылады, яғни күйреген ескі сарайлардың орнына олардан да зәулім, әрі айбынды сарайлар салынып отырды. Жоғарыда айтылған, Крит сәулет өнерінің ең атақты ескерткіші болып саналатын Кносс сарайы өзінің әсемдігімен, айналадағы пейзаж үйлесімділігімен ерекшеленед⯎. Сарайда салтанат залдары, ғибадатхана мен патшаның сәулетті үйлері, діни рәсімдерге арналған бөлмелер мен бассейндер, діни табыну салтына негізделіп театр ойывдарын өткізетін алаңдармен қатар сарайда жүмыс істейтін қолөнершілер мен суретшілердің шеберханалары ретретімен орналасқан. Сарай-дың заддарын арқалықты тасқа тіреген ағаш колонналар сүйеп түр. Сарайдың салтанат бөлмелерінің қабырғалары суреттермен безендірілген. Солардың ішіндегі сый әкеле жатқан жігіттер мен қыздардың үланғайыр шеруін бейнелейтін көріністің әсерлігін тілмен суреттеп жеткізуге болмайды. Табити қалпында салынған 500-ден астам адамның суреті екі қатар етіп орналастырылған. Ғалымдардың пікірінше бұл көріністе Крит пат-шалығына қарайтын аймақтар мен аралдардан келген салық төлеушілер бейнеленсе керек.

Суреттердің сюжеті де сан-алуан болып келеді. Оларда театр ойын-сауықтары, діни мерекелер, бақтардағы қыз-жігіттердің думанды ойындары және т.б. көріністер тамаша көрсетілген. Археологтар «Париж аруы» деп атанған сұлу келіншектің кескіні бүгшгі күнге дейін жап-жақсы сақталған. Сонау заманда өмірге келген бұл мәдени ескерткіштерге осындай атақтың берілуі тегіннен-тегін емес сияқты.

Крит кескндемесінің тағы бір таңдаулы туындыларьшьщ бірі — жігіттер мен қыздардың сүйікті сауығы — бүқамен ойынды көрсететін Кносс сарайындағы фреска. Қыздардың бірі әбден долданған бүқаны мүйізінен үстай алған сәтте жігіт бүқаның үстінен секіріп барады. Асқан жүректілік пен ептілікті қажет ететін бүл қауіпті «ойын», біздің ойымызша сол кездегі қалыптасқан діни салт-дәстүрлерге байланысты болуы керек, өйткені кез-келген адам бүл ойынға қатыса алмауы әбден мүмкін. Шындығында да, ғалымдардың гшсірінше, «бүқалармен ойнау» табигаттың қатал күшін бейнелейтін қүдай-бүқаға табынуға тікелей байланысты көрінеді.

Критте патша өкіметінің ерекше түрі — теократия қалыптасты, яғни биліктің барлық түрлері бір адамның қолына шоғырланды. Патша сарайы әрі әкімшілік, әрі діни, әрі шаруашылық орталығы болды. Крит патшалары өз сарайларында сән-салтанатпен емін-еркін өмір сүрді. Патшалар мен ақсүйектер егіншіліктен, саудадан және қарақшылық шабуылдан түскен барлық олжаларын бағалы заттарға айналдырып, алтыннан, піл сүйегінен жасалған асыл бұйымдарды жинаігберетін болған. Демек, мүндай ағыл-тегіл байлық — шат-шадыман өмірдің бір көрінісі болса керек.

Крит түрғындары теңізбен үнемі қарым-қатынаста болғандықтан ба, әйтеуір, Крит суретшілерінен теңізге, ондағы әдемі де, қүішя қозғалысқа, теңіз толқындарының қүбылмалы бояу-ларына деген сүйіспеншілікті айқын сезінеміз. Олай дейтініміз, теңіздер тереңі дүниесінен алынған әуендер — ыршып түскен балықтардың, дельфиндердің, аквариумдегі балықтардың суреттері өте табиғи, әрі тартымды болып келеді.

Крит дәуірі мәдениетінің ең гүлденген кезеңі б.з.б. XVI ғ. мен XV ғ-ң бірінші жартысы. Өкінішке орай, аралда болған жер сілкінісі ме, әлде жанартау атқылады ма, әйтеуір Крит патша-лығы б.з.б. XVr-ң аяғында күйреді. Кейбір зерттеушілер Крит сыртқы жаулардың, солардың ішінде ахейлік гректердің соғысынан күйреді деген пікір айтады.

Тарихтын атасы Геродоттын деректеріне сенетін болсақ, Крит патшасы Минос грек болмаған, алайда екінші атақты тарихшы Фукидид оны грек деп санайды. Криттіктердің тегі жөнінде де ғылымдар арасында алуан түрлі пікір бар. Қалай болғанда да криттіктердің гректермен қандас туыстықта болған-болмағанына қарамастан Крит кезеңі мәдениеті грек өркениетінің, демек еуропалық өркениеттің алтын бесігі болды деп толық сеніммен айта аламыз.

Микены өркениетінің гүлденген кезеңі б.з.д. XV-XIII ғасырлар. Ахейлік гректер жасағ뿞н мәдениет көп жағдайларда Криттік мәдениетке қанша үқсас болса да, оның тек қана өзіндік сипаты, өзіне тән қайталанбас ерекшеліктері болды. Крит арал болғандықтан, оларға сыртқы жаулардан теңіздің өзі пана болды да, қалаларға бекіністер салудың ешбір қажеттігі болмай қалды. Ал құрылықтағы Микеныда ахейліктер өздерінің сарайларын биік шоқылардың басына салып, сыртқы жаулардан қорғану үшін оларды қуатты дуалдармен қоршап тастады. Осы орайда Критте де, Микеныда да сарайлар басты мәдени орталықтар болғандығын атап өтуіміз қажет. Кейін гректер мүндай мекендерге «акрополъ», яғни «үстіңгі қала» деген ат қойды. Бір ғажа-бы Микены мен Тиринф маңының алып қорғандары біздің заманымызға дейін сақталған. Бүлар б.з.д. XIV-XIII ғ. салынған мәдени-тарихи ескерткіштер болып саналады. Микены акрополінің үзындығы 900 м.? дуалының қалыңдығы 6 метрден он метрге дейін жетеді. Тиринф дуалыньщ аумағы да орасан зор. Қалыңдығы 17,5 метр дуалдың ішінде өтпелі жолдар мен азық-түлік, қару-жарақ сақталатьш қоймалар сақталған. Бүл дуалдар салмағы 5-6 тонналық шомбал ауыр тастардан қаланьш жасалған. Гректердің ұлттық мақтанышьша айналған бүл дуалдар үлылылар тарапъшан да жоғары бағаға ие болды. Мысалы, Гомер Тиринфи «дуалды берік қорған» деп атаса, жазушы Павсаний (б.з.-ң II ғ.) Тиринф дуалдарын Египет пирамидаларьша теңеді.

Ал өнер саласына келетін болсақ, Микены өнері криттіктермен салыстырғанда анайылау, әрі солғындау болып келеді. Қалай болғанда да Крит өнеріндегі әсемділік пен бейнелеу шеберлігі байқала бермейді. Мүндай бағаны керамикалық ескерткіштерге байланысты қолдануға болатын сияқты, өйткені керамика өзінің сапалығы мен бояуларының беріктігі жағынан критіік керамикадан асып түскенімен, бір-бірінен айырғыссыз, стандартты түрде жасалған.

Микены сәулет өнері ескерткіштерінің ең әйгілілері — Ахей патшаларының мазарлары. Б.з.д. XVII-XVI ғ.-дың аяғында қайтыс болған билеп-төстеушілерді «оқпанды оба» деп аталатын жартастан тік бүрышты терең етіп қазылған қабірлерге жерлейтін болған. Ал, XVI ғ. аяғына қарай күмбезді мазарлар-толостар салына бастады, олардың аумағы сарайлар мен қорған дуалдардан қалыспайды. Осы мазарлардың ішіндегі шоқтығы биігі «Атрей қазынасы» деп аталатын ғимарат болып есетггеледі. Казына деген сөздің қосылуы гректердің бүл ғимаратта Атрей, Пе-лопс сияқты аты аңызға айналған патшалардың мол қазынасы сақталған деген сеніміне байланысты болған.

Б.з.д. XII ғ. аяғында Крит — Микены өркениетінен бейхабар Балқан түбегінің солтүстік аймақтарынан Грекияға дорийлар тайпалары лап қойды. Олар қауымдық-қүрылыс сатысында түрған ахейліктерге туыс тайпалар болатын. Көшіп келгендердің мәдени дәрежесі ахейліктерден қаншалықты төмен болғанына қарамастан, олар қола заттарына қарағанда әлдеқайда тиімді темірден жасалған қару-жарақтарды пайдалана білетін. Сондықтан да болар, Грекияға дорийлердің келуіне байланысты б.з.д. XII-X ғ-да темір ғасыры басталды және дәл осы кезеңнен бас-тап Крит-Микены өркениеті өзінің өмір сүруін тоқтатты. Алайда, олардың ғасырлар бойғы мәдени мүрасы еш уақытта да үмытылған емес.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Лейст О. История политических и правовых учений. Гл. 13.

  2. http://www.google.kz/

  3. Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. – Алматы: К-ИЦ ИФП КН МОН РК, 2011.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет