Реферат тақырыбы: «Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту»



Дата19.10.2022
өлшемі37,04 Kb.
#153885
түріРеферат
Байланысты:
реферат инклюзивті білім беру


Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: « Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту».
Орындаған: Холмуратова Зенфира Пмнок221дк тобы.
Тексерген: Зулкарнаева Жамиля Амангельдиновна.


Көкшетау, 2022 жыл
ЖОСПАРЫ:
1. ДАМУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР.
2. АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАҢДАРЫ.
4. ҚОРЫТЫНДЫ.
1. Адам болмысынын даму тарихында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның қатынасы тіршілік әрекетінде әр кезеңнін әлеуметтік деңгейіне сәйкес сөйлеу әдеттерінің формасымен сипатталды. Мұндай түсініктерді қазіргі таңдағы адамдардың пікірлері мен көзқарастарынан жиі ажыратуға болады. Демек, әрбір кезеңнің моделі бар. «Сырқат адам» моделіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлға сырқат адам болады. Бұл сырқат адамның емдеу үрдісін жүргізетін объект ретінде қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық көмек көрсетудің маңызы зор, бірақ мұндай балалардың білім алуындағы мүмкіндіктерінің шектеулігі оқыту мен әлеуметтендіруді оңайлықпен меңгерілмейді. Сондықтан да білім беру бағдарламалар медициналық ем көрсетумен бірдей қарастырылуы қажет. Қоғам мүмкіндігі шектеулі баланы – сырқат адам деп қабылдағандықтан, оларға тек медициналық көмек көрсетіп, білім беру жүйесін тысқары қалдырады. Қоғамның белсенді дамуымен бұл модель адамның мүмкіндіктерін шектейтін ауытқушылықтың себептері мен пайда болуын клиникалық ғылыми зерттеуге және қажетті алдын алу шаралары мен жеке ауруларды емдеуге ынталандырды. Дегенімен, қазіргі таңда өз маңыздылығын төмендетті.
«Қоғамға қауіп төңдіретін» модель дамуында ауытқушылығы бар тұлғалардың кейбір категорияларына (ақыл-ойы кем, естімейтін, психикалық ауытқушылығы бар) байланысты пайда болды. Әлеуметтік орта адамдардың пікірінше осы категориядағы балалар ауруды тасушы «бақытсыздықты тасушы» материалды және моральды шығын келтіреді деген. Аталған мәселеге байланысты қоғам өзін «қауіп-қатерден» сақтау үшін әлеуметтік ортадан алшақ орналасқан, кейде қатаң тәртіп негізінде жабық мекемелер мен интернаттар ашыла бастады. Мұндай жағдай да оқыту мүлдем болмады немесе жеткіліксіз деңгейде болды.
«Аяушылық білдіру» моделі адамның жеке тұлғасының дамуына, өз-өзіңе қызмет көрсетуге ынталануына кедергі келтіреді. Модель мүмкіндігі шектеулі адамның өмір бойы балалық жаста қалатын адамдарға (мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балаларға кеңінен таралған) тән. Бұл модельдің негізгі міндеті – бұл білім беру мен дамытуға көмекпен қамтамасыз етпей, керісінше, қоғамнан жекелеу арқылы қоршаған ортадағы «жамандықтан» мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау, тіршілік етудің қолайлы ортасын құру болып табылады.
«Дамыту» моделі мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы мен даму қабілеттілігінің деңгейін көрсетеді. Бұл модельге сәйкес қоғам мүмкіндігі шектеулі баланың толыққанды дамуына жауапты; қоғам мұндай балаларға педагогикалық түзету мен дамыту үшін тиімді жағдайлар жасауға міндетті. Бұл модельдің талаптарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның мүшелері сияқты барлық құқықтарға ие: өзінің тұрғылықты жерінде өмір сүруге, оқуға, жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, өз еркімен достарды таңдауға және достық қатынас пен барлығымен тең болуға құқылы. Мұндай модельді жүзеге асыру «қалыпты жағдайға ұмтылу» қағидасына сәйкес келуі мүмкін. Мүгедектік тек медициналық аспектімен шектелмейді, оған қоса барлығымен тең құқықтарға ие болмауымен әлеуметтік проблема болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың басты проблемасы - қоршаған ортамен байланысының болмауы, құрдастарымен қарым-қатынас жасауының жиілігімен, табиғатпен қарым-қатынасының шектеушілігі, мәдени құндылықтарының қолжетімді болмауы, кейбір уақытта білім алуға мүмкіндіктерінің болмауы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың жеткіліксіздігі оңашалауға және толыққанды дамымауына әкеп соғады. А.Р.Малер бұл қиындықтардың туындаудың себебі әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісі баланың талаптарына сәйкес келмеуімен және қарым-қатынас жасауға дайындығының болмауымен түсіндіріледі. Нәтижесінде қалыпты деңгейдегі әлеуметтік қатынастан тысқары қалады, сол себептен әлеуметтік көмек көрсетуді мұқтаж етеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеру, қоғамдық қатынастың жүйесіне енгізу қоғамнан қосымша шаралар, құралдар мен күштерді талап етеді: (олар арнайы бағдарламалар, оңалту бойынша арнайы орталықтар болуы мүмкін). Әлеуметтік жұмысты баланы әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағыттау қажет, егер де баланы қоғамға бейімдеуде кедергілер мен әлеуметтік маңызы бар байланыстар қалыптаспаса, онда мұндай жағдай да әлеуметтік оңалту – әлеумет пен баланың жоғалтқан байланысын қалпына келтіруге бағытталған арнайы шараларды ұйымдастыруға мміндетті.
2. Арнайы білім беру ұйымы – бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдайлар жасауды, техникалық құралдармен, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетулерді, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы бағдарламалары мен әдістерін, диагностикалау мен консультация беруді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;
Даму мүмкіндігі шектеулі бала – бұл Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болуына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және дене дамуында ауытқушылығы бар балалар.

Арнайы мектепке дейінгі ұйымдар- Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту стандартына, арнайы бағдарламаға сәйкес бір жастан бастап мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, дамытуды, қарауды, күту мен сауықтыруды қамтамасыз етеді. Арнайы бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – арнайы мектеп) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларының негізінде әзірлеген арнайы бағдарламаларын іске асырады. Үлгілік қағидалар мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы топтарға және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарға таратылады.


Арнайы ұйымдардың негізгі міндеті:
1) баланың денсаулығы мен өмірін сақтау;
2) баланың психикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып кешенді емдеу, түзету мен әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;
3) мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке кешенді түзете қолдау көрсету;
4) баланың психикалық және дене дамуын түзету;
5) әлеуметтік бейімдеу мен кіріктіруге ықпал ететін қызметтің компенсаторлық амалдарын қалыптастыру;
6) мектеп алды даярлықтың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
7) тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
8) балаларды тәрбиелеу, оқыту дамыту және денсаулықтарын сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Арнайы білім беру түрлеріне:


1) көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
2) есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
3) сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
5) зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
6) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
7) көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп;
8) есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп;
9) сөйлеу тілі бұзылған балаларға арнайы мектеп;
10) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы мектеп;
11) зерде бұзылыстары бар балаларға арнайы мектеп;
12) психикалық дамуы тежелген балаларға арнайы мектеп;
13) арнайы кешенді "мектеп – балабақша";
14) психологиялық-медициналық-педагогтік консультация;
15) оңалту орталығы;
16) психологиялық-педагогтік түзету кабинеті жатады.

Арнайы мектепке дейінгі және бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін арнайы ұйымдарда топтар мен сыныптардың толымдылығы балалардың санаты мен олардың жасына қарай "Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген "Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асады.


Топтар мен сыныптардың толымдылығы мыналарды қарастырады:
10-12 адамға дейін - сөйлеу тілі бұзылған, нашар еститін, тірек-қимыл аппаратында зақымдылығы бар балалар;
10-15 адамнан көп емес - нашар көретіндер;
12 адамнан көп емес - нашар көретіндер; жалпы сөйлеу тілінде күрделі кемістігі бар (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия) сөйлеу тілі зақымдалған және жалпы сөйлеу тілі жеңіл түрде зақымдалған, жеңіл түрдегі ақыл-ойы кенжелеген, психикалық дамуы тежелген балалар жатады;
10 адамнан көп емес - көрмейтіндер, жеңіл түрдегі сөйлеу қабілеті зақымдалған, жүре пайда болған есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілінің зақымдалуымен бірге (сөйлеу тілінің қалыпты деңгейде дамуымен қатар тұтықпасы бар балалар) негізгі есту қабілеті зақымдалған;
8 адамнан көп емес - естімейтіндер, есту қабілетінің зақымдалуымен қатар (естімейтіндер) үш жастан жоғары ақыл-ойы терең зақымдалған, жүре пайда болған есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілі терең зақымдалуымен қатар нашар еститіндер, жеңіл түрдегі ақыл-ойы кенжелеп қалғандығымен қатар негізгі есту қабілетінің зақымдалуы;
6-8 адамнан көп емес - үш жастан жоғары (жеңіл түрдегі ақыл-ой кенжелеген, ақыл-ойы терең кенжелеген) зерде бұзылыстары бар балалар;
10-12 адамнан көп емес - зерде бұзылыстары (жеңіл ақыл-ойы кенжелеген) бар, психикалық дамуы тежелген;
6 адамнан көп емес - еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған, аутизм, екі немесе одан да көп ауытқушылығы бар балалар.

3. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдірілуде. Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет-олардың әлеуметтік ақталуы мен биімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Қ.Р Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау»туралы заңы қабылдады.Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. 


Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы панустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Бұл индикаторлар 2011-2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою. Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен, парталармен, үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастрады. 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады. Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді.
Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Бала құқықтары туралы», »Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын және Ережелерді басшылыққа алады.
Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады. 2015 жылға дейінгі инклюзивтік білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға жету керек. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепке дені сау балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзіне бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата-анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауакершіліктері артады.
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілетілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясында кеңейтеді.

4. Қорыта келгенде, ең бастысы кемтар балаларға деген қоғамның көзқарасын, пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет және мүмкіндігі шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып, өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсіп, өзін әлеуметтік ортада жеке тұлға санап, олардың тағдырын ел болып реттейтін уақыт келді. «Бала тағдыры-ел тағдыры» деп қарап, ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап, тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік өмірге даярлап, еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді.


Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған ғой, осы өзгерістер арқылы – мүгедек балалардың ата-аналары балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз балдары ешкімнен кем еместігін, қоғам бұған бей-жай қарамайтынын түсінеді. Бала-адамның бауыр еті, бала десе еміренбейтін жүрек, сыздамайтын балтыр бар ма? Қай ата-ана өз баласының өзгелерден оқшауоқып, білім алғанын қалар дейсің...
Бар тәттісін аузына тосып, бар мүмкіндігін баласына сарп ететін ата-ана өз баласының денсаулығын, болашағын бәрінен жоғары қойып түн ұйқысын төрт бөліп, күйзелетіні, айналасына көрсетпей еріксіз көзіне жас атыл, бұлай неге болды деп сарқ ұратыны кімге болса да белгілі. Сондықтан даму мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан қалдырмай, олардың қоғамда бейімделуіне ат салыысу қай азаматтың болса да, қай елдің болмасын басты парызы.
Күтілетін нәтиже:
-психофизиолгиялық мүмкіндігі дамиды;
-оқудағы негізігі қиындықтары жойылады;
-Әлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез-құлық қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет