Қарын қимылының реттелуі:
Жиырылу түрлері:
А) Перистальтикалық жиырылу– 5-20 сек, бір фазалы, төменгі амплитудалы, минутына 3-4 рет қайталанатын жиырылу.
Ә) Ширықпа жиырылу– бойлама және қиғаш қабаттарының толқын тәрізді жиырылуы. 15-20сек, 2-4рет
Б) Систолалық жиырылу- қарын кіреберісінен басталып, 60сек дейін созылады, ол қарын қуысындағы қысымның жоғары кезінде туындайды да, жынның белгілі бір бөлігін ішекке өткізеді.
Зерттеу әдістері:баллонография, рентгенография, электромиография
Он екі елі ішектегі астың қорытылуы. Он екі елі ішекке түскен тағам ұйқы безі сөлі, өт сонымен қатар, он екі елі ішек бездерімен (бруннер – ішек бүрлері, ішектің кілегей асты қабығында, ал кілегейлі қабығында – либеркюн бездері орналасқан) бөлінген сөлдер әсеріне ұшырайды. Бруннерлі безбен бөлінген сөл – сілтілі реакциялы, түссіз сұйықтық. Сөлде көптеген кілегей және пепсинге ұқсас белоктық фермент бар. Ас қорыту процесі жүрмегенде, он екі елі ішек рН- қышқыл болғандықтан, ішекке түскенде бейтараптанады.
Достарыңызбен бөлісу: |