Ас қорыту мүшелерінің негізгі қызметі– қоректік заттарды т.м.қ. дейін ыдыратып, ішек қабырғалары арқылы қанға өткізу. Белок → амин қышқылы, көмірсу → глюкоза, май → жоғарғы май қышқылы + глицерин.
Химиялық өңдеу– АІЖ ферменттерінің көмегімен қоректік заттардың химиялық өзгерістерін шапшаңдатып СО2, H2O, NH3 –қа дейін ыдырауы.
Биологиялық өңдеу– қарында және бүйенде алуан түрлі микроорганизмдер ірі азықты тездетіп ыдыратуға көмектеседі.
Асқорыту мүшелерінің қызметі:Секрециялық қызметі- ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысымен байланысты.Қимылдау қызметі– қарын мен ішектің қабырғасындағы етті қабаттың жиырылу-босаңсу арқылы араласып, шайқалып, астың жылжуымен байланысты.Сіңіру қызметі- кілегейлі қабаттың құрылымдық ерекшеліктеріне және арнайы әрекетіне байланысты.Гормон түзу қызметі– ас қорыту жолының кілегейлі қабығындағы арнаулы эндокриндік жасушалар түрлі биологиялық белсенді полипептидтер бөледі.Экскрециялау қызметі– қажетсіз заттарды ағзадан бөліп шығару.